"Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 ақпандағы № 31-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 мамырда № 7647 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 15 тамыздағы № 208-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.08.15 № 208-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4979 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 16 қарашада № 176 (1379) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Өтініш беруші магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беруге арналған өтінішті және мыналар:
      1) жер учаскесіне меншік құқығын белгілеуші және сәйкестендіру құжатының;
      2) жүктің тегі мен көлемін көрсете отырып, жоспарланып отырған жылдық жүк айналымы туралы мәліметтердің;
      3) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған кірме жолды салу (реконструкциялау) кезінде - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жазбаша келісімінің;
      4) кірме жолдың жалғасу жерін таңдау актісінің;
      5) жобаланып отырған немесе реконструкцияланатын кірме жолды, ал қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде - жобаланып отырған және қолда бар темір жолдың эстакадаларын көрсете отырып ситуациялық жоспардың;
      6) магистральдық темір жол желісі операторының кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат берудің мақсаттылығы туралы қорытындысымен бірге кірме жолдарды жалғастыруға арналған техникалық шарттарының;
      7) өтініш берушінің (заңды тұлға, дара кәсіпкер үшін) құрылтай құжаттарының, мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжаттың не нотариус растаған жеке куәліктің (жеке тұлғалар үшін) көшірмелерін ұсынады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жеке тұлға ұсынған құжаттар тігіледі, нөмірленеді және оның қолымен расталады, ал заңды тұлғаның - тігіледі, нөмірленеді, мөрмен және өтініш берушінің бірінші басшысының не міндеттер жүктеу туралы бұйрықты қоса бере отырып оны алмастыратын тұлғаның қолымен расталады.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беруге арналған өтініш нысанын уәкілетті органның кеңсесі береді, сондай-ақ ол уәкілетті органның www.regulator.kz интернет–ресурсында орналасқан.
      Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат алуға қажетті құжаттар пошта арқылы жіберіледі немесе уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады.
      Өтініш беруші (өтініш берушінің өкілі) құжаттарды тікелей уәкілетті органның кеңсесіне тапсырған жағдайда, кеңсе қызметкері осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат алуға өтінішті қабылдағаны туралы талон береді, онда тіркеу күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ өтініш берушінің магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат алған күні көрсетіледі.
      Жазбаша өтінішті тіркеу кезінде өтініштің бірінші парағында мөртабан басылады, онда тіркеу нөмірі мен тіркеу күні көрсетіледі.
      Құжаттарды пошта арқылы жіберген жағдайда өтініш беруші уәкілетті органның кеңсесінен ақпарат алады.
      Уәкілетті орган магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсатты өтініш берушіге жеке не оның өкіліне сенімхат арқылы береді немесе пошта арқылы жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
      «6-2. Уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Осы Ереженің 5-тармағына сәйкес құжаттар толық ұсынылмаған және осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды қараусыз екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарады.»;
      10 және 10-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдардың жалғасуына рұқсат беру және магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдардың жалғасуына рұқсат беруден жазбаша дәлелді бас тарту жазбаша нысанда ресімделеді және уәкілетті лауазымды тұлға қол қояды.
      Уәкілетті орган магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдардың жалғасуына рұқсат берілгені туралы магистральдық темір жол желісінің операторына бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.»;
      «10-1. Егер уәкілетті орган осы Ереженің 9-тармағында белгіленген мерзімде өтініш берушіге рұқсат бермегені не өтініш берушіні рұқсат беруден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарламаған жағдайда, онда осы Ережеде белгіленген мерзім өткен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кейін өтініш беруші уәкілетті органды кірме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастыру әрекеттерінің басталуы туралы хабардар етеді.
      Уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушінің жазбаша хабарламасында көрсетілген күнінен бастап рұқсат береді.»;
      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін және жарияланғаны туралы мәліметтерді кейіннен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (М.Ш. Мукушева) ұсынсын;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.В. Шкарупаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     М. Оспанов

      КЕЛІСІЛГЕН:                       КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрi         Қоршаған ортаны
      ___________ С. Қайырбекова        қорғау министрi
      2012 жылғы 28 наурыз              ___________ Н. Қаппаров
                                        2012 жылғы 9 сәуір

      КЕЛІСІЛГЕН:                       КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация министрі  Жер ресурстарын басқару
      _____________ А. Жұмағалиев       агенттігінің төрағасы
      2012 жылғы 15 наурыз              _______________ Қ. Отаров
                                        2012 жылғы 24 сәуір

Қазақстан Республикасы 
Табиғи монополияларды  
реттеу агенттігі төрағасының
2012 жылғы 27 ақпандағы
№ 31-нқ бұйрығына  
1-қосымша      

Магистральдық және станциялық
жолдарға кірме жолдарды 
жалғастыруға рұқсат беру
ережесіне       
1-қосымша       

Нысан

____________________________________
(магистральдық және станциялық жолдарға
кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру
мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік
органның толық атауы)

______________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты/заңды
тұлғаның атауы, мекенжайы және телефоны)

Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды
жалғастыруға рұқсат беруге арналған өтініш

_______ жылғы _________ № ___ техникалық шарттарына сәйкес _________
________________________________________________________ станциясында
                         (мекенжай)
__________________________________________________ үшін магистральдық
              (жүктің түрін көрсету)
және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Қосымша _________ парақ.

Жеке тұлғаның тегі, аты,   ______  ___________________________
әкесінің аты/заңды         (қолы)  (мөрмен расталған заңды тұлғаның
тұлғаның лауазымы                  бiрiншi басшысының не оны
                                   алмастыратын тұлғаның тегі,
                                   аты, әкесінің аты)

________________________
      (өтініш күні)

      Ескерту: заңды тұлға кірме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастыруға рұқсат беруге өтініш ұсынған жағдайда шығыс нөмір мен күнді көрсетеді.

Қазақстан Республикасы 
Табиғи монополияларды  
реттеу агенттігі төрағасының
2012 жылғы 27 ақпандағы
№ 31-нқ бұйрығына  
2-қосымша      

Магистральдық және станциялық
жолдарға кірме жолдарды 
жалғастыруға рұқсат беру
ережесіне       
2-қосымша       

Кірме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға
жалғастыруға рұқсат беруге өтініш қабылдау туралы талон

_____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты/заңды тұлғаның лауазымы)

20 ____ ж. «_____» ____________ сағ._____ мин.

Өтінішті қабылдады __________________________________________________
                      (кеңсе қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты)

      Мемлекеттік қызметті алған күні 20 __ ж. «___» ___ сағ.___ мин.
      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі кеңсесінің лауазымды тұлғалары шағымды қарау барысы туралы хабарлау мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, 641-кабинет, 8 (7172) 74-11-98 жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады