Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 62 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 ақпанда № 9-3-142 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 14.05.2020 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2011.30.11 № 544 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28- бабының 6-тармағына сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру мақсатында және сайлау өткізуге байланысты, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2011.30.11 № 544 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Барлық қандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін мынадай орындар белгіленсін:

      1) қалалық Мәдениет сарайы, Арқалық қаласы әкімдігінің "Арқалықтың азық-түлік компаниясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимараттарының жанында және "Наурыз" алаңында тақталар, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 10-орта мектептері, бастауыш гимназиясы ғимараттарының жанында стендтер;

      2) Ә. Боранбаев атындағы кинотеатр және "Айна" сауда үйі жанында тұғырлықтар;

      3) Қызыл-Жұлдыз ауылында: орта мектеп ғимаратының жанында стенд;

      4) Родина ауылында: Родина орта мектебі ғимаратының жанында және әкімдік ғимаратының жанында стендтер, автобустың соңғы аялдамасында тұғырлық;

      5) Қайыңды ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, орта мектеп ғимаратының жанында стенд;

      6) Алуа ауылында: мектеп ғимаратының жанында стенд;

      7) Аққошқар ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, орта мектеп ғимаратының жанында стенд;

      8) Көктау ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, орта мектептің жанында стенд;

      9) Ашутасты ауылында: Мәдениет үйі мен әкімдік жанында тақталар, орта мектеп ғимаратының жанында стенд;

      10) Аңғар ауылында: әкімдік ғимараты жанында тақта, орта мектеп ғимаратының жанында стенд;

      11) алынып тасталды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 05.10.2015 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі);

      12) Восточный ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, Мәдениет үйі және орта мектеп ғимаратының жанында стендтер;

      13) Үштөбе ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, орта мектеп ғимаратының жанында стенд;

      14) Фурманов ауылында: "Жастар" Мәдениет үйі ғимаратының жанында тақта, Мәдениет үйі ғимаратының жанында стенд;

      15) Матросов ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, мектеп ғимаратының жанында стенд;

      16) Целинный ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, мектеп ғимаратының жанында стенд;

      17) Молодежный ауылында: Мәдениет үйі ғимаратының жанында және орта мектеп ғимаратының жанында стендтер;

      18) Жалғызтал ауылында: орта мектеп ғимаратының жанында стенд;

      19) Жаңақала ауылында: әкімдік ғимаратының жанында тақта, ауылдық клуб ғимаратының жанында стенд;

      20) Екідің ауылында: Мәдениет үйі ғимаратының және орта мектеп ғимаратының жанында стендтер;

      21) Мирный ауылында: ауыл орталығында тақта, орта мектеп ғимаратының және әкімдік ғимаратының жанында стендтер.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2011.30.11 № 544; 05.10.2015 № 350 қаулыларымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Арқалық қаласының әкімі

Т. Төлеубаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Арқалық қалалық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ___________ Ш. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады