Екібастұз қаласы әкімінің шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 22 қарашадағы N 34 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 қарашада N 12-3-307 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 28 мамырдағы N 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 28.05.2013 N 10 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 8 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы бойынша сайлау учаскелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-285 болып тіркелген, 2011 жылғы 10 ақпанда N 6 "Отарқа" және N 6 "Экибастузское обозрение" газеттерінде жарияланған) N 4 шешіміне  келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      шешімнің 2-қосымшасында:
      N 491 Амангелді сайлау учаскесінде "Энергетиков" сөзінен кейінгі "46" сандары алынып тасталсын;
      N 499 Западный сайлау учаскесінде "Королев: 74" сөзі мен сандарынан кейін "76, 76/2" сандарымен толықтырылсын;
      N 501 Қонаев сайлау учаскесінде "Энергетиков" сөзінен кейінгі "40а" сандары мен әрпі "46" сандарымен ауыстырылсын;
      N 515 Трудовой сайлау учаскесінде:
      бірінші абзацта "130/20" сандарынан кейін "Мәшһүр Жүсіп 90а" сөздерімен, сандарымен және әрпімен толықтырылсын;
      екінші абзацта "Бұхар жырау" сөздерінен кейін "158 а" сандары мен әрпі алынып тасталсын, "Киевская" сөзінен кейінгі "31, 32, 33, 33а, 33б, 33в, 34, 35, 35а, 36, 37, 38, 39, 40" сандары мен әріптері алынып тасталсын;
      N 517 Баянауыл сайлау учаскесінде "Беркімбаев" сөзінен кейінгі "186" сандары алынып тасталсын;
      N 532 Сарықамыс сайлау учаскесінде "Сарықамыс ауылдық клубы, телефон 74-27-51" сөздері мен сандары "Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Сарықамыс жалпы орта білім беретін мектебі, телефон 74-27-53" сөздерімен және сандарымен ауыстырылсын;
      N 533 Степной сайлау учаскесінде "Марғұлан орта мектебі" мемлекеттік мекемесі" сөздері "Марғұлан ауылдық клубы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы "Екібастұз қаласының сайлау учаскелерін құру және Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 8 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы бойынша сайлау учаскелері туралы" N 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-305 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада N 46 "Отарқа" және N 46 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) N 27 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      шешімнің 1-қосымшасында:
      N 604 Қарағанды сайлау учаскесінде "Пішембаев 137/1" сөзі мен сандарынан кейін "143" сандарымен толықтырылсын;
      N 609 Түркістан сайлау учаскесінде бірінші абзац "Киевская 30, 31, 32, 33, 33а, 33б, 33в, 34, 35, 35а, 36, 37, 38, 39, 40" сөзімен, сандарымен және әріптерімен толықтырылсын, "Беркімбаев 168" сөзі мен сандарынан кейін "169, 169а, 169б, 169в" сандарымен және әріптерімен толықтырылсын, "Беркімбаев 170" сөзі мен сандарынан кейін "171" сандарымен толықтырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы А.А. Құрмановаға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  А. Вербняк

      КЕЛІСІЛДІ

      Екібастұз қалалық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы              Б. Амантаев
      2011 жылғы 21 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады