"Жекелеген қызмет түрлері бойынша біржолғы талондардың құны және белгіленген салық мөлшерлемелері туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 16/105 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 маусымдағы N 42/242 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 шілдеде N 13-6-172 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 5 шілдедегі N 18/99 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 05.07.2013 N 18/99 шешімімен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес, Есіл ауданы бойынша Салық басқармасымен өткізілген хронометрлік бақылаулар мен тексерулердің ортакүндік мәліметтері негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. «Жекелеген қызмет түрлері бойынша біржолғы талондардың құны және белгіленген салық мөлшерлемелері туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 16/105 шешіміне өзгерістер енгізілсін (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-6-114 тіркелген, «Есіл таңы» 2009 жылдың 1 мамырында № 18(151) және «Ишим» 2009 жылдың 15 мамырында № 20(8428) аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімге 1.1-қосымшадағы 3 жолдағы «56» сандары «187» сандарымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Г. Макаров

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Б. Шериязданов

      Келісілді: 2011 жылғы 20 маусым

      Есіл ауданы бойынша
      Салық басқармасының бастығы                Б. Зейнуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады