Мәслихаттың 2011 жылғы 20 мамырдағы № 305 "Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2011 жылғы 17 тамыздағы № 318 шешімі. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 тамызда № 9-5-128 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" 2011 жылғы 20 мамырдағы № 305 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-5-123 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 17 маусымдағы "Таза бұлақ – Чистый родник" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға мың бес жүз есе айлық есептік көсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түріндегі 2011 жылға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.".
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс сессиясының төрайымы          Л. Шилохвостовова

      Алтынсарин аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Т. Кұлмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Алтынсарин ауданының кәсіпкерлік
      және ауыл шаруашылығы бөлімі"
      ММ бастығы
      __________ А. Кенжеғарин
      2011 жыл 17 тамыз

      "Алтынсарин ауданының Экономика
      және қаржы экономика бөлімі"
      ММ бастығы
      _______________ Е. Павлюк
      2011 жыл 17 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады