Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 15 тамыздағы № 208-НҚ бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                         М. Оспанов

      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      __________________А. Жұмағалиев
      2012 жылғы 8 қыркүйек

Қазақстан Республикасы     
Табиғи монополияларды      
реттеу агенттігі төрағасының
2012 жылғы 15 тамыздағы    
№ 208-НҚ бұйрығына қосымша 

Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) «Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4979 нөмірмен тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2007 жылғы 16 қарашадағы № 176 (1205) нөмірінде жарияланған));
      2) «Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы № 63-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5607 нөмірмен тіркелген, «Юридическая газета» газеті, 2009 жылғы 8 мамыр, № 69 (1666), «Заң газеті» газетінде, 2009 жылғы 8 мамырдардағы, № 69 (1492), нөмірінде жарияланған));
      3) «Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 22 қазандағы № 305-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6647 нөмірмен тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 1 қаңтардағы № 1 (26403) нөмірінде жарияланған));
      4) «Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 21-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6764 нөмірмен тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 8 сәуірдегі, № 118-119 (26539-26540); «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 6 мамырдағы № 186-187 (26589) нөмірінде жарияланған));
      5) «Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 ақпандағы № 31-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7647 нөмірмен тіркелген, «Егемен Қазақстан» газеті 2012 жылғы 26 маусымдағы № 346-351 (27425); «Казахстанская правда» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 201-202 (27020-27021) нөмірінде жарияланған)).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады