Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 161 қаулысы. Қостанай облысы Мендіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 мамырда № 9-15-151 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 365 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 09.12.2011 № 365 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3617 болып тіркелген), "Меңдіқара ауданының 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 389 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-15-140 болып тіркелген) сәйкес, "Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджеттен әлеуметтік төлемнің мынадай түрін көрсетілу қамтамасыз етілсін:
      2011 жылға үйден тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген сегіз есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.
      2. Әлеуметтік көмекті төлеу банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізіледі.
      3. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
      4. Белгіленсін:
      1) үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек өтініш жасаған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және тиісті оқу жылы бойы төленеді;
      2) мүгедек балалар үй-интернаттарда немесе санаторлық мектептерде тұрған кезінде әлеуметтік көмекті төлеу жүргізілмейді.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К. Киікбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға өз іс-әрекетін таратады.

      Меңдіқара ауданының
      әкімі                                      Б. Жақыпов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Меңдіқара ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ Г. Айсенова

      "Меңдiқара ауданының
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________________ С. Плотникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады