Мәслихаттың 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 470 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 қазанда № 9-14-157 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2014 жылғы 14 қазандағы № 247 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 14.11.2014 № 247 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-14-135 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 22 қазандағы "Арна" газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерінде:
      4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажет құжаттарды беру күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушіні тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабардар етеді, не тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту жөнінде дәлелденген жауап береді, оның бір данасы өтініш берушіге беріледі.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының
      кезекті сессиясының төрағасы               А. Павловский

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________________ В. Панин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады