Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 53 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 ақпанда № 9-16-115 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 64 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 30.03.2021 № 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Науырзым аудандық сайлау комиссиясымен бірлесе Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкімі

Б. Кеңесбаев

КЕЛІСІЛДІ:


Науырзым аудандық сайлау


комиссиясының төрағасы


____________ Д. Кубеев



  Әкімдіктің
2011 жылғы 18 ақпандағы
№ 53 қаулысына қосымша

Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа
материалдарын орналастыру

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 01.04.2014 № 79 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 06.10.2017 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2020 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Елді-мекендер

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

2

3

1

Қарамеңді ауылдық округі

"Науырзым ауданы білім беру бөлімінің "Докучаев орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;
"Арман" мәдени-демалыс орталығы ғимаратының жанындағы тақта;
"Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.

2

Шолақсай ауылы

"Науырзым ауданы білім беру бөлімінің "Шолақсай орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;
"Науырзым ауданы Шолақсай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.

3

Қожа ауылы

"Науырзым ауданы білім беру бөлімінің "Науырзым орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;
ауылдық клуб ғимараты жанындағы тақта.

4

Шилі ауылы

"Науырзым ауданы білім беру бөлімінің "Шилі орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.

5

Дәмді ауылы

"Науырзым ауданы білім беру бөлімінің "Дәмді орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.

6

Мереке ауылы

Ауылдық клуб ғимараты жанындағы тақта.

7

Өлеңді ауылы

"Науырзым ауданы білім беру бөлімінің Өлеңді негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.

8

Раздольный ауылы

"Науырзым ауданы Раздольный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.

9

Буревестник ауылы

"Науырзым ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;
"Науырзым ауданы білім беру бөлімінің Буревестник орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады