1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды Қостанай облысы Қамысты ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 4 шешімі. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 желтоқсанда № 9-11-130 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. "Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2012 жылдың қаңтар - наурызында тiркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
      2. "Қамысты орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп, тіркеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің Қамысты аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу кезеңінде тіркеуден жалтарған тұлғаларды іздестіру, шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде "Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) өзара іс-қимылды ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. Тіркеу жүргізу уақытында әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі іс- шаралар өткізілсін. "Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Қамысты аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге нарядтарды оқу орнындарына жеткізсін, бастапқы әскери даярлық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары бойынша анықтама материалдарымен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыстың басталуы туралы хабарламалар берсін. Тіркеу уақытында әскери-оқу орындарына түсуге әскери-кәсіби бағыттау мақсатымен әр әскер жасына дейінгілермен жеке әңгімелесу жүргізсін.
      5. Селолық округтер мен селолардың әкімдері тіркелуге жататын азаматтарға хабарлауды ұйымдастырып, олардың шақыру учаскесіне дер кезінде келулерін қамтамасыз етсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асқар Жақанұлы Жақсыбаевқа жүктелсiн.
      7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты
      ауданының әкімі                            Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы ішкі
      істер Министрлігі Қостанай
      облысының ішкі істер Департаменті
      Қамысты ауданының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ________________ Р.А. Өмірбаев

      "Қостанай облысы Камысты
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ М.Д. Абраев

      Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Қамысты аудандық орталық
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынының бас дәрігерінің
      міндетін атқарушы
      ________________ П.В. Жук

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады