Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 220 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 29 желтоқсанда № 7-9-110 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 32 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2012.02.06 № 32 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында барлық кандидаттар үшін үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Ауылдық округ әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Н. Қарағойшин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қаратөбе аудандық
      аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      _____________Х. Есжан
      21.12.2011 ж.

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 220 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі
депутаттарының кезектен тыс сайлауында
және Қазақстан Республикасы мәслихаттары
депутаттарының кезекті сайлауында барлық
кандидаттар үшін үгіттiк баспа
материалдарын орналастыру үшiн
орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру орны

1.

Қоржын ауылы

Аққозы орта жалпы білім беретін мектеп ғимаратының алды

2.

Қосбаз ауылы

Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының алды

3.

Аққозы ауылы

Ауылдық орталық алаң

4.

Бесоба ауылы

Ауылдық кітапхана ғимаратының алды

5.

Егіндікөл ауылы

Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектеп ғимаратының алды мен ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының алды

6.

Жусандыой ауылы

Мұхит көшесінде орналасқан ауылдық округ әкімі аппаратаның әкімшілік ғимаратының алды мен ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының алды

7.

Ханкөл ауылы

"Казпошта" бөлімшесі ғимаратының алды мен ауылдық клуб ғимаратының алды

8.

Ақтай ауылы

Қаракөл орта жалпы білім беретін мектеп ғимаратының алды мен ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының алды

9.

Алакөл ауылы

Ауылдық клуб ғимаратының алды

10.

Қоскөл ауылы

Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының алды

11.

Қаратөбе ауылы

Аудандық мәдениет үйі ғимаратының алды

12.

Қоскөл ауылы

Қоскөл орта жалпы білім беретін мектеп ғимаратының алды

13.

Шалғын ауылы

Ауылдық клуб ғимаратының алды

14.

Қарақамыс ауылы

Б. Қаратаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп ғимаратының алды

15.

Сәуле ауылы

Жақсыбай негізгі жалпы білім беретін мектеп ғимаратының алды

16.

Сулыкөл ауылы

"Казпошта" бөлімшесі ғимаратының алды мен Ж. Жабаев көшесінде орналасқан орталық алаң

17.

Үшана ауылы

"Казпошта" бөлімшесі ғимаратының алды

18.

Төлен ауылы

Төлен негізгі жалпы білім беретін мектеп ғимаратының алды

19.

Темірбек ауылы

Темірбек бастауыш мектеп ғимаратының алды

20.

Шөптікөл ауылы

Ауылдық клуб ғимаратының алды

21.

Үшағаш ауылы

Ауылдық клуб ғимаратының алды

22.

Соналы ауылы

Ауылдық клуб ғимаратының алды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады