Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Қазығұрт, Сайрам және Төлеби аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 21 қыркүйектегі N 44/436-IV Шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 қарашадағы N 294 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 8 желтоқсанда N 2063 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Қазығұрт, Сайрам және Төлеби аудандары мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Мақтаарал ауданы бойынша:
      Ленин жолы мен Алғабас селолық округтерін біріктіріп, біріктірілген ауылдық округі – Бірлік ауылдық округі деп атауы берілсін;
      Қазығұрт ауданы бойынша:
      Қақпақ ауылдық округі аумағында жаңадан ауыл құрылсын және оған Заңғар ауылы деп атауы берілсін;
      Қақпақ ауылдық округі аумағында жаңадан ауыл құрылсын және оған Сырлысай ауылы деп атауы берілсін;
      Сайрам ауданы бойынша:
      Жаңаталап ауылдық округіне қарасты саяжайға ауыл мәртебесі берілсін және оған Тәуелсіздікке 20 жыл ауылы деп атауы берілсін;
      Төлеби ауданы бойынша:
      Қазығұрт ауылдық округіне қарасты Химик саяжайына ауыл мәртебесі берілсін және оған Айнатас ауылы деп атауы берілсін;
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       К.Жартыбаев
      Облыстық мәслихат хатшысы                  Ә.Досболов

      Облыс әкімінің бірінші орынбасары          Б.Оспанов
      Облыс әкімдігінің аппарат басшысы          Б.Жылқышиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Е.Айтаханов
      Облыс әкімінің орынбасары                  Б.Алиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Ә.Бектаев
      Облыс әкімінің орынбасары                  С.Қаныбеков
      Облыстық экономика және
      бюджеттік жоспарлау
      басқармасының бастығы                      Е.Садыр
      Облыстық қаржы
      басқармасының бастығы                      Р.Исаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады