"Отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқауды бекіту туралы" 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 20/7-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 маусымдағы N 30/7-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 01 тамызда N 5-9-153 тіркелді. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы N 6/5-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.06.27 N 6/5-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын жеке санаттардағы мамандарға әлеуметтік көмектерді жақсарту мақсатында «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 5 тармағын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабын басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқауды бекіту туралы» 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 20/7-ІV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-121 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 5 «Ақ бұлақ» және 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 5 «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      осы шешіммен бекітілген отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқауда:
      2 тармақтың екінші абзацы келесі мазмұнда жазылсын:
      «Әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорттың мемлекеттік ұйымдарының мамандарына біржолғы әлеуметтік көмек жыл сайын 7200 (жеті мың екі жүз) теңге ақшалай төлем түрінде көрсетіледі.»;
      3 тармақ келесі мазмұнда жазылсын:
      «Негізсіз төленген әлеуметтік көмектің сомасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қайтарылады.».
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            В. Сергиенко
 

      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Брагинец

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады