Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 145 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 сәуірде № 9-7-134 тіркелді

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгілінген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай – ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған, оқу орнындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа келмеген және шақыру бойынша әскери қызметке белгіленген мерзімін өтемеген азаматтардың әскери қызметке кезекті шақырылуы ұйымдастырылсын және жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
      2. Әскерге шақырылушылардың аудандық шақыру учаскесіне уақытында келуі ұйымдастырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі Істер Департаменті Әулиекөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету ұсынылсын:
      1) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді;
      2) әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.
      4. "Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша шараларды бюджетте көзделген қаражаттың шегінде қаржылындыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Қуанышбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы сәуірден бастап туындайтын іс-қимылға таратылады.

      Әулиекөл ауданының әкімі                   Б. Ғаязов

      Келiсiлдi:

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі Істер министрлігі
      Қостанай облысы Ішкі
      Істер Департаментінің
      Әулиекөл ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________ А.Ж. Жағыпаров
      2011 жылғы 25 наурызда

      "Қостанай облысы Әулиекөл
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесiнiң
      бастығы
      _________ М.Т. Түгелбаев
      2011 жылғы 25 наурызда

      Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Әулиекөл аудандық орталық
      ауруханасы" шаруашылықты жүргізу
      құқығындағы мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының бас
      дәрігері
      __________________ С.В. Шульгин
      2011 жылғы 25 наурызда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады