Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерге 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы N 46/3-04 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 қазанда N 14-14-160 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 2 ақпандағы № 25 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2012.02.02 № 25 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы» Қаулысының 2-тармағына және аудан әкiмiнiң 2011 жылғы 14 қазандағы № 457 хатына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТI:
      1. Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерге 2011 жылға жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, бiр маманға жетпiс есептiк айлық көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау-бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.
 
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     А.Нұранов
 
      Аудандық мәслихат хатшысы                  С.Қалдыкөзов       
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады