Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 89 қаулысы. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 сәуірде № 9-17-114 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 159 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 24.04.2013 № 159 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес, "Сарыкөл ауданының 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Сарыкөл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 214 шешімінің негізінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-17-106 нөмірімен тіркелген, "Сарыкөл" газетінде 2011 жылы 27 қаңтарда жарияланған) Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмектің келесі түрлері анықталсын:
      1) біржолғы:
      аз қамтылған отбасылардың кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге он бес есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын медициналық түберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарынан шығарылған емделудің аяқталуына қарай қосымша тамақтануына табысына қарамастан он есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар отбасылардың қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге жиырма есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      барлық санаттағы мүгедектерге нақты шығындар бойынша жедел емделуге әлеуметтік көмек, бірақ елу есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен артық емес;
      Жеңіс күніне әлеуметтік көмек - Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне 5 000 теңге мөлшерінде;
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен табысы бар отбасыларға (азаматтарға) он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ай сайынғы әлеуметтік көмек.
      3) Білім ұйымдарында оқуды төлеу үшін бағытталған мемлекеттік бюджеттен басқа да төлемдер алатын, мемлекеттік білім гранттарына ие болған тұлғалардан басқа, табысы ең төменгі күнкөрістен кем отбасыларының жастарына, техникалық, кәсіптік, орта білім және жоғары білім алуына байланысты шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек. Көмек 2 үлеспен аударылатын оқу жылының ағымында оқудың бір жылдық құны мөлшерінде көрсетіледі.
      2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.
      3. Мұқтажды азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға келісе анықталсын.
      4. Анықталсын:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекті төлеу үшін комиссияның ұсынысын ескере отырып қабылданады;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болуына немесе оның аудан аумағының шегінен кетуіне байланысты тоқтатылады.
      5. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау туралы комиссия шешім шығарғаннан кейін күнтізбелік он бес күнінен кешіктірмей өтініш берушілердің есепшотына ақшалай соманы аударуды жүргізеді.
      6. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейлі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдары арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік есеп шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      7. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті уәкiлеттi органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жасалсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Сарыкөл ауданының әкімі                    Қ. Ғабдулин

      КЕЛIСIЛДI

      "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң
      жұмыспен қамту және әлеуметтiк
      бағдарламалар бөлiмi" ММ бастығы
      ______________ Ю. Кондриков

      "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң
      қаржы бөлiмi" ММ бастығы
      _______________ Т. Лысяк

      "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң
      экономика және бюджеттiк жоспарлау
      бөлiмi" ММ бастығы
      ______________ I. Насыров
 

Әкiмдiктің        
2011 жылғы 25 наурыздағы 
№ 89 қаулысына қосымша  

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар тiзбесi

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жалпы құжаттар болып табылады:
      әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның өтініші;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      өтініш берушінің тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      салық төлеушінің куәлігінің көшірмесі әлеуметтік жеке кодтың көшірмесі.
      банкілік есеп шоттың ашылғанын растайтын құжаттың көшірмесі.
      Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып келетін, өтініш беруші үшін – көрсетілген мәртебенің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
      2. Әлеуметтік көмектің жеке түрлерін тағайындау үшін ұсынылатын құжаттар;
      1) Жеңіс күніне және Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек:
      Ұлы Отан соғысының қатысушының немесе мүгедегінің куәлігінің көшірмесі, егеросы азамат "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрмаған жағдайда;
      2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан емделудің аяқталуы бойынша шығарылған түберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға қосымша тамақтануын;
      аурудың емделуде екенін растайтын тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      3) табысына қарамастан барлық топтағы мүгедектерге медициналық емделуге:
      емделу ақысын растайтын құжаттар;
      4) айына жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күн көріс деңгейінен төмен табыстары бар халықтың әлеуметтік-қорғалатын топтарына;
      Өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанның табыстары туралы мәліметтерді растайтын анықтама;
      5) аз қамтылған отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болғаны туралы анықтама, баланың тууы туралы актілік жазбадан үзінді;
      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанның кірісі туралы мәліметті растайтын анықтама;
      Егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, өтініш беруші туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
      Егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, өтініш беруші салттық қызметтен алынған жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын құжат көшірмесін ұсынады.
      6) отбасының жан басына шаққандағы орташа табытары бар қайтыс болған жұмысшыларды жерлеуге:
      қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болғаны туралы анықтама;
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан қайтыс болғанның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
      Егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, өтініш беруші туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
      Егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, өтініш беруші салттық қызметтен алынған жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын құжат көшірмесін ұсынады.
      7) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың жастарына, техникалық, кәсіптік, орта білім және жоғарғы білім алуына байланысты шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек:
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшерін және оқу орнын растайтын құжат;
      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
      оқу төлемін растайтын құжат, төлем жасалғаннан кейін беріледі.
      3. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады. Салыстырудан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері куәландырылады және іске қалыптастырылады. Түпнұсқалар өтiнiш берушiге онымен өтініш берген күні қайтарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады