Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы N 50 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 наурызда N 14-2-105 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы N 13 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы   әкімдігінің 2012.01.16 N 13 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5 және 5-6 тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарда бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау, оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арыс қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарда бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Қ.Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады