Коробиха ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Коробиха ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 31 қаңтарда N 5-13-105 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Коробиха ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
      1. Коробиха ауылындағы Советская көшесі – «Солнечная» көшесіне өзгертілсін.
      2. Барлық ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – «Қабанбай атындағы» атауы;
      № 2 көшеге – «Абай атындағы» атауы;
      № 3 көшеге – «Абылайхан атындағы» атауы.
      3. Үшбұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – «Абай атындағы» атауы;
      № 2 көшеге – «Үш-Бұлақ» атауы;
      № 3 көшеге – «Оралхан Бөкей атындағы» атауы.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Е. Качесоваға жүктелсiн.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Ауылдық округ әкiмi                        Д. Тоқпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады