Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2011 жылға әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы N 101/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 03 наурызда N 12-3-292 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 2013 жылғы 29 қаңтардағы N 24/1-23/88 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 29.01.2013 N 24/1-23/88 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 236/18 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 сәуірдегі (IV шақырылған кезекті XVI сессия) "Екібастұз қаласы бойынша оқитындарға қалаішілік жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүру үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы" 169/16 шешімі және Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XXVII сессия) "2011 - 2013 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 309/27 шешімі негізінде, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша комиссия құрамы (бұдан әрі – Комиссия) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Комиссия отырысы кемінде тоқсанына бір рет өткізілсін.
      2. Әлеуметтік көмекті алуға құқылы азаматтардың санаттары:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар, ресми мәртебесі бар Ұлы Отан соғысы жылдарында алты айдан аса жұмыс істеген адамдар;
      3) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);
      4) Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар;
      5) әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
      6) Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) екінші рет некелеспеген жесірлері;
      7) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
      8) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің екінші рет некелеспеген отбасы;
      9) Ауған соғысына қатысушылар және мүгедектер, сондай-ақ басқа да мемлекеттер аумағындағы әскери ұрыс қимылдарына қатысушылар;
      10) Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың салдарын жоюға қатысқандар;
      11) өткен жылы әлеуметтік көмек алмаған, жан басына шаққандағы табысы күн көріс шегінен төмен айрықша жағдайға (өрт, үйді тонау, ұзаққа созылған бір айдан аса сырқат, әрі басқа да) тап болған тұлғалар;
      12) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бөлім) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұрған жалғызілікті және жалғыз тұратын азаматтар;
      13) ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер;
      14) толық емес көлемде, бірақ ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын жасына байланысты зейнеткерлік төлемдерді алатын азаматтар;
      15) жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтар;
      16) жүкті әйелдер;
      17) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      18) Бөлімде есепте тұрған жұмыссыз азаматтар;
      19) қайтыс болған сәтінде Бөлімнің есебінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарды жерлеуді іске асырушы тұлғалар;
      20) бас бостандығынан айыру орнынан босатылған тұлғалар;
      21) жан басына шаққандағы табысы облыс бойынша бекітілген ең төмен күн көріс деңгейінің көлемінің мөлшерінен (сәйкес жылдың 2 тоқсаны) аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетімдер (мемлекеттік білім беру грантын алуға байқаудан өтпеген), сонымен қатар Павлодар облысы, Екібастұз қаласы әкімдерінің гранты бойынша оқуын жалғастырушылар;
      22) жоғары медициналық оқу орындарындағы соңғы курсында оқуын жалғастырушы студенттер;
      23) медицина және педагогика мамандықтарының жас мамандары;
      24) туберкулез ауруымен ауыратын тұлғалар;
      25) онкологиялық аурулармен зардап шегуші тұлғалар;
      26) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен тұлғалар;
      27) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      28) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек әйелдер;
      29) арбадағы мүгедектер;
      30) көру кемістігі бар мүгедектер;
      31) есту кемістігі бар мүгедектер.
      3. Әлеуметтік көмекті алу үшін осы қаулының 2-тармағында  көрсетілген әрбір санат бойынша Бөлімге келесі құжаттар берілуі қажет:
      1) 1) - тармақшада көрсетілген санат үшін - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін және азық-түлік жиынтығын сатып алуға (2011 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша), дәрі-дәрмек сатып алуға ай сайынғы төлем үшін – тегін, атын, әкесінің атын,туған жылын "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып тізімді;
      республикалық (облыстық) және қалалық газеттерге жазылу үшін біржолғы әлеуметтік көмек төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген өтініш;
      2) 1), 9), 10) - тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін - тоқсанына бір рет облыстық диагностикалық орталығына бару және тұратын жеріне кері қайту үшін жолақы шығындарын төлеуге – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінде немесе екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке куәлігінің, мәртебесін растайтын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысы ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасын, белгіленген пунктке және кері тұратын жеріне дейінгі автомобиль немесе теміржол көліктерінде пайдаланылған жол билеттерін;
      3) 2) – 10) – тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін– Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – 2011 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып тізімді;
      4) 6), 7), 9), 10) – тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін өтеуге ай сайынғы материалдық көмек үшін – тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып тізімді;
      5) 9), 10) – тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін - сауықтыруға арналған тоқсан сайынғы материалдық көмекті, сондай-ақ Отан қорғаушылар Күніне орай біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін  – тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып тізімді;
      Ауған соғысына қатысқандарға Ауғанстаннан әскерлерді шығару Күніне орай қосымша біржолғы материалдық көмек;
      Чернобыль атом электр станциясының апатты салдарын жоюға қатысқандар үшін Чернобыль АЭС апатының 25 жылдығына орай қосымша біржолғы материалдық көмек;
      6) 11) – тармақшада көрсетілген санат үшін – ай сайынғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген, өрт, үйді тонау, сырқаттану туралы тиісті органдардан (қалалық ішкі істер бөлімінен, өрт бөлімінен, медициналық мекемеден және тағы басқалардан) анықтаманы, отбасының барлық мүшелерінің табыстары туралы анықтама, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысы ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы;
      7) 12) – тармақшада көрсетілген санат үшін – тұрғын үй- коммуналдық қызметтерін өтеуге тоқсан сайынғы материалдық көмекті, біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, Бөлімнің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерімен ұсынылған "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінде немесе екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып тізімді;
      8) 13), 14), 15) – тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін– тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін өтеуге тоқсан сайынғы материалдық көмекті төлеу үшін – тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып тізімді;
      9) 16) – тармақшада көрсетілген санат үшін– ауылдық жерде және Екібастұз қаласының кенттерінде тұратын жүкті әйелдерге біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін; 12 аптаға дейін жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдерге - Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының Екібастұз қаласы бойынша денсаулық сақтау бөлімімен (келісім бойынша) ұсынылатын, тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, мекенжайын, салық төлеушінің тіркеу нөмірін "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсете отырып тізімді;
      10) 17) – тармақшада көрсетілген санат үшін – азық-түлік бағасының өсуіне байланысты тоқсан сайынғы материалдық көмекті төлеу үшін – "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен берілген, баланың және қорғаншысының тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсете отырып тізімді;
      11) 18) – тармақшада көрсетілген санат үшін – кәсіби оқудан өту кезінде ай сайынғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмелері, оқу кезеңін растайтын құжат;
      12) 19) – тармақшада көрсетілген санат үшін – жұмыссыздарды жерлеуге біржолғы материалдық көмекті төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмелері, қайтыс болғаны туралы анықтама, азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеу кітабы немесе Павлодар облысы ішкі істер департаменті ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы, қайтыс болған сәтінде есепте тұрғаны жөніндегі Бөлімнің анықтамасы;
      13) 20) – тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін – Екібастұз қаласының ішкі істер Бөлімімен ұсынылған (келісім бойынша) тегін, атын, әкесінің атын, мекенжайын, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсете отырып тізімді;
      14) 21) – тармақшада көрсетілген санат үшін – студенттерге Екібастұз қаласының колледждеріндегі, облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуларына ақы төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген студенттің өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысы ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы, білім беру қызметін көрсету үшін Екібастұз қаласының әкімімен, жоғары оқу орнымен және/немесе Екібастұз қаласы колледждері басшысымен және студентпен қол қойылған үш жақты келісімшарт;
      аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жоғары оқу орындарындағы, Екібастұз қаласының колледждері мен кәсіптік мектептеріндегі, сондай-ақ Екібастұз қаласының колледждеріндегі оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек алатын студенттерге қалаішілік жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүру құнын төлеуде әлеуметтік көмек үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген студенттің өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысы ішкі істер департаменті ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы, оқу орнынан анықтама;
      15) 22) – тармақшада көрсетілген санат үшін – жоғары медициналық оқу орындарының соңғы курстағы студенттеріне оқуларына төлеу үшін біржолғы әлеуметтік көмекті беру үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысы ішкі істер департаменті ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы, оқу орнынан анықтама, Екібастұз қаласы әкімімен, жоғары оқу орны басшысымен және студентпен қол қойылған үш жақты келісімшарт;
      16) 23) – тармақшада көрсетілген санаттар үшін (оқуына төлеу үшін әлеуметтік көмек алған тұлғаларды қоспағанда, тек қана жоғары оқу орындарының медициналық және педагогикалық мамандықтардың түлектері) – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке куәлігінің, ЖОО аяқтағаны  туралы дипломның, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, ЖОО түлегін Екібастұз өңіріне жіберу туралы бұйрықтың көшірмелері; Екібастұз қаласы әкімімен, жоғары оқу орнының басшысымен және студентпен қол қойылған үш жақты келісімшарт;
      17) 24) – тармақшада көрсетілген санаттар үшін – ауылдық жерлерде тұратын амбулаториялық емделуде жүргендердің міндетті медициналық тексеруден өтуіне байланысты шығындарын өтеу үшін материалдық көмекті; біржолғы материалдық көмекті; амбулаториялық емделудегі науқастарға тамақтануға ай сайынғы материалдық көмекті төлеу үшін – тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекенжайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген "Екібастұз туберкулез ауруханасы" мемлекеттік мекемесімен (А.Қ. Құсайынова) (келісім бойынша) ұсынылған тізімді;
      18) 25) – тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, ауруын растайтын анықтамасы, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, Павлодар облысы ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы;
      "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына және тұратын жеріне кері қайтуға жол жүру шығындарын төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген науқастың өтініші, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке куәлігінің көшірмесі және онколог-дәрігермен берілген емделуден, тексеруден немесе консультациядан өткендігі туралы анықтама немесе үзінді, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе Павлодар облысы ішкі істер департаменті ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы, тиісті орынға және тұратын жеріне қайта қайтуға автомобиль немесе теміржол көлігінде қолданылған жол жүру билеттер.
      Жыл ішінде қайта өтінген кезде - өтініш, онколог-дәрігермен берілген емделуден, тексеруден немесе консультациядан өткендігі туралы анықтама немесе үзінді, тиісті орынға және тұратын жеріне кері қайтуға автомобиль немесе теміржол көлігінде қолданылған жол жүру билеттері;
      19) 26) – тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекенжайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген ЖҚТБ-қа қарсы күрес және алдын алу бойынша облыстық орталығының Екібастұз бөлімшесімен (келісім бойынша)  берілген тізімді;
      20) 27) – тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін – ата-аналарының (қамқоршысының) біреуінен "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген материалдық көмек тағайындау туралы өтінішті, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, баланың мүгедектігін растайтын құжаттың, жеке куәлігінің көшірмелерін, баланың туу туралы куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелерін немесе Павлодар облысы ішкі істер департаменті ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасын;
      "Әлем" оңалту орталығында (мүмкіншіліктері шектеулі балаларды күту бойынша бөлімшеде үйге барып әлеуметтік қызмет көрсетуде тұрған,  тірек-қозғалу аппаратының бұзылуынан зардап шегетіндер мен облыстың оңалту орталықтарында оңалту курсынан өту үшін қарсы көрсетілімдері барлар ғана) оңалту курсынан өтуге материалдық көмек төлеу үшін – баланың және ата-ананың (қамқоршының) тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген, Бөлімнің мүмкіншіліктері шектеулі балаларды күту бойынша бөлімшесі ұсынған тізімді;
      21) 28) – тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке куәлігінің, мүгедектігі туралы анықтаманың, балалардың туу туралы куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысы ішкі істер департаменті ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының анықтамасы.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.05.13 N 355/4 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.11.25 N 1116/10 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының 2-тармағында көрсетілген санаттардағы азаматтарға мына түрлер бойынша әлеуметтік төлемді тағайындасын:
      1) 1) – тармақшада көрсетілген санат үшін – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай 9000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, 5000 теңге сомасына мерекелік азық-түлік жиынтығы (Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі 1 сәуірден 9 мамыр аралығында қайтыс болған жағдайда, мерекелік сыйлық-жиынтық отбасына тапсырылады), дәрі-дәрмек сатып алуға 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) бойынша ай сайынғы төлем;
      республикалық (облыстық) және қалалық газеттерге жазылу үшін  5100 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек
      2) 2) – 10) – тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне 2000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      3) 9), 10) – тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – сауықтыруға арналған 2 АЕК мөлшерінде  тоқсан сайынғы материалдық көмек; Отан қорғаушылар Күніне 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      Ауған соғысына қатысқандарға әскерлерді шығару Күніне 5 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      Чернобыль атом электр станциясының апатты салдарын жоюға қатысқандарға Чернобыль АЭС апатының 25 жылдығына орай 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      4) 1), 9), 10) – тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – өтініш бойынша тоқсанына бір рет облыстық диагностикалық орталыққа бару және тұратын жеріне кері қайту үшін жолақы шығындарын төлеу;
      5) 6), 7), 9), 10) – тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – 1,25 АЕК мөлшерінде ай сайынғы төлемдер;
      6) 11) – тармақшада көрсетілген санат үшін – Комиссияның шешімі бойынша 15 мәрте АЕК аспайтын мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
      7) 12) – тармақшада көрсетілген санат үшін – Қарттар күні мен мүгедектер Күніне 2000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, 2 АЕК мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      8) 13), 14), 15), 17) – тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – 2 АЕК  мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      9) 16) – тармақшада көрсетілген санат үшін – 7000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      10) 18) – тармақшада көрсетілген санат үшін – кәсіптік оқытудан өту кезінде 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      11) 19) – тармақшада көрсетілген санат үшін – 15 мәрте АЕК мөлшерінде жерлеуге біржолғы материалдық көмек;
      12) 20) – тармақшада көрсетілген санат үшін - 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      13) 21) – тармақшада көрсетілген санат үшін – жоғары оқу орындарында және Екібастұз қаласының колледждерде оқығаны үшін тиісті оқу орындарындағы оқудың нақты құнының мөлшеріндегі төлем;
      облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарындағы студенттер үшін – оқу кезеңінде тұруына, тамағына және тұрғылықты жеріне жолақысына 7000 теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік төлем;
      жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, колледждерінің және кәсіби мектептерінің оқушыларына, сондай-ақ Екібастұз қаласының колледждерінде оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек алатын студенттерге – Екібастұз қаласы бойынша ішкі қалалық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) толық жол жүру құнының 50 % мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      14) 22) – тармақшада көрсетілген санаттар үшін – Комиссия шешімі бойынша жоғары медициналық оқу орындарының соңғы курстағы студенттеріне оқуларына ақы төлеу үшін тиісті оқу орындарындағы оқудың нақты құнының мөлшеріндегі төлем;
      15) 23) – тармақшада көрсетілген санаттар үшін – медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне 500000 теңге мөлшерінде, педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектеріне 100000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      16) 24) – тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 7000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек; ауылдық жерде тұратын және амбулаториялық емделіп жүргендерге "Екібастұз туберкулез ауруханасы" мемлекеттік мекемесінде міндетті медициналық тексеруден өтуіне байланысты жолақысының нақты құнының мөлшеріндегі төлем; амбулаториялық емделуде жүрген науқастарға тамақтануына 9000 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
      17) 25) – тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек; "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына және тұрғылықты жеріне кері қайтуға жол жүру шығындарын жолақысының нақты мөлшерінде өтеу;
      18) 26) – тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      19) 27) – тармақшада көрсетілген санат үшін – Мүгедектер Күніне 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек; "Әлем" оңалту орталығында оңалту курсынан өту үшін 14750 теңге мөлшерінен аспайтын материалдық көмек;
      20) 28) – тармақшада көрсетілген санат үшін – 8000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      21) 29), 30), 31) – тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – көліктік тасымалдауды ұсыну түрінде қызмет көрсету; кресло-арбаларды, тифлотехникалық құралдарды жөндеу; тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдарды, кресло-арбаларды жеткізу бойынша қызмет көрсету.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.05.13 N 355/4 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.11.25 N 1116/10 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      5. Отбасының құрамы жиынтық кірісі анықталған кезеңге есептеледі.
      6. Өтініш беруші осы немесе басқа әлеуметтік көмектің түрлерін алуға арналған құқына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осы өзгеріске әкелетін жағдайлар жөнінде 15 күнтізбелік күннен аспай бөлімді хабардар етеді.
      7. Көзделген іс-шараларды өткізу тәртібі мен сапалы іске асырылуына, жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға қаражаттың түсуіне жауапкершілік "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
      9. Әлеуметтік төлемді қаржыландыру 2011 жылға арналған қалалық бюджет аясында жүзеге асырылады.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.

      Екібастұз қаласының әкімі                  А. Вербняк

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Павлодар облысы денсаулық сақтау
      басқармасының бастығы                      А. Күзеков
      09 ақпан 2011 жылғы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Екібастұз қаласы ішкі
      істер бөлімінің бастығы                    Д. Сиразидимов
      10 ақпан 2011 жылғы

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 11 ақпандағы 
N 101/1 қаулысымен   
бекітілді       

Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша
комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамына өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.11.25 N 1116/10 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Айгүл Қамзақызы Марданова

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Татьяна Алексеевна Тарасова

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары;

Махабат Садыбекқызы Ахмедиева

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Анатолий Антонович Медведев

- Екібастұз қалалық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);

Минора Манапқызы Әубәкірова

- Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының Екібастұз қаласы бойынша денсаулық сақтау бөлімінің бастығы (келісім бойынша);

Балғабай Құдайбергенұлы Шахметов

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Ирина Петровна Назарчук

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Жаңылсын Ералықызы Хамитова

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады