1995 жылы туған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді Тайынша ауданы аумағында ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2011 жылғы 17 қарашадағы N 34 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 13 желтоқсанда N 13-11-220 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 03 қаңтардағы N 02.10-07-02-02 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының 03.01.2013 N 02.10-07-02-02 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылырды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. «1995 жылы туған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді Тайынша ауданы аумағында Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың қаңтар-наурызы аралығында тіркеу жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Маковский

      Келісілді:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданы қорғаныс істер
      жөніндегі бөлімі» ММ бастығы               Е. Мұсақұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады