Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, облыстың кенттері мен ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы N 302 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы N 35/412-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 қаңтарда N 2566 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі N 88 қаулысымен, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 сәуірдегі N 27/336-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.04.2015 N 88 қаулысымен, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 17.04.2015 N 27/336-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Жер учаскелерiне төлемақының базалық ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысының 3-1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, облыстың кенттері мен ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары осы шешімге және қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Сессия төрағасы,
      облыстық мәслихаттың хатшысы В. Ахаев
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев

  Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2011 жылғы 27 желтоқсан
№ 35/412-IV шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 26 желтоқсан
№ 302 қаулысына
қосымша

Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, облыстың кенттері мен ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары

Р/с №

Облыстың

елді мекендері

Облыс орталығының ставкасынан алынған пайыз

1 шаршы метр үшін төлем-ақының ставкасы (теңге)

1

2

3

4

1

Облыс орталығы

100

1304

2

Облыстық маңызы бар қалалар

85

1108,4

3

Аудандық маңызы бар қалалар

75

978

4

Мына аймақтарда орналасқан кенттер және ауылдық елді мекендер:
кенттер
ауылдық елді мекендер
кенттер
ауылдық елді мекендер
далалық орманды, далалық және құрғақ далалық

25

15

326

195,6

шөлейт және жартылай шөлейт

18

10

234,72

130,4

тау бөктеріндегі-шөлейт -далалық, субтропикалық шөлейт және тау бөктеріндегі–шөлейт

30

18

391,2

234,72

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады