Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормативтері туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 198 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 29 қарашада № 3074 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.01.26 № 6 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге шығындардың құнын ішінара өтеу бойынша ағымдағы қаржы жылында облыс бюджетінен субсидиялардың төленуін жүзеге асыру жөнінде қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                      Б. Ізмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      _____________А. Мамытбеков
      15.11.2011 ж.

2011 жылғы 16 қарашадағы № 198
облыс әкімдігінің қаулысына
қосымша

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің
көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге
шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған
субсидиялардың нормативтері

теңге/га

Көп жылдық екпелердің сипаттамасы

Тамшылатып суарудың ирригациялық құралдарын сатып алу мен монтаждауға кеткен шығынды есептегендегі отырғызу

Субсидия (40% дейін)

2 жыл өсіп өнуі

Сүйекті бақтар:

тіреуіш бағаналарды орнатпай, орта бойлы және биік өсетін телітушілердің көшеттерімен отырғызылған жағдайда

847 546

339 018

48 385

тіреуіш бағаналарды орнатып, аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылған жағдайда

1 017 055

406 822

48 385

Пістелік бақтар:

тіреуіш бағаналарды орнатпай, орта бойлы және биік өсетін телітушілердің көшеттерімен отырғызылған жағдайда

1 126 294

450 518

66 258

тіреуіш бағаналарды орнатып, аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылған жағдайда

1 407 867

563 147

66 258

Дәстүрлі бақтар


0

0

66 258

Жүзімдіктер:

тіреуіш бағаналарды орнатып отырғызылған

0

0

0

Дәстүрлі жүзімдіктер


0

0

0

      кестенің жалғасы

Субсидия (40% дейін)

3 жыл

өсіп өнуі

Субсидия (40% дейін)

4 жыл

өсіп өнуі

Субсидия (40% дейін)

19 354

52 110

20 844

51 531

20 612

19 354

52 110

20 844

51 531

20 612

26 503

72 735

29 094

214 743

85 897

26 503

72 735

29 094

214 743

85 897

26 503

72 735

29 094

214 743

85 897

0



0

0

0

0



0

0

0

      Аббревиатураның толық жазылуы:
      га - гектар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады