Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің үгіттік басылым материалдарын Мамлют ауданы бойынша орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімінің 2011 жылғы 15 ақпандағы N 59 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 ақпанда N 13-10-130 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 8 қазандағы N 336 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 08.10.2013 N 336 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңының14-бабына және 28-бабының 6-тармағына сәйкес, үгіттік басылым материалдарын бейберекет орналастыруды болдырмау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің үгіттік басылым материалдарын Мамлют ауданы бойынша орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.М. Бекшеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қалиев

      Келісілді
      Аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы              В. Целуйко

Мамлют ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 15 ақпандағы
№ 59 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің үгіттік басылым материалдарын Мамлют ауданы бойынша орналастыру орындарының тізімі


т/т

Елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен үгіт жүргізу орнының орналасқан жері

1.

Мамлютка қаласы

«Сказка» дүкені жанындағы щит, Гуденко көшесі 5 және № 2 орта мекептің жанындағы щит, Шоссейная көшесі 10

2.

Андреевка селосы

мәдениет Үйі жанындағы щит

3.

Белое селосы

«Гүлжан», «Петрович» дүкендерінің ғимараты жанындағы щит

4.

Воскресеновка селосы

мектеп ғимараты жанындағы щит

5.

Дубровное селосы

«Ишим Агро Норд» кеңсесінің ғимараты жанындағы щит

6.

Қызыләскер селосы

«Қызыләскер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орталық кеңсесі жанындағы щит

7.

Краснознаменное селосы

«Анжелика» дүкенінің ғимараты жанындағы щит

8.

Ледленево селосы

пошта ғимараты жанындағы щит

9.

Ленино селосы

мәдениет Үйінің ғимараты алдындағы щит

10.

Новомихайловка селосы

«Сағындықов» жеке кәсіпкердің дүкенінің ғимараты жанындағы щит

11.

Покровка селосы

«Татьяна» дүкенінің ғимараты жанындағы щит

12.

Афонькино селосы

«Азық-түлік» дүкенінің ғимараты жанындағы щит

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады