Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін Исатай ауданы бойынша үгіт баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 31 қаулысы. Атырау облысы Исатай аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 наурызда № 4-4-177 тіркелді. Күші жойылды - Исатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 20 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Исатай ауданы әкімдігінің 2012.02.07 № 20 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып, Исатай ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіт баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында көзделген талаптар мен тәртіпке сәйкес келісім-шарт негізінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар бөлінуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті ресми жариялануға жатады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.

      Исатай ауданының әкімі                  Б. Қарабаев

Аудан әкімдігінің  
2011 жылғы 1 наурыздағы № 31
қаулысына 1 қосымша 

Исатай ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер кандидаттар үшін үгіт баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі

Селолық округ атауы

Орналасқан жері

1

Аққыстау селолық округінде

Аққыстау селосы, Сары-Арқа көшесі мен Д. Абилхайров көшесінің қиылысындағы стенд.

Аққыстау селосы, Үбі батыр көшесінде орналасқан стенд.

Исатай аудандық "Почта байланыс торабы" ғимаратының алдындағы стенд.

Өркен елді мекені, Жалтыр көшесі мен Қазына көшесінің қиылысындағы стенд.

17 бекет орталық алаңда орналасқан стенд.

Аққыстау селосы, Жас-Алаш көшесі мен Ынтымақ көшесінің қиылысында орналасқан стенд.

2

Қамысқала селолық округінде

Х.Ерғалиев ауылы, Бақсай көшесі мен И. Шөкетаев көшесінің қиылысындағы стенд.

Х. Ерғалиев ауылы, Қамысқала көшесінің бойында орналасқан стенд.

3

Тұщықұдық селолық округі

Тұщықұдық селосы, Ғ.Рамазанов көшесінің бойында орналасқан стенд.

Тұщықұдық селосы, Ш. Шәріпов көшесінің бойында орналасқан стенд.

"Қызыл үй" елді мекені, орталық алаңда орналасқан стенд.

4

Жанбай селолық округі

Жанбай селосы, З.Құрасұлы көшесіндегі Жанбай шекаралық застава ғимаратының алдындағы стенд.

5

Нарын селолық округі

Нарын селосы Болат жол көшесінің бойында орналасқан стенд.

6

Забурын селолық округі

Зинеден селосы, Жастар көшесіндегі "Почта байланыс бөлімшесі" ғимараты алдындағы стенд.

7

Исатай селолық округі

Исатай селосы, И. Тайманов көшесінің бойында орналасқан стенд.

Аудан әкімдігінің  
2011 жылғы 1 наурыздағы № 31
қаулысына 1 қосымша 

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар бөлінуін қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік орган

Мемлекеттік орган атауы

Басшысы

Телефон, факс

Мекен-жайы


Аудандық қаржы бөлімі

Қадыржанова Райхан Ғалымқызы

8 (71231) 20338,20383

Аққыстау селосы, Е. Қазақстан көшесі, 12

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады