Халықтың нысаналы топтарын және 2011 жылы олардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 64 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 наурызда № 9-19-151 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесi санаттағы халықтың нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
      13) ұзаққа созылған жұмыссыздар – (он екі және одан да көп айға созылған);
      14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      15) жұмыссыз сапасында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында тіркелген елу жастан асқан тұлғалар;
      2. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің бастығына:
      1) есепте тұрған халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды бос орындарына және бос жұмыс орындарына орналастыру құқығын, кәсіби дайындықты өтуін, біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылау жасауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары Э.Қ. Күзенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі                  Т. Ташмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады