2012 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы N 1571 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 қаңтарда N 14-1-151 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімі аппаратының 2013 жылғы 1 ақпандағы № 6/12-494 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің аппаратының 01.02.2013 № 6/12-494 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5,  7 баптарына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      2. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесіне Шымкент қаласының аумағында тұратын келесі тұлғалар кіреді:
      1) ұзақ (он екі айдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
      2) елу жастан асқан тұлғалар;
      3) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
      4) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
      5) кәсіби және техникалық, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері;
      6) жұмыссыз әйелдер;
      7) өз бетінше жұмыспен айналысушылар.
      3. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралар көздесін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.М. Нарымбетовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 А.Жетпісбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады