Округтік сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің 2011 жылғы 22 қарашадағы N 54 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 30 қарашада N 5-14-142 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімінің 2013 жылғы 01 шілдегі N 66 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімінің 01.07.2013 N 66 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Күршім ауданы бойынша округтік сайлау учаскелері құрылсын және олардың шекаралары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Т. Бахтияровқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Күршім ауданы әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы                  М. Қалелов

      Келісілді:

      Күршім аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы              А. Рахман
      22.11.2011 ж.

Күршім ауданы әкімінің
2011 жылғы 22 қарашадағы
№ 54 шешіміне қосымша

Күршім ауданы бойынша құрылған округтік сайлау учаскелері
және олардың шекаралары № 1 Шығыс сайлау округі

      Орталығы: Күршім ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 101 үй, Ю.А. Гагарин атындағы № 1 Күршім орта мектебі, код: 8-72-339, тел: 20-0-17;
      Шекарасы: Күршім ауылының шығыс бөлігі, Күршім өзенінен Малдыбаев көшесінің Абылайхан көшесіне дейінгі тақ сан жағы; Абылайхан көшесінің Малдыбаев көшесінен бастап Білімбаев көшесіне дейінгі тақ сан жағы, Білімбаев көшесінің тақ сан жағы Абылайхан көшесінен бастап ауылдың оңтүстік шетіне дейін.
      № 725 сайлау учаскесі, Топтерек ауылы, Қабақ шаруашылық қонысы.

№ 2 Орталық сайлау округі

      Орталығы: Күршім ауылы, Барақ батыр көшесі, 1 «а» үй, № 3 Күршім гимназиясы, код: 8-72-339, тел: 3-17-42;
      Шекарасы: Күршім ауылының солтүстік батыс бөлігі, Малдыбаев көшесінің Күршім өзенінен Абылайхан көшесіне дейінгі жұп сан жағы; Абылайхан көшесінің Малдыбаев көшесінен бастап Духович көшесіне дейінгі жұп сан жағы; Духович көшесінің Абылайхан көшесінен бастап Барақ батыр көшесіне дейінгі жұп сан жағы; Зангин көшесі толығымен.

№ 3 Батыс сайлау округі

      Орталығы: Күршім ауылы, Ибежанов көшесі, 76 үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимараты, код: 8-72-339, тел: 2-11-91;
      Шекарасы: Күршім ауылының оңтүстік батыс бөлігі, Білімбаев көшесінің ауылдың оңтүстік шетінен бастап, Абылайхан көшесіне дейінгі жұп сан жағы; Абылайхан көшесінің Білімбаев көшесінен бастап Аңғышбаев көшесіне дейінгі жұп сан жағы, Аңғышбаев көшесі толығымен.

№ 4 Діңгек сайлау округі

      Орталығы: Күршім ауылы, Тоқаев көшесі, 31 үй, № 5 Күршім орта мектебі, код: 8-72-339, тел: 3-19-69;
      Шекарасы: Молодежная, МТС, Тоқаев көшелері Юбилейный мөлтек ауданы, балық өсіру шаруашылығы толығымен.
      Күршім ауылының батыс бөлігі, Духович көшесінің Абылайхан көшесінен бастап, Барақ батыр көшесіне дейінгі жұп сан жағы, Пролетарская, Көлбаев көшелері толығымен.

№ 5 Құйған сайлау округі

      Орталығы: Құйған ауылы, Құйған орта мектебі, код: 8-72-339, тел: 45-3-35;
      Шекарасы: Құйған ауылдық округінің елді мекендері, Құйған, Қайыңды, Шірікаяқ, Қайнар, Қарабұлақ және Күршім ауылдық округінің Алғабас ауылы.

№ 6 Қалғұты сайлау округі

      Орталығы: Қаратоғай ауылы, Қаратоғай орта мектебі, код: 8-72-339, тел: 44-3-87;
      Шекарасы: Балықшы ауылдық округінің елді мекендері: Ақсуат, Жолнұсқау, Аманат.
      Қалғұты ауылдық округінің елді мекендері: Қаратоғай, Ақши, Егіндібұлақ, Жылтау.

№ 7 Сарыөлең сайлау округі

      Орталығы: Сарыөлең ауылы, Сарыөлең орта мектебі, код: 8-72-339, тел: 22-1-79;
      Шекарасы: Сарыөлең ауылдық округінің елді мекендері: Сарыөлең, Барақ батыр, Бірлік ауылдары, Амангелді шаруашылық қонысы және Абай ауылдық округінің Теректібұлақ ауылы.

№ 8 Маралды сайлау округі

      Орталығы: Маралды ауылы, Маралды орта мектебі, код: 8-72-330, тел: 53-4-72;
      Шекарасы: Абай ауылдық округінің елді мекендері: Бурабай, Қойтас, Төсқайың.
      Маралды ауылдық округінің елді мекендері: Маралды, Қыстау-Күршім, Үшбұлақ ауылдары, Алтай, Сарытау шаруашылық қоныстары.

№ 9 Теректі сайлау округі

      Орталығы: Теректі ауылы, Крахмаль көшесі, 62 үй, Теректі ауылдық мәдениет үйі, код: 8-72-343, тел: 2-11-72;
      Шекарасы: Теректі ауылының Заречная, Новосельская, Почтовая, Алтайэнерго, Тоқтаров, Әуезов, Крахмаль, Құдайбердиев, Асанов, Дәуленов, Абылайхан, Смағұлов, Арычная, Школьная, МТМ, Зеленая, Пионерская, Абай, Шоқақов, Кукин, Жақсылықов, Пограничная, Оекенов, Әбедимов, Мая, Марқакөл кеңшары, Бөкеев, Садовая көшелері және Ашалы шаруашылық қонысы.

№ 10 Теректі сайлау округі

      Орталығы: Теректі ауылы, № 2 Теректі орта мектебі, Журба көшесі, 42 үй,  код: 8-72-343, тел: 2-16-54;
      Шекарасы: Теректі ауылдық округінің елді мекендері: Қарашілік, Мойылды, Ақжайлау, Қарой, Қайнарлы, Былғары-Табыты.
      Теректі ауылының Сейфуллин, Журба, Балауса, Байзақов, Қабанбай, Малдыбаев, Сатпаев, Даутпаев, Лесная, Б. Момышұлы көшелері.

№ 11 Төсқайың сайлау округі

      Орталығы: Төсқайың ауылы, Төсқайың ауылдық клубы, код: 8-72-330, тел: 41-3-67;
      Шекарасы: Ақбұлақ ауылдық округінің елді мекендері: Ақбұлақ, Майтерек, Теріскей Бөкенбай, Күнгей Бөкенбай, Алтай.
      Төсқайың ауылдық округінің елді мекендері: Төсқайың, Балықтыбұлақ, Шанағаты, Бұғымүйіз, Ұрынхай, Жоғары Еловка шаруашылық қонысы, Қарағайлыбұлақ және Теректі ауылдық округінің Тентек ауылы.

№ 12 Қалжыр сайлау округі

      Орталығы: Қалжыр ауылы, Қалжыр орта мектебі, код: 8-72-343, тел: 20-6-31;
      Шекарасы: Қалжыр ауылдық округінің елді мекендері: Қалжыр, Оң жақ Қалжыр, Тақыр, Шеңгелді.

№ 13 Боран сайлау округі

      Орталығы: Боран ауылы, Нұрғалиев көшесі, 20 үй, Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназиясы, код: 8-72-343, тел: 22-4-40;
      Шекарасы: Боран ауылдық округінің елді мекендері: Жиделі, Жаңаауыл, Қазақстан, Игілік.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады