Кейбір көшелер мен өткелдердің атауларының транскрипциясын өзгерту туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 279 және Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 706 бірлескен шешімі мен қаулысы. Атырау облысының әділет Департаментінде 2011 жылғы 22 маусымда № 4-1-143 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабының 4 тармақшасына сәйкес қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Кейбір көшелер мен өткелдердің атауларының транскрипциясы төмендегідей өзгертілсін:
      1) Балхашская көшесі – "Балқаш";
      2) Зайсанский өткелі – "Зайсан";
      3) Казахстанская көшесі – "Қазақстан";
      4) Сырдарьинский өткелі – "Сырдария";
      5) Тайсойганская көшесі – "Тайсойған";
      6) Уильская көшесі – "Ойыл";
      7) Челкарская көшесі – "Шалқар";
      8) Искинская көшесі – "Ескене";
      9) Кульсаринская көшесі – "Құлсары";
      10) Сагизская көшесі – "Сағыз";
      11) Карабутакская көшесі – "Қарабұтақ";
      12) Ачисайский өткелі – "Ащысай";
      13) Баксайский өткелі – "Бақсай";
      14) Илекская көшесі – "Елек";
      15) Камыскольская көшесі – "Қамыскөл";
      16) Каратонская көшесі – "Қаратон";
      17) Косчагылская көшесі – "Қосшағыл";
      18) Кушумский өткелі – "Көшім";
      19) Тастакский өткелі – "Тастақ";
      20) Терен-Озекский өткелі – "Тереңөзек";
      21) Шубаркудукский өткелі – "Шұбарқұдық";
      22) Шаганская көшесі – "Шаған";
      23) Гурьевская көшесі – "Гурьев";
      24) Пионерская көшесі – "Пионер".
      25) Автомобилистов өткелі – "Автомобилист";
      26) Авиаторов өткелі – "Авиатор";
      27) Макатский көшесі – "Мақат";
      28) Одесская көшесі – "Одесса";
      29) Севастопольская көшесі – "Севастополь";
      30) Ленинградский өткелі – "Ленинград";
      31) Сорочинский өткелі – "Сороченко";
      32) Станционная көшесі – "Станция";
      33) Доссорская көшесі – "Доссор" көшесі.
      2. Атырау қаласына қарасты Балықшы ауылдық округіндегі кейбір көшелердің атауларының транскрипциясы төмендегідей өзгертілсін:
      1) Чимкентская көшесі – "Шымкент";
      2) Казалинская көшесі – "Қазалы";
      3) Еркинкалинская көшесі – "Еркінқала";
      4) Темиртауская көшесі – "Теміртау";
      5) Курсайская көшесі – "Құрсай";
      6) Алтайская көшесі – "Алтай";
      7) Памирская көшесі – "Памир";
      8) Карабауская көшесі – "Қарабау";
      9) Узенская көшесі – "Өзен".
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау қалалық әкімдігінің 04.12.2014 № 1707 қаулысымен және Атырау қалалық мәслихатының 05.12.2014 № 228 бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Қарабаеваға және қалалық мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.
      ХХІІІ сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы
Б. Қазиманов
      Қала әкімі М. Исмұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады