1995 жылы туған азаматтарды 2012 жылдың қаңтар - наурызында "Баянауыл ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 13 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 қаңтарда N 12-5-100 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі N 2-26-811 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімі аппарат басшысының 25.09.2013 N 2-26-811 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. 2012 жылдың қаңтар - наурыз айларында он жеті жасқа толған ер азаматтарды, сонымен қатар жасы асқан, бұрын есепке алынбағандарды "Баянауыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - шақырту учаскесі) тіркеуден өткізу жұмыстары жүргізілсін.
      2. Ауданның Майқайың кенті мен ауылдық округ әкімдері, бағыныштылығы мен меншік нысанына байланыссыз ұйымдар мен мекемелердің басшылары (келісім бойынша):
      1) есепке алынатын азаматтарды уақытылы хабарлаумен қатар шақырту учаскесіне мезгілінде жеткізуді қамтамасыз етсін;
      2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке алуға байланысты міндеттерді орындау үшін есепке алынатын азаматтарды қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатсын.
      3. "Баянауыл орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
      1) есепке тұратын азаматтарды медициналық анықтаудан өткізу үшін маман-дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді тағайындасын;
      2) есепке алынатын азаматтарды тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын.
      4. "Баянауыл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
      1) шақырту учаскесінде шақырту комиссиясының жұмысы кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
      2) әскери міндетті атқарудан бас тартушыларды іздеуді және ұстауды жүргізсін.
      5. "Баянауыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) аудан әкіміне есепке алуды өткізу нәтижелері туралы ақпарат ұсынсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. К. Тоғжігітоваға жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Әйткенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Баянауыл ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі
      бөлімінің бастығы                          Б. Орашев
      2011 жыл

      Баянауыл ауданы ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          А. Баженеев
      2011 жыл

      Баянауыл орталық аудандық
      ауруханасының бас дәрігері                 Қ. Армизов
      2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады