Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7547 тіркелді

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бекітілсін:
      1) Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
      3) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
      4) Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
      5) Кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):
      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар, орындаушылар мен кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын өткізу ережеcін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 668 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5100-мен тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 182 (1408) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н.Сарыбековке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы 
№ 99 бұйрығына 1-қосымша 

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік
олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидалары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 08.08.2014 № 340 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы (бұдан әрі – Президенттік олимпиада) өткізу қағидаларын анықтайды, Президенттік олимпиадаға қатысу және жеңімпаздарды өткізіу тәртібін белгілейді.
      2. Президенттік олимпиада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткізетін жыл сайынғы іс-шара болып табылады.
      3. Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
      1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
      2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда  оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
      3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

2. Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      4. Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
      1) бірінші кезең – өңірлік - 1 қарашаға дейін;
      2) екінші кезең – іріктеу кезеңі, 2 турда өткізіледі:
      1-тур – қашықтық – жыл сайын 15 қарашаға дейін;
      2 тур – шығармашылық, қашықтық тур өткізілген күні эссе жазу (1 беттен аспайды, 45 минут);
      3) үшінші (қорытынды) кезең – республикалық (желтоқсанның бірінші онкүндігі).
      Президенттік олимпиаданың әр қатысушысы барлық кезеңде         тапсырмаларды төрт  пәннен орындайды: математика, физика, химия және биология.
      5. Президенттік олимпиаданың барлық кезеңдерін тапсырмалармен 0амтамасыз етуді дарынды балалармен жұмыс жүргізу саласындағы ұйым - «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО).
      6. Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңін облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі – РБҰ) және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ) өткізеді.
      7. Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі Интерактивті студия желісі арқылы республиканың барлық өңірлерінде бір уақытта өткізіледі.
      8. Президенттік олимпиаданың іріктеу және республикалық кезеңі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес (бұдан әрі - Министрдің бұйрығы) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен өткізіледі

3. Президенттік олимпиадаға қатысушылар

      9. Президенттік олимпиадаға бұрын-соңды республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатыспаған республиканың білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары қатысады.
      10. Іріктеу кезеңіне әр облыс, Астана және Алматы қалалары, «НЗМ» ДББҰ Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінің қорытындысына сәйкес құрамы 20 адамнан тұратын командалар ұсынады (әр пәнге 5 қатысушыдан), РБҰ – әр пән бойынша 2 қатысушыдан аспайды.
      11. Республикалық ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - ұйымдастыру комитеті) іріктеу кезеңінің 2 тур нәтижелері бойынша Президенттік олимпиаданың үшінші (қорытынды) кезеңіне қатысушылардың тізімін бекітеді.

4. Президенттік олимпиаданың қазылар алқасы және ұйымдастыру
комитеті

      12. Ұйымдастыру комитетінің құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
      Ұйымдастыру комитетінің құрамына Министрліктің, Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың, білім беруді басқару органдарының, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесі өкілдері кіреді.
      13. Ұйымдастыру комитетінің қызметі:
      1) Президенттік олимпиаданы дайындау мен өткізудегі тікелей басшылық – ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын қамтамасыз ету;
      2) Президенттік олимпиаданың  қазылар алқасын және академиялық  тобының құрамын бекіту;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне Президенттік олимпиаданың қорытындылары бойынша ақпарат беру.
      14. Президенттік олимпиаданың қазылар алқасы төрағадан, мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Қазылар алқасының құрамына алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары, бұрынғы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары енеді.
      15. Президенттік олимпиаданың қазылар алқасы:
      1) Президенттік олимпиадаға қатысушылардың жазбаша жұмыстарын тексереді, олардың нәтижелерін бағалайды;
      2) ұйымдастыру комитетіне жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау жөніндегі ұсыныстар жасайды;
      3) Президенттік олимпиада қатысушыларының орындаған жұмыстарына талдау жүргізеді.

5. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау

      16. Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің барлық қатысушыларына осы бұйрыққа қоса беріліп отырған формасы бойынша сертификаттар тапсырылады.
      17. Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері әр пән бойынша Министірліктің дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздар саны қатысушылар санының 25%-ын құрайды. Олимпиаданың қорытынды кезеңінде І, II және III дәрежелі дипломдар саны мына үйлесімділікпен анықталады: III дәрежелі дипломдармен жеңімпаздардың 50 %-ы, II дәрежелі дипломдармен 30 %-ы, І дәрежелі дипломдармен 20 %-ы марапатталады.
      Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар бір пәннен жазылады (олардың белгілі бір пәннен неғұрлым көбірек жинаған балының санына сәйкес).

Жаратылыстану-математика циклы
пәндері бойынша Президенттік  
олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу
қағидасына қосымша       

                                                                Форма

         Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі
        "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы      


                              Сертификат

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден
(математика, физика, химия және биология)
Президенттік олимпиадаға
қатысушы

             _____________________________________________

             ______________________________________________
                                берілді

         Директор            (қолы)                       аты-жөні
                              М.О.

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы  
№ 99 бұйрығына 2-қосымша 

Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды
ұйымдастыру және өткiзу
ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Олимпиада) республикалық олимпиаданың жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын барлық білім беру ұйымдарының оқушыларын, оны ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн анықтайды.
      2. Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.
      3. Министрлiктің бұйрығы негізінде Олимпиаданы дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру жұмыстарын үйлестiру және жүзеге асыру үшiн Республикалық ұйымдастыру комитетi (бұдан әрі - Республикалық ұйымдастыру комитетi) құрылады. Республикалық ұйымдастыру комитетiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым вице-министрi, төраға және тиісті құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жетекшілері енеді.
      4. Олимпиаданың республикалық ұйымдастыру комитетi:
      1) осы қағидамен белгіленген Олимпиаданың өткiзілуін бақылайды;
      2) Олимпиадаға басшылық жасауды жүзеге асырады;
      3) Олимпиаданы өткiзудің қажеттi ғылыми-әдiстемелiк деңгейін қамтамасыз ету үшiн пәндер бойынша әдiстемелiк комиссияларды қалыптастырады;
      4) Білім және ғылым министрiне немесе оның міндетін атқарушыға Олимпиаданың қазылар алқасы мүшелерiнiң құрамы және саны жөнiнде ұсыныс бередi;
      5) Олимпиаданың қорытындысын талдайды;
      6) Олимпиада материалдарын жариялайды.
      5. Олимпиаданың бірінші-үшінші кезеңдерiне басшылық жасауды жүзеге асыру үшiн мектепішілік, аудандық, облыстық (қалалық) ұйымдастыру комитеттерi құрылады. Олардың құрамын тиiстi бiлiм беруді басқару органдары бекiтедi.
      6. Құрамына пәндер бойынша қазылар алқасының төрағалары енетін уәкілетті органмен бекітілген Әдiстемелiк кеңес:
      1) Олимпиаданың екiншi, үшiншi және төртінші кезеңдерiнiң теориялық және эксперименттiк тапсырмалары мәтiнiнің қазақ және орыс тілдеріндегі соңғы нұсқасын әзірлейді;
      2) Олимпиаданың барлық кезеңдерiн өткiзу жөнiнде әдiстемелiк ұсыныс әзiрлейдi;
      3) әр пән бойынша Олимпиаданы өткізу кезеңдерінің түрін, тапсырмалардың үлгiсiн және бағалау өлшемдерiн анықтайды.
      7. Олимпиаданың республикалық кезеңінің пәндер бойынша қазылар алқасының құрамына төраға және мүшелер кіреді. Қазылар алқасының саны пәнге байланысты тақ саннан құралады (5 адамнан кем емес).
      Олимпиаданың республикалық кезеңінің қазылар алқасының төрағасы мен құрамын Республикалық ұйымдастыру комитетiнiң ұсынысы бойынша Министрлiк бекiтедi. Олимпиаданың республикалық кезеңінің қазылар алқасының төрағасы мен мүшелерi Олимпиаданың алдыңғы өткен кезеңдердегi қазылар алқасының құрамына ене алмайды.
      Қазылар алқасы құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдiскерлер, тәжiрибелi мұғалiмдер және жоғары білікті бiлiм беруді басқару органдарының өкiлдерi, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары енедi. Қазылар алқасының құрамына оқушылары Олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңiне қатысатын мұғалiмдер енгізілмейді.
      8. Олимпиаданың республикалық кезеңінің қазылар алқасының төрағалары:
      1) Әдiстемелiк кеңеспен бiрлесе отырып, Олимпиаданың екiншi, үшiншi және төртінші кезеңдерiнiң теориялық және эксперименттiк тапсырмалары мәтiнiнің соңғы нұсқасын әзірлейді және құрады;
      2) орыс тiлiндегi тапсырмалардың қазақ тiлiне дәлме-дәл аудармасына, берiлген тапсырмалардың ғылыми-әдiстемелiк деңгейiне, мiндеттердiң нақтылығына және олардың олимпиаданың тиiстi кезеңi талабына сәйкестiгiне жауап бередi;
      3) тиiстi кезеңдерi өткенге дейiн тапсырмалардың құпиялығына жауап бередi;
      4) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдері бойынша ұсыныс және пәндік олимпиадалардың регламенттерін (турлардың саны мен бағытын, әрбір турдың ұзақтығын, қажетті құралдардың тізбесін) әзірлеу жөніндегі қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады.
      9. Олимпиаданың қазылар алқасы:
      1) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды үшiншi және төртінші кезең тапсырмаларының авторлық шешімімен және жұмыстарды тексеру нәтижесімен таныстырады;
      2) қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келiспеушiлiктi талқылайды және қажет болған жағдайда тиiстi түзетулер енгiзедi;
      3) жеңiмпаздарды анықтайды және олардың тізімін бекіту үшін Министрлікке ұсынады;
      4) Олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды және үйлестіруді жүргізеді;
      5) Республикалық ұйымдастыру комитетiмен бiрлесе отырып, оқу-жаттықтыру жиынына қатысушылар құрамын және халықаралық олимпиадаларға қатысушы кандидаттарды анықтайды.

2. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      10. Олимпиаданы орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларына сәйкес әрбір пән мен сынып бойынша тиісті білім беруді басқару органдары оқу жылы барысында төрт кезеңде өткізеді:
      1) бірінші кезең – білім беру ұйымдарында. Өтетін уақыты – ағымдағы оқу жылының қараша айынан кешіктірілмей білім беру ұйымдарының дайындаған тапсырмалары бойынша өтеді.
      2) екiншi кезең – аудандық (қалалық). Аудандық кезеңді аудандық және қалалық білім беруді басқару органдары өткізеді.
      3) үшінші кезең – облыстық. Облыстық кезеңді облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары өткізеді.
      4) төртінші кезең – республикалық. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республиканың әртүрлі өңірлерінде өткізіледі.
      11. Ұйғыр тілі және өзбек тілі бойынша Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
      1) I кезең – мектепішілік, 8-11 сынып оқушылары қатысады;
      2) II кезең – аудандық (қалалық), 9-11 сынып оқушылары қатысады;
      3) III кезең – өңірлік, республикалық олимпиадаға теңеседі, қатысушылары – 10-11 сынып оқушылары.
      Білім беру ұйымдарында ұйымдастыру комитеттері (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті) құрылады: аудандық (қалалық), облыстық (Астана және Алматы қалалары, РБҰ және «НЗМ» ДБҰ), республикалық.
      12. Олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші кезеңдерін өткізу уақыты және Олимпиаданы өткізу тізбесі жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен белгiленеді.
      Олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші кезеңдерінің тапсырмаларын жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша республикалық әдістемелік кеңес (бұдан әрі – олимпиаданың әдістемелік кеңесі) дайындайды және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) бекітеді.
      13. Әр кезеңдi өткiзуден бiр ай бұрын облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары, «НЗМ» ДБҰ және РБҰ әр қатысушыға Олимпиада материалдарын дайындау үшiн оқыту тiлдерiне сәйкес әрбiр пән және сынып бойынша қатысушылар саны көрсетiлген өтінімді «Дарын» РҒПО-ға жiбередi.
      14. Барлық төрт кезеңнің тапсырмалары «Дарын» РҒПО бекіткен әдістемелік ұсынымдамаларға сәйкес өлшемдер мен параметрлер бойынша бағаланады.
      15. Олимпиаданың бiрiншi және екiншi кезеңдерiне орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.
      16. Орыс тiлiнде оқытатын мектептердегi «Қазақ тiлi» пәнi бойынша ұлты қазақ емес оқушылар қатыса алады.
      17. Олимпиаданың үшiншi кезеңiне екiншi кезеңнен iрiктелiп алынған жалпы орта білім беру ұйымдарының ең үздiк үш оқушысы, Астана және Алматы қалалары, «НЗМ» ДБҰ және РБҰ үшiн – алты оқушы қатысады.
      18. Олимпиадаға қатысу үшін тиiстi деңгейдегi бiлiмi бар қатысушылар жоғары сыныптардың бағдарламалары бойынша жіберіледі.
      19. Олимпиаданың төртінші кезеңiне үшінші кезеңнің жеңімпаздары (нәтижелеріне сәйкес әр сынып және пән бойынша екі қатысушыдан артық емес) жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерi бойынша 9-11 сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11 сынып оқушылары, сондай-ақ олимпиадалық резервтің оқу-жаттықтыру жиынына қатысушылар қатысады.
      20. Үшінші кезеңді ұйымдастыру комитеті Олимпиаданың республикалық кезеңiне тиісті командаларды қатыстыру үшін өтінімді «Дарын» РҒПО-ға ағымдағы оқу жылының 25 ақпанына дейін жіберуі қажет.
      21. Олимпиаданың төртінші кезеңіне қатысатын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, «НЗМ» ДБҰ және РБҰ-ның командалары мамандармен, әдiскерлермен, сондай-ақ үздiк пән мұғалiмдері алып жүреді. Олар олимпиада барысында жалпы бiлiм беретiн пәндердi оқыту проблемалары жөнінде өткiзiлетін семинарларға, пікірталастарға қатысады, олимпиадаға даярлау бойынша тәжiрибе алмасады.
      22. Команда жетекшiсі Олимпиадаға қатысушылардың Олимпиада өтетiн жерге әкелу және тұратын жерiне қайту жолындағы, Олимпиада барысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      23. Жұмыстарды бағалауда барынша әдiлдiктi қамтамасыз ету үшiн әрбір турдан соң Олимпиадаға қатысушылардың барлығымен тапсырмалар талқыланады. Тапсырмаларды талқылаудан кейiн қатысушылардың тiлегi бойынша жұмыстарды үйлестiру жүргiзiледi. Үйлестiрудiң мақсаты - жұмыстарды бағалауда Олимпиадаға қатысушылар мен қазылар алқасы мүшелерi арасында толық өзара түсiнiстiкке қол жеткiзу.
      24. Үйлестiруді қазылар алқасының төрағасы және тапсырманы бағалаған қазылар алқасының мүшелері тiкелей Олимпиадаға қатысушымен өткiзедi.
      25. Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келiспеген жағдайда, үйлестiруге бөлінген мерзiмде ұйымдастыру комитетiнiң төрағасына өтініш білдіреді, төраға осы мәселенi шешу жөнінде мамандар қатарынан тиiстi комиссия құрады.
      26. Екінші және үшінші кезеңдердің жұмыстарын үйлестiру Олимпиаданың тиісті кезеңі аяқталған соң 1 күн iшiнде, республикалық кезеңі аяқталған соң - Олимпиаданың қорытындысы жарияланғаннан кейін 3 сағат ішінде өткiзіледi.

3. Қорытынды ереже

      27. Мектепішілік, аудандық және облыстық (қалалық) олимпиадалардың жүлдегерлерi бiлiм беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың дипломдарымен, грамоталарымен және жүлделерімен марапатталады.
      28. Олимпиаданың төртінші кезеңінің жеңiмпаздар саны әр пән және сынып бойынша Олимпиаданың төртінші кезеңіне қатысушылар санының 45%-ын құрайды.
      Олимпиаданың әр кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелi дипломдармен марапатталады. Олимпиаданың республикалық кезеңінің I, II және III дәрежелi дипломдар саны мына үйлесімдікпен анықталады: III дәрежелi дипломдармен жеңімпаздардың 50 %-ы, II дәрежелi дипломдармен 30 %-ы, I дәрежелi дипломдармен 20 %-ы марапатталады.
      29. Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды анықтау үшін қажетті төмен деңгейге сәйкес бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімімен көбеюі мүмкін.

Қазақстан Республикасы  
Бiлiм және ғылым министрiнің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 99 бұйрығына 3-қосымша

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар
конкурстарын ұйымдастыру және өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 08.08.2014 № 340 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Ғылыми конкурс) Ғылыми конкурстардың ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
      2. Ғылым мен техника бойынша Халықаралық жарыстардың Ғылыми конкурсын (Intel International Science and Engineering Fair (бұдан әрі – Іntel ISEF)) жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткiзедi.
      3. Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi:
      1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
      2) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;
      3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету.
      4. Ғылыми конкурстың іріктеу кезеңі халықаралық қағидалардың (Intel ISEF) талаптарына сәйкес - Ғылыми Рецензиялау Комитетімен (бұдан әрі – ҒРК) өткізіледі. ҒРК – Ғылыми конкурстың әр кезеңіндегі заңдары, қаулылары және ережелері бар ғылыми жұмыстардың, сертификаттардың, ғылыми зерттеу жоспарларының, экспонаттарының бағалануына жауапты білікті мамандар тобы болып табылады.
      Ғылыми конкурстың барлық деңгейлерінде ғылыми жалғандық  және бұрмалауға, басқа конкурстарға бұрын-соңды ұсынылған жұмысты өз жұмысы ретінде пайдалану немесе ұсыну, жалған мәлеметтер беруге жол берілмейді.
      Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңінің қазылар алқасы Министрлікпен бекітеді.
      5. ҒРК ұсынылған жұмыстарды қарайды, бағалау критерийлары бойынша қосындылап, Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі республикалық ұйымдастыру комитетімен бекітілген әр жобаны рецензиялайды және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша облыстық кезеңге, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша республикалық кезеңге қатысушыларды анықтайды.
      6. Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңінің қазылар алқасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрімен бекітіледі.
      7. Ғылыми конкурсқа:
      1) аталған ғылым саласындағы фактiлер, оқиғалар, құбылыстар және бұрын танылмаған, ерекше жақтары көрсетілген;
      2) мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, өндiрiстiк процесстердiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн, практикалық міндеттерді шешуге жаңалықтар әкелетiн аппараттардың, модельдердің, құралдардың конструкциялары ұсынылған;
      3) әлеуметтiк-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған экономикалық-заңдыққа негiзделген компьютерлiк модельдер және жобалар ұсынылады.
      8. Ғылыми конкурсқа:
      1) жарысқа кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптармен жұмыстар, жануарларға қатігездік көрсетiлетiн эксперименттер, адам денсаулығы мен жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттармен жүргізілетін жұмыстар (улы, радиоактивтiк, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсендi қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар, микроағзалар, вирустар, iшiмдiк, никотин) жарысқа қатысуға жіберілмейді;
      2) республикалық жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар Ғылыми конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      9. Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:
      1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
      титул парағы;
      мазмұны;
      абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде дайындалғанына байланысты), және ағылшын тiлiнде жазылады;
      кiрiспе;
      зерттеу бөлiмi;
      қорытынды;
      пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;
      2) титул парағында мыналар көрсетiледi:
      жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;
      автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;
      жұмыстың атауы;
      жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
      жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;
      3) абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
      зерттеудің мақсаты;
      гипотезасы;
      кезеңдерi, зерттеудiң реті;
      тәжірибенің әдiстемесi;
      зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi;
      жұмыстың нәтижесi және қорытындысы;
      нәтижелерді практикада қолдану салалары;
      4) кiрiспеде (2 беттен артық емес) мыналарар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi); қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;
      5) жұмыстың зерттеу бөлiмi (20 беттен кем емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:
      осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзуге және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
      қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау;
      жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
      суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер, суреттер);
      6) пайдаланылған әдебиеттерге сiлтеменi төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтiнде кездесетiн сiлтемелердің шығуына қарай, нөмiрлеу реті болуы керек. Мәтінде кездесетін сілтемелердің шығуына қарай, нөмірлеу реті болады;
      7) қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды;
      8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi:
      автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;
      мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн);
      журналдың, кiтаптың аты;
      басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);
      басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;
      9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары көрсетілген жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;
      10) төртiншi кезеңге (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр көлемдегi стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.
      10. Стендтi ресiмдеуге қойылатын талаптар:
      стендтiң жоғарғы жағына көлденеңiнен абстрактыны, қатысушының атын, жасын, мектебiнiң, қаласының, облысының атын орналастыру қажет;
      стенд материалдары жұмыстың мазмұнын сипаттайтын нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп, қорытындылары көрсетіліп, талғаммен ресiмделеді;
      мазмұнды дайындау кезiнде негiзгі назарды жоба авторының алған нәтижелерiн көрсетуге аударылады.
      11. Уәкілдік мүшемен бекітілген ғылыми жетекші жұмыс нәтижелері диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерінен көшірілмеген, алынған нәтижелердің нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларына ие болып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек.

2. Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      12. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) Intel ISEF-ке (Вашингтон, АҚШ қ.) тіркелінген жобаларды бекіту аффилендіру үшін тиісті жылдағы 20 қыркүйегінен кешiкпей тiркеледі.
      13. Ғылыми конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
      1) бірінші кезең – мектепішілік, аудандық орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында өткізіледі;
      2) екінші кезең – іріктеу (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жобаны алдын ала сараптау);
      3) үшінші кезең – облыстық (Алматы және Астана қалаларының білім беру ұйымдарының конкурстары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі – РБҰ) мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ), мәртебесі жағынан облыстық жарыстармен теңестіріледі). Осы кезең 2 тур өткізіледі; Бірінші тур – жобаны қорғау, екінші тур – бейіндеу пәндері бойынша тестілеу;
      4) төртінші (қорытынды) кезең – республикалық. Бұл кезең екі турдан тұрады. Бірінші тур – іріктеу (жаратылыстану - математикалық бағыттағы жобаны алдын ала сараптау), екінші тур – жобаны қорғау.
      14. Ғылыми конкурстың бірінші және екінші кезеңін өткізу мерзімі облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары жетекшілерінің бұйрықтарымен анықталады. Ғылыми конкурстың үшінші, төртінші кезеңдері Министрліктің бұйрығымен белгіленген мерзімде өткізіледі. Ғылыми конкурс осы Қағиданың қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізбесі бойынша өткізіледі.
      15. Ғылыми жетекшінің немесе оқушылардың ғылыми қоғамының ұсынуымен, ғылыми конкурстың бірінші кезеңіне 9-11 сынып оқушылары қатысады. Зерттеу жұмыстарын екі оқушыдан кем емес орындайды.
      16. Екiншi кезеңге бiрiншi кезең жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми жетекшiнiң пiкiрiн және ілеспе құжаттарды (өтiнiм, мектептiң есебi, зерттеу журналы) ұсынады.
      17. Ғылыми  конкурстың қорытынды кезеңіне қатысуға үміткер  үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша неғұрлым көп балл жинаған, Астана, Алматы қалаларының, РБҰ-ның, «НЗМ» ДББҰ (әр секция бойынша екі жобадан кем емес) жүлдегерлері.
      18. Үшінші кезең екі турда өткізіледі:
      бірінші тур – алдын ала сараптамадан өткен жобаны қорғау;
      екінші тур – осы Қағиданың қосымшасында  көрсетілген жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың республикалық конкурсы өтетін пәндер тізіміне сәйкес сыныбына, оқыту тіліне қарай бейіндік пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеу.
      тиісті оқыту тілі, сыныбы мен секциясына сәйкес бейінді пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеу.
      Әдістемелік кеңес құрастырған тестілер орындауға 2 астрономиялық сағат берілетін 60 сұрақты (120 балл) қамтиды.
      Қатысушылар тестілеудің жалпы балл санынан 50%-дан  төмен емес ұпай жинауы тиіс. Командалық жұмыстар үшін өту балы жұмыстың авторлары жинаған балдардың орташа арифметикалық саны болып табылады.
      Үшінші кезеңді қорытындылау кезінде осы Қағиданың 5-тармағына сәйкес тестілеуде алған балдары мен жобаны қорғауда алған балдары қосылады.
      19. Төртінші кезеңге қатысушылардың тiзiмiн ҚР білім және ғылым вице-министрімен бекiтіледi және бекiтiлгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары мен РБҰ, «НЗМ» ДББҰ-ның назарына жеткiзіледi.
      20. Төртінші кезең – зерттеу жұмысын қорғау және осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес рәсімделген стенд материалын ұсыну. Жұмысты қорғау кезінде авторға (біріккен авторларға) баяндама үшін 10-15 минут беріледі.

3. Конкурста жеңімпаздарды марапаттау

      21. Ғылыми конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
      22. Республикалық кезең жеңiмпаздарының саны әр секция және әр жоба бойынша Ғылыми конкурстың республикалық кезеңіне қатысушылардың жалпы санының 45 %-ын құрайды.
      Ғылыми конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздары І, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. І, II және III дәрежелі дипломдар саны мынадай үйлесімдікпен анықталады: III дәрежелі дипломдармен жеңімпаздардың 50%-ы, II дәрежелі дипломдармен 30%-ы, І дәрежелі дипломдармен 20%-ы марапатталады.
      23. Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды анықтау үшін қажетті төмен деңгейге сәйкес бірдей балл жинаған жағдайда, республикалық кезең жеңімпаздарының саны қазылар алқасының шешімімен көбейеді.

Жалпы білім беретін пәндер
бойынша республикалық ғылыми
жоба конкурстарын ұйымдастыру
және өткiзу қағидасына 
қосымша         

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми
жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізімі

Секциясы

Пәні

1. Физика

Физика

2. Техника

Физика

3. Жер және ғарыш туралы ғылымдар

Физика

4. Математика

Математика

5. Қолданбалы математика

Математика

6. Информатика

Математика, информатика

7. Экономика

Математика, география

8. Биология

Биология

9. Химия

Химия

10. Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау

Биология

11. Тарих

Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы

12. Адам және қоғам

Дүниежүзі тарихы және адам және қоғам

13. Өлкетану

География және Қазақстан тарихы

14. Әдебиет

Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті

15. Этномәдениеттану

Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті

16. Тіл білімі

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, неміс және француз тілдері

Жалпы білім беретін пәндер  
бойынша республикалық ғылыми 
жоба конкурстарын ұйымдастыру
және өткiзу қағидасына   
4-қосымша          

Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру
және өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) студенттері арасында орындаушылардың республикалық конкурстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
      2. Орындаушылардың республикалық конкурстарын (бұдан әрі – конкурстар) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының студенттері (бұдан әрі – қатысушы) арасында білім алушылардың кәсіби даярлығын арттыру, неғұрлым дарынды орындаушыларды анықтау, олардың шығармашылық өсіруі және Қазақстанның музыкалық өнерін насихаттау мақсатында өткізеді.
      3. Конкурстардың негізгі міндеттері оқушы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту Қазақстан Республикасында музыкалық білім беруді жетілдіру мен дамыту, орындаушыларды оқытудың жаңа тиімді әдістемелерін іріктеу және енгізу, білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің шығармашылық қызметін ынталандыру болып табылады.
      4. Конкурстар «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері», «Ән салу», «Музыка теориясы» мамандықтары бойынша осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес мамандану бағыттары кезегімен ауысып өткізіледі.
      5. Конкурстарға қатысуға орындайтын конкурстық бағдарлама дайындаған және білім беру ұйымы педагогикалық кеңесінің ұсынымын алған қатысушылар жіберіледі.
      6. Білім беру ұйымы конкурстарға қатысуға әрбір номинация бойынша 2-ден көп емес қатысушы ұсынады.
      7. «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстарға қатысуға өзге де музыкалық мамандықтардың студенттері жіберіледі.
      8. Ұйым қатысушыларды алып жүру үшін концертмейстерді және бір оқытушыны анықтайды және жолдайды.
      9. Конкурстарға қатысуға өтінімдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыру комитеті көрсеткен мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде басылған түрде ғана осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылданады.
      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) туу туралы куәліктің көшірмесі (немесе жеке куәліктің көшірмесі);
      2) 10х15 см көлеміндегі бір фотосурет;
      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің ұсынымы;
      4) конкурсқа қатысушылардың турлар бойынша бағдарламасы.
      10. Конкурстардың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
      11. Ұйымдастыру комитеті конкурстың өткізілетін орнын айқындайды, конкурс материалдарын дайындайды және оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне бекітуге ұсынады.
      12. Қазылар алқасы қатысушылардың конкурстың өнер көрсетулерін бағалайды, конкурстық тапсырмалар аяқталған соң нәтижелерді хабарлайды. Қазылар алқасының шешімі соңғы болып табылады және қайта қаралмайды.
      13. Конкурстық комиссияның шешімі ашық түрде қарапайым дауыс беру арқылы конкурстық комиссия құрамының 3/2 қатысқан кезде қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.
      14. Қазылар алқасының мүшесі қазіргі уақытта өзі оқытып жүрген қатысушылардың кандидатурасы бойынша дауыс беруге және талқылауға қатыспайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.
      15. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне баға береді, оларға бірінші, екінші және үшінші орын береді, оларды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

2. Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      16. Қатысушылар орындайтын музыкалық шығармаларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілетін Конкурс бағдарламасы жасалады, Конкурс бағдарламаға сәйкес өтеді. Қатысушылардың өнер көрсету кезегі ұйымдастыру комитеті 1-турдың алдында өткізетін жеребе бойынша анықталады және конкурс аяқталғанша сақталады.
      17. «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері», «Ән салу» мамандықтары бойынша Конкурстың әрбір туры мына көрсеткіштер бойынша 25 балдық жүйемен бағаланады:
      музыкалық дарындылықтың айқындылығы - 5 балл;
      орындау техникасы (тазалығы, сауаттылығы, айшықталуы) - 5 балл;
      шығарманы стильдік айшықтау - 5 балл;
      әртістігі - 5 балл;
      жеке-даралығы - 5 балл.
      Екінші турға жиынтығында кемінде 18 балл алған қатысушылар жіберіледі.
      Үшінші турға әрбір аспап (дауыс) бойынша жиынтығында кемінде 21 балл алған қатысушылар жіберіледі.
      18. Қатысушылар ұсынған бағдарламаларды өзгертуге жол берілмейді. Барлық шығармалар жатқа орындалады. Әрбір шығарма бір рет қана орындалады.
      19. «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстар нысандары мен мазмұны әртүрлі 3 турда өткізіледі:
      1) сольфеджио және гармония мамандандыруы бойынша конкурс:
      2 тапсырмадан тұрады, біреуі - сольфеджиодан, екіншісі - гармониядан.
      Қатысушылар соңына дейін барлық турларға қатысады:
      1 тур - жазбаша жұмыс;
      2 тур - ауызша жауап;
      3 тур - есту бойынша талдау және орындау.
      Әрбір тапсырма 10 балдық бағалау жүйесі бойынша мына көрсеткіштермен бағаланады:
      Бірінші тур екі бөлімге бөлінеді:
      сольфеджиодан диктант;
      гармониядан есеп.
      Сольфеджиодан диктант мына параметрлерден тұрады:
      диктантты сауатты әрі дұрыс жазу;
      жазу уақыты.
      Диктантты жатқа сақтағаны бойынша қайталаған қатысушы қосымша балл алады.
      Гармониядан есептер шығару мына көрсеткіштермен бағаланады:
      функционалды сауаттылық;
      қызықты фонизм;
      мүлтіксіз дауыс меңгеру.
      Есепті 2 нұсқада шешкен қатысушы қосымша балл алады.
      Екінші тур - парақтан оқу және секвенциядан тұрады.
      Парақтан оқу мына параметрлермен белгіленеді:
      мелодияны сауатты орындау;
      мәнерліп ән салу.
      Өзін-өзі сүйемелдеген қатысушы қосымша балл алады.
      Секвенция мына параметрлермен анықталады:
      сауатты орындау;
      адым мен бағытты таңдау;
      музыкалық сезімталдығы.
      Ұсынылған 2 секвенцияның екіншісін орындаған қатысушы қосымша балл алады.
      Үшінші тур екі бөлімнен тұрады: есту арқылы талдау және периодты ойнау.
      Есту арқылы талдау мына параметрлермен бағаланады:
      тональдық жоспарын есту арқылы анықтау;
      музыкалық материалдың такт бойынша аккордтық мазмұнын анықтау.
      Жатқа (алдын ала жазусыз) есту бойынша, талдау жасаған қатысушы қосымша балл алады.
      Ойнау кезеңі мына көрсеткіштермен бағаланады:
      Ойластырылған аккордтан тыс дыбыстарды қолдана отырып, дауыстың сауатты меңгерілуі (алдын ала берілген басталуы мен тональдық жоспар бойынша периодты ойнау - ең жоғары балл - 5; берілген тоналдық жоспар бойынша өздігінен периодты бастап ойнау - 4; алдын ала дайындалған периодты ойнау - 3);
      Стильдік біркелкілік. Периодтың жанрлық өңдеуін жасаған қатысушы қосымша балл алады.
      2) «Музыкалық әдебиет» мамандандыруы бойынша конкурс 3 турдан тұрады:
      концертке кіріспе сөз;
      викторина;
      коллоквиум және музыкалық тақырыптарды орындау.
      Бірінші тур «Концертке кіріспе сөз» екі бөлімнен тұрады:
      концертке кіріспе сөзді жазба ресімдеу (90 мин.);
      қатысушылардың ауызша сөйлеуі (5-7 мин.).
      Бірінші турдың бөлімдері 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.
      Концертке кіріспе сөзді жазбаша ресімдеу мына көрсеткіштермен бағаланады:
      баяндаудың толықтығы;
      баяндаудың логикасы;
      баяндаудың стилі.
      Ауызша сөйлеу мына көрсеткіштермен бағаланады:
      сөйлеу мәдениеті;
      сөйлеу техникасы;
      әртістігі.
      Екінші тур «Викторина» 20 нөмірден тұрады. Бір нөмірді тыңдау уақыты - 1 минут, нөмірді ресімдеу - 1 минут.
      Екінші тур 20 балдық жүйе бойынша мына көрсеткіштермен бағаланады:
      табылған нөмірлерінің саны;
      жауаптың толықтығы (композитор, шығарма, әрекет, бөлім, тональдығы).
      Үшінші тур «Коллоквиум және музыкалық тақырыптарды орындау» екі бөлімнен тұрады:
      коллоквиум (әңгіме түрінде 10 сұраққа ауызша жауап беру);
      музыкалық тақырыптарды орындау. Тізімде кемінде 100 нөмір болуы керек.
      Қатысушы 10 тақырыпты орындауы керек.
      Үшінші турдың әрбір бөлімі 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.
      Коллоквиум мына көрсеткіштермен өлшенеді:
      материалды толық білуі;
      сөйлеу мәдениеті.
      Музыкалық тақырыптарды орындау мынадай көрсеткіштермен бағаланады:
      орындау сапасы (орындаудың дұрыстығы, сауаттылығы);
      орындаудың музыкалық сезімталдығы.
      «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстық тапсырмалар бойынша ең жоғарғы балдың қосындысы 60-қа тең.

3. Конкурстардың қорытындыларын шығару

      20. «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша конкурстарға қатысушыларға тиісті балл жинағанда мынадай орындар беріледі:
      1 - орын және лауреат атағы - кемінде 24-25 балл;
      2 - орын және лауреат атағы - кемінде 22-23 балл;
      3 - орын және лауреат атағы - кемінде 20-21 балл.
      Кемінде 18 балл алған конкурстарға қатысушыларға дипломант атағы беріледі.
      21. «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстарға қатысушыларға мына орындар беріледі:
      1-орын және лауреат атағы - кемінде 57-60 балл;
      2-орын және лауреат атағы - кемінде 54-56 балл;
      3-орын және лауреат атағы - кемінде 51-53 балл.
      Дипломант атағы 48-50 балл жинаған қатысушыларға беріледі.
      22. Барлық лауреаттар өз қалауларымен конкурс аяқталған соң ұйымдастыру комитеті ұйымдастырған қорытынды концертке қатысады.

Орындаушылардың республикалық
конкурстарын ұйымдастыру және
өткізу қағидаларына 1-қосымша

Орындаушылар конкурсының мамандану бағыттарының кезектесуі

конкурсты өткізудің 1-ші жылы конкурсты өткізудің 2-ші жылы

«Аспапта орындаушылық»:
1) үрлемелі ағаш аспаптар (флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон-альт, саксофон-тенор);

«Аспапта орындаушылық»:
1) фортепиано;

2) үрлемелі мыс аспаптар (валторна, труба, тромбон, туба), урмалы аспаптар;

2) скрипка, альт, виолончель, контрабас.

3) қазақ халық аспаптары (домбыра, шертер, қобыз, қыл-қобыз);

«Ән салу» дауыс бойынша:
1) сопрано;

4) орыс халық аспаптары (баян, аккордеон, гитара, домра-прима, домра-бас).

2) меццо сопрано;


3) тенор;


4) баритон;


5) бас.


«Теориялық музыка» кезекпен ауысып:
1) музыкалық әдебиет (бірінші жылы);


2) гармония және сольфеджио (екінші жылы).

Орындаушылардың республикалық
конкурстарын ұйымдастыру және
өткізу қағидаларына 2-қосымша

Нысан

ӨТІНІШ

Мамандық ____________________________________________________________
Мамандану ___________________________________________________________
Қатысушының аты-жөні ________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жынысы ______________________________________________________________
Туған жері мен күні _________________________________________________
_____________________________________________________________________
Оқу орнының аты, курс _______________________________________________
Мұғалімнің аты-жөні _________________________________________________
_____________________________________________________________________
Концертмейстердің аты-жөні __________________________________________
_____________________________________________________________________
Алып жүретін адамның аты-жөні _______________________________________
_____________________________________________________________________
Мекен-жайы __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Телефон нөмірі, факс ________________________________________________
Код _________________________________________________________________
Өтінішті толтырған күні _____________________________________________
Қолы ________________________________________________________________
Оқу орны басшысының аты-жөні  _______________________________________
_____________________________________________________________________

МО Қолы

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы 
№ 99 бұйрығына 5-қосымша

Кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын
ұйымдастыру және өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері мен мамандықтары бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізуді ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.
      2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері кадрларды кәсіби даярлау сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтарының (кәсіптерінің) беделін арттыру, республикадағы кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау жүйесін насихаттау, дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау көрсету болып табылады.
      3. Республикалық конкурсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітіруші курстарының білім алушылары қатысады.
      Конкурстың қорытынды турына облыстық, Астана және Алматы қалалық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары қатысады.

2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      4. Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
      Бірінші турды ұйымдастыру комитетінің құрамын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының басшысы, екінші турды ұйымдастыру комитетінің құрамын облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының бастықтары бекітеді, үшінші турды ұйымдастыру комитетінің құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен бекітіледі.
      5. Ұйымдастыру комитеті:
      1) конкурсты дайындауды және өткізуді;
      2) конкурстық тапсырмаларды әзірлеуді және дайындауды;
      3) конкурсты өткізуге арналған үй-жайды және жұмыс орындарын дайындауды;
      4) конкурс барысында анықталған еңбектің алдыңғы қатарлы әдістері мен әдістемелерін бағалауды, таңдауды, жалпылауды қамтамасыз етеді.
      6. Конкурс мынадай турлардан тұрады:
      1) конкурстың бірінші турын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өткізеді;
      2) конкурстың екінші туры облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары осы Қағидаға сәйкес өткізеді;
      3) конкурстың қорытынды үшінші турын Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өткізеді.
      7. Конкурсты өткізу уақыты мен орнын конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.
      8. Республикалық конкурс өткізілетін кәсіптерді (мамандықтар) немесе кәсіптердің тобын Министрлік айқындайды.
      9. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларына конкурстың 1-тур жеңімпаздарының мынадай құжаттарын ұсынады:
      1) қазылар алқасының шешімінен үзінді;
      2) мінездеме - ұсынымдама;
      3) 3х4 см. көлеміндегі және 24х30 см. көлеміндегі 3 түрлі-түсті фотосурет.
      10. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары Министрлікке конкурстың облыстық 2-тур жеңімпаздарының мынадай құжаттарын ұсынады:
      1) қазылар алқасының шешімінен үзінді;
      2) мінездеме - ұсынымдама;
      3) 3х4 см. көлеміндегі және 24х30 см. көлеміндегі 3 түрлі-түсті фотосурет.
      11. Конкурстың бағдарламасы 6 конкурстық тапсырманы қамтиды:
      1) «Таныстыру» конкурсқа қатысушының өзін-өзі таныстыруы (5 минут) 5 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      2) «Тестілеу» - жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша білімі - (45 минут). 20 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      3) «Кәсіби шеберлік» - тапсырманы орындау барысында жоғары кәсіби шеберлігін көрсете білуі (40 минут). 30 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      4) «Спорттық шеберлік» - спорттық жарыстар (30 минут) 15 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      5) «Қалыпты емес жағдай» - конкурсқа қатысушының жұмыс іздеу, жұмысқа орналасу және кәсіптік тапсырмаларды шешіп, өз бетінше шешім қабылдай білуін анықтауға мүмкіндік беретін психологиялық ойын жағдайы (7 минут) 10 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      6) «Он саусағынан өнер тамған» - конкурсқа қатысушының авторлық шығармашылығы, шығармашылық шешімінің бірегейлігі, орындау мәдениеті (7 минут) 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.

3. Конкурстың қазылар алқасы және жеңімпаздарды марапаттау

      12. Жыл сайын бірінші турдың қазылар алқасының құрамы техникалық және кәсіптік білім ұйымының басшысымен, екінші турдың қазылар алқасының құрамы облыстық, Астана және Алматы қалалық басқармалары бастықтарымен, үшінші турдың қазылар алқасының құрамы Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.
      13. Қазылар алқасы конкурстың әр қатысушының жұмысын мынадай өлшемдер бойынша бағалайды:
      1) нақты кәсіп пен мамандық бойынша кәсіптік және оқыту бағдарламалары шеңберінде жалпы техникалық және арнайы пәндердің мазмұнын білуі;
      2) кәсіптік даярлау дағдылары мен шеберлігін практикада қолдануы;
      3) біліктілік, шығармашылық бастамашылық және ойлауының бірегейлігі;
      4) шығармашылық қабілеттілігі;
      5) спортпен шұғылдануы.
      14. Қазылар алқасы конкурстың номинацияларын белгілейді, Конкурс жеңімпаздарын анықтайды, "Бас жүлдені" бірінші, екінші және үшінші орындарды береді және оларды дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады