Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы N 897 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2011 жылғы 29 желтоқсанда N 5-3-113 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 2012 жылғы 04 мамырдағы N 1694/02-31 хатымен

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 2012.05.04 N 1694/02-31 хатымен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағы негізінде, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты, Курчатов қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Курчатов қаласының әкімі                         А. ГЕНРИХ
      
      КЕЛІСІЛДІ:
      
      Курчатов қалалық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасының орынбасары           Ғ. ХҰСАЙЫНОВА

      Курчатов қаласы әкімдігінің
      2011 жылғы 14 желтоқсандағы
      № 897 қаулысына қосымша

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты, Курчатов қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу

Орналасқан орны

Мекен-жайы

1.

«Қалалық мәдениет үйі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратындағы алаңша

Тәуелсіздік көшесі, 2

2.

Казахтелеком ғимаратындағы алаңша

Абай көшесі, 13

3.

Жиһаз дүкені ғимаратындағы алаңша

Олимпийская көшесі, 20а

4.

Қалалық автовокзал аумағындағы алаңша

Абай көшесі, 40

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады