Қазақстан Республикасының азаматтарын Денисов ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 13 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 9-8-190 тіркелді. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 2044 хатымен

      Ескерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2012.04.05 № 2044 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының  33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін кезеңде тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын "Қостанай облысы Денисов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесініңшақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Селолар мен селолық округтердің әкімдері тіркеуге жататын азаматтарға хабарлауды ұйымдастырсын және олардың уақытылы келулерін қамтамасыз етсін.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Денисов ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
      4. "Қостанай облысы Денисов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Денисов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі нарядты оқу орындарына жеткізсін, бастапқы әскери даярлықтың оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары туралы анықтамалық материалмен қамтамасыз етсін, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру берсін. Әскери-оқу орындарына түсуіне әскери-кәсіптік бағыттау мақсатымен тіркеу жүргізу мерзімінде әр әскер жасына дейінгілермен жастармен жеке әңгімелесу жүргізсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімнің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
      6. осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі                    В. Ионенко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысының Ішкі
      істер департаменті
      Денисов ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы
      __________ Т. Ақанов

      "Қостанай облысы Денисов
      ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ В. Слободюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады