2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында Қазақстан Республикасының ер азаматтарын жедел әскери қызметке шақырылу өткізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы N 58 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 7 сәуірде N 13-5-124 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі N 02.09.01-05/374 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 08.04.2013 N 02.09.01-05/374 хаты)

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы 1920-баптарына сәйкес және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығы және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысы, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігері Қаныш Болатұлы Бижановқа (келісім бойынша) ұсынылсын:
      әскерге шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін қажетті құрамда тәжірибелі дәрігер мамандары және орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етсін;
      аудандың ауруханада әскерге шақырылушыларды стационарлық тексеруден өткізу үшін орын қарастырылсын;
      шақыру учаскесін қажетті аспаптармен, дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін.
      4. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Наталья Геннадьевна Дышкант Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырылуды өткізу үшін бюджетте қаралған қажетті қаражатты уақтылы бөлуді қамтамасыз етсін.
      5. Ауылдық және селолық округтердің әкімдері персоналдық әскерге шақыру қағазында көрсетілген мерзімінде әскери шақырылушыларды шақыру комиссиясына келуін және облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуін қамтамасыз етсін.
      6. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Думан Әшкенұлы Таев (келісім бойынша) азаматтарды тіркеу участігіне келуін бақылауды іске асырсын және қажетті тәртіпті қамтамасыз етсін, тіркеуден жалтарту әрекетін алдын алсын.
      7. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Тимур Қайнарбекұлы Бидайбеков (келісім бойынша):
      әскерге шақырудың қорытындысы туралы аудан әкіміне әскери шақыру аяқталған соң ақпарат берсін.
      8. Әскерге шақыру комиссиясы мүшелеріне дәрігерлік, техникалық қызметкерлерінің, сондай-ақ қызмет көрсету қызметкерлерінің осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, қызметі және жалақысы сақталады.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
      10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Тасмағанбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданның Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Т. Қ.Бидайбеков

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Ішкі істер департаменті
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      аудандық ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д. Ә.Таев

      Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Солтүстік
      Қазақстан облысы әкімдігінің
      «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
      Орталық аудандық ауруханасы»
      шаруашылық жүргізу құқығындағы
      коммуналдық мемлекеттік
      кәсіпорнының бас дәрігері                  Қ. Б. Бижанов

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 18 наурыздағы № 58
қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы ер азаматтарды Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру комиссиясы құрамы

Бидайбеков Тимур Қайнарбекұлы

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Симиков Василий Иванович

аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші маманы, комиссия төрағасының орынбасары

комиссия мүшелері:

Журавлев Юрий Григорьевич

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тәрбие және кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары (келісім бойынша)

Селезень Алексей Николаевич

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастыру-әдіскерлік бөлімінің меңгерушісі, дәрігерлік комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Бейкель Светлана Николаевна

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын емханасы дерматовенерологиялық бөлімшенің кабинет медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

2. Тіркеу комиссиясының мүшелері сырқаттанып немесе басқа да себептермен келмей қалған жағдайда келесі көмекшілер бекітілсін:

Рожнов Константин Геннадьевич

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Тайшабаева Алтыншаш Жұлдызбекқызы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

комиссия мүшелері:

Батаканов Марат Болатұлы

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары (келісім бойынша)

Бижанов Қаныш Болатұлы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік  Қазақстан облысы әкімдігі «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын бас дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы (келісім бойынша)

Сергеева Любовь Андреевна

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның медбикесі, комиссия  хатшысы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады