2012 жылы жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы N 20 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 11 қаңтарда N 5-10-125 тіркелді. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды -Жарма ауданы әкімінің 2012.04.20 N 8 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылғы қаңтар-наурызда 2012 жылы жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды есепке тіркеуді өткізу «Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі Достық көшесі № 90 мекен-жайы бойынша шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын.
      2. «Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне есепке тіркеуді уақытылы және сапалы өткізу мақсатында шақыру учаскесін дайындау және заңнамамен белгіленген шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. «Жарма ауданының № 1 медициналық бірлестігі» қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлерінің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Жарма ауданының әкімі                      Т. Қасымжанов

      Келісілді:

      «Жарма ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлім»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ғ. Дайрабаев

                                                 30.12.2011 ж.

      «Жарма ауданының № 1
      медициналық бірлестігі»
      қазыналық мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорынының директоры        Т. Брынзова

                                                 30.12.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады