Әкімдіктің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 62 "Үгіт материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 544 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 желтоқсанда № 9-3-156 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 14.05.2020 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағын орындау үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру мақсатында және сайлау өткізуге байланысты, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арқалық қаласы әкімдігінің "Үгіт материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2011 жылғы 17 ақпандағы № 62 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-142 тіркелген, 2011 жылғы 23 ақпандағы № 7 (340) "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы "үгіт" деген сөзден кейін "баспа" деген сөзбен толықтырылсын;

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28- бабының 6-тармағына сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру мақсатында және сайлау өткізуге байланысты, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Барлық қандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін мынадай орындар белгіленсін:".

      2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Т. Төлеубаев

КЕЛІСІЛДІ:


Арқалық қалалық


аумақтық сайлау


комиссиясының төрағасы


______ Ш. Тасмағамбетов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады