Жәнібек ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 162 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 қыркүйекте № 3072 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 190 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011.10.31 № 190 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 "Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Жәнібек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 тамыздағы  № 162 "Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің Комсомол қызтағы аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" қаулысын және Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2011 жылғы 10 тамыздағы № 1-12-1493 ұсынбасын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жәнібек ауданының аумағын келесі аймақтарға бөлу жүргізілсін:
      1) Талов селолық округінің Комсомол қыстағы аумағын қамтитын 8 шақырымдық радиустағы сібір жарасы эпизоотиялық ошағымен қолайсыз аймағына;
      2) Талов селолық округінің Талов, Аманат, Майтүбек, Бірлік ауылдары, Бассейн, Қарабүгет қыстақтарын, Жақсыбай селолық округінің Ақадыр ауылы аумағын қамтитын 25 шақырымдық радиустағы буферлік аймағына;
      3) Жақсыбай селолық округінің Жақсыбай ауылы аумағын қамтитын 50 шақырымдық радиустағы бақылау аймағына;
      4) белгіленген аймақтар шегінен тыс орналасқан Жәнібек ауданының аумақтары қолайлы аймақтарға жатқызылсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), Жәнібек ауданының аудан және селолық округтерінің әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 9 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Облыс әкімі                      Б. Ізмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысының
      Бас мемлекеттік ветеринариялық-
      санитарлық инспекторы
      _____________Б. Е. Айтуғанов
      12.09.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады