Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 16 мамырда № 7664 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығымен.

      Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

            Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.03.2021 № 63 (01.07.2021 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қолданыстағы оң қорытындысы бар жол берілетін шекті шығарындылар, төгінділер нормативтерінің жобалары және қалдықтардың орналасуы жобалары қорытындысының күші жойылғанға дейін жарамды.

      3. "Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 158 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4726 тіркелген, "Заң газеті" 2007 ж. 10 тамыз № 122 (1151), "Ресми газет" 2007 ж. 13 қазан № 41 (354) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Қаппаров


      Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
2012 жылғы 16 сәуірдегі
№ 110-ө бұйрығына
қосымша

      Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 11.12.2013 № 379-ө бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      1. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына және 28-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері әдістеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Есептеу жолымен әртүрлі орталарға эмиссиялар нормативтері, соның ішінде атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттардың шекті жол берілген шығарындыларының, су объектілеріне, жергілікті жер бедеріне, сүзгілеу алаңдарына, сарқынды сулар жинақтауыштарына ластаушы заттардың төгінділерінің нормативтері, өндіріс және тұтыныс қалдықтарын орналастыру нормативтері айқындалады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 17.06.2016 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Эмиссиялар нормативтерінің шамалары шаруашылық және басқа әрекеттердің қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына тигізетін кері әсерлерін азайту мақсатында техникалық шараларды өткізу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.

      Эмиссиялардың әрбір станционарлық көзі үшін және кәсіпорынды толық алғанда есептемелердің негізінде шекті жол берілген шығарындылары мен төгінділерінің нормативтері, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын орналастыру және тұтыну нормативтері қоршаған ортаның сапасы нормативтеріне жету мақсатында санитариялық қорғаныш аймағы және жақын орналасқан селитебтік аумақтар шекарасында белгіленеді.

      Қоршаған ортаның сапасы нормативтеріне жетуді қамтамасыз ету мақсатында ластаушы заттардың эмиссиялары деңгейін төмендету бойынша техникалық шараларды жүзеге асыруды аяқтауға дейінгі мерзімге эмиссиялардың нормативтік көлемдері - лимиттері есептеумен кезең-кезеңмен белгіленеді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 17.06.2016 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттар
шығарындыларының нормативтерін есептеу

      4. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері (рұқсат етілген шекті шығарынды - РЕШШ) өнеркәсіп кәсіпорындарының даму болашағын және атмосферада зиянды заттардың сейілуін ескере отырып, осы көзден және қаланың немесе басқа елді мекеннің көздерінің жиынтығынан жер бетіндегі шоғырлану елді мекендердің және санитарлық қорғаныш аймақтарының рұқсат етілген шекті шоғырлануларынан аспайтындай етіп әрбір нақты атмосфераны ластау көзі үшін анықталады.

      Жалпы кәсіпорын үшін шығарындылар нормативтері осы кәсіпорынның қолданыстағы, жобаланатын және қайта жаңартылатын ластаушы көздері үшін шығарындылар нормативтері мәндерінің жиынтығы бойынша белгіленеді. Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу кезінде атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері (г/с, т/жыл), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9915 болып тіркелген) бекітілген, Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген көлемдері негізінде анықталады.

      Технологиялық үдерістің құрамдас бөлігі болып табылатын дүркінді шығарындылар үшін бір реттік және жылына қосындылық шама (г/с, т/жыл) бағаланады. Ең жоғарғы бір реттік дүркінді шығарындылар (г/с) өздерінің қызқа мерзімділігіне байланысты нормаланбайды және атмосферада зиянды заттарды таралуын есептегенде есепке алынбайды. Дүркінді шығарындылардың жыл бойына қосынды шамасы жабдық жұмысының штаттық режимін есепке ала отырып, жалпы жылдық шығарындыны белгілеген кезде нормаланады (т/жыл).

      Ықтимал болатын апаттық жағдайлармен байланысты апаттық шығарындылар нормаланбайды. Кәсіпорында экологиялық төлемдерді есептеу үшін өткен жылға іс жүзіндегі апаттық шығарындылардың есебі ұйымдастырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 17.06.2016 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Егер РЕШШ шамалары объективтік сипаттағы себептер бойынша осы уақытқа қамтамасыз етілмесе, әрекеттегі кәсіпорындардан зиянды заттардың шығарындыларын елді мекендердің ауасында зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануларын сақтауды қамтамасыз ететін шамаларға дейін кезеңдеп азайту қарастырылады.

      Бұл үшін РЕШШ нормалау кезінде РЕШШ ақырғы нормасының шамасымен қатар жыл сайынғы (нормалаудың әр жылына) эмиссиялардың нормативтік көлемдері - зиянды шығарындыларды кезеңдеп азайтуды қамтамасыз ететін РЕШШ жету шараларын жүзеге асыру кезеңіне зиянды заттардың шығарындыларын шектейтін лимиттер (г/с, т/жыл) анықталады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Белгіленген мерзімге РЕШШ жетуді негіздеу үшін кәсіпорын РЕШШ нормативтеріне жету мақсатында ластаушы заттардың шығарындыларын (төгінділерін) азайту жөніндегі шаралар жоспарын құрады (бұдан әрі – шаралар жоспары).

      Эмиссиялардың нормативтік көлемдері - лимиттер нормаланатын мерзімнің әр жылына кәсіпорында орнатылған табиғат қорғау жабдығын барынша толық және тиімді пайдалануға, өндіріс технологиясын сақтауға, шығарындылардың нормативтерінің жобасының құрамдас бөлігі болып табылатын шаралар жоспарына тиісті зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға сәйкес болады.

      Шығарындылардың нормативтерін есептеу кезінде шараны орындағаннан кейін шараның тиімділігі ол аяқталған жыл басталатын жылға есептеледі.

      РЕШШ жету үшін атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын азайту бойынша іс шаралар жоспарының орындалуы міндетті.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. РЕШШ белгілеу кезінде кәсіпорындардың даму перспективаларын, аймақтың физикалық-географиялық және климаттық шарттарын, өнеркәсіп алаңдары мен тұрғын үйлердің, санаторийлердің, демалыс аймақтарының орналасуын, өнеркәсіп алаңдары мен қоныстану аумақтарының өзара орналасуын ескеріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Зиянды заттардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған шығарындыларының алдын алу және ең жоғарғы азайту үшін ең үздік қол жетімді технологияар қолданылады.

      9. Шығарындылар нормативтері атмосфераны ластау көзінің әрқайсысы үшін және толығымен кәсіпорынға айқындалады. Нормалаудың сол жылына жататын жеке көздері үшін айқындалатын шығарындыларды қосу нәтижесінде кәсіпорындар немесе нысандар үшін және олардың толықтай кешені үшін шығарындылар нормативтерінің мәндері анықталады.

      Қосынды шығарындыларды г/с, т/жыл анықтау кезінде жабдық жұмысының стационарлық еместігі (бір уақытты еместігі) есепке алынады.

      10. Шығарындылар көздерінің тізбесі және олардың сипаттамалары жобаланатын объектілер үшін - жобалау ақпаратының негізінде, қолданыстағы объектілер үшін - атмосфералық ауаға ластаушы заттардың РЕШШ нормативтерінің жобасын әзірлеудің бірінші кезеңі болып табылатын, атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының және олардың көздерінің түгендеуі негізінде айқындалады.

      Түгендеу нәтижелері бойынша көздер құрамы мен нормалауға жататын зиянды заттар тізбесі белгілену керек.

      Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарындыларын және олардың көздерін түгендеуді жүргізу бойынша әдіснама осы Әдістеменің 1-қосымшасында көрсетілген.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жүргізілген шығарындыларды түгендеу нәтижелері бойынша осы Әдістеменің 2-қосымшасындағы ңысанға сәйкес атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының және олардың көздерінің түгендеу бланкілері толтырылады.

      12. Жаңа, сонымен қатар қайтадан құрылатын және кеңейтілетін кәсіпорындар үшін РЕШШ нормативтері осы нысандарды пайдалануға қабылдау сәтіне қаматамасыз етіледі.

      Қайтадан құрылатын және кеңейтілетін кәсіпорындар үшін нормативтер кәсіпорынның қолданыстағы және жаңа барлық шығарынды көздерінің өзара әсерлерін есепке ала отырып, толықтай кәсіпорын үшін белгіленеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Кәсіпорын шығарындыларының нормативтері даму перспективасын, басқаша айтқанда технологиялық регламентпен қарастырылған желдету және шаң тазарту жабдықтарының жүйесі мен құрылысын қосқанда, жабдықты іске қосу және оны пайдалану режимдерін есепке ала отырып, оның қалыпты жұмыс істеу шарттары үшін айқындалады.

      Бұл жағдайда қолданыстағы кәсіпорындар үшін жобамен белгіленген көрсеткіштердің шектерінде соңғы 2-3 жыл үшін жабдықтың іс жүзіндегі ең жоғарғы жүктемесі есепке алынады.

      РЕШШ есептеуге арналған әрекеттегі жағдайға және перспективасына шығарындылардың көздерінің атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларының параметрлері осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кестеде келтірілген.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Кәсіпорынды кеңейту, қайта құру кезінде даму перспективасына зиянды заттардың шығарындыларының жаңа көздері мемлекеттік экологиялық экспертизаның оң қорытындысын алған алға қойылған әрекеттің жұмыс жобаларына сәйкес есепке алынады.

      Жұмыс жобаларын әзірлеусіз кәсіпорынның ағымдағы шаруашылық әрекетін қамтамасыз ету үшін енгізілетін зиянды заттардың шығарындыларының көздері РЕШШ нормативтерінің құрамында есепке алынады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Шығарындылар нормативтері уақыт бірлігінде (секундта) тасталатын зиянды зат салмағы (грамдарда) ретінде анықталады. Ең жоғарғы бір реттік рұқсат етілген тастандылармен (г/с) қатар шаралар жоспарына сәйкес атмосфераға тасталатын зиянды заттар шығарындыларын азайтуды есептеп, әр көз үшін жеке және толығымен кәсіпорынға рұқсат етілген шығарындылардың жылдық шамасы жылына тонналарда (т/жыл) белгіленеді. Шаралар жоспарының нысаны осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген.

      Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттардың тізбесі "Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10302 болып тіркелген).

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. РЕШШ нормативтері объектінің санитарлық-қорғаныш аймағының шекарасында, сондай-ақ жақын тұрғын үй аймағының аумағында атмосфералық ауаның жерге жақын қабатындағы ластаушы заттардың ең жоғары бір реттік шоғырлануы аялық шоғырлануларды ескере отырып, елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін тиісті гигиеналық нормативтерден аспайтындай етіп белгіленуі тиіс.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Нормалау жылдары бойынша және кәсіпорын бойынша ластаушы заттардың шығарындыларының нормативтері РЕШШ жету мерзіміне шығарындылар нормативтері осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кестеде келтірілген.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Курорттарды санитариялық қорғау аймақтары, ірі сауықтыру орындары мен демалыс үйлерінің орналасу орындары, қалалардың демалыс аймақтары үшін, сондай-ақ, атмосфералық ауаны қорғауға жоғары талаптар қойылатын басқа да аумақтар үшін әлеуетті қауіпті химиялық заттардың рұқсат етілетін ең жоғарғы бір реттік шекті шоғырланулары 0,8 РЕШШе.б. ауыстырылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Жылжымалы көздердің қозғалтқыштарынан газ ауа қоспасының ең жоғарғы бір реттік шығарындылары (г/с) жылжымалы көздердің жұмысы олардың стационарлық орналасуымен байланысты болған жағдайда ғана атмосфералық ауаға әсерді бағалау мақсатында есепке алынады.

      Жылжымалы көздердің қозғалтқыштарынан жалпы шығарындылар (т/жыл) нормаланбайды және зиянды заттар шығарындылардың жалпы көлеміне енгізілмейді.

      20. Қатты бөлшектердің (шаңның) жер беті шоғырлануларын анықтау үшін атмосфералық ауада төселетін бетке аталған бөлшектердің гравитациялық шөгу жылдамдығын есепке алатын Ғ өлшемсіз коэффициент қолданылу керек.

      Ғ коэффициентінің шамасы шаңның құрамына және көзде орнатылған шаңтазартқыштың тиімділігіне байланысты 1-ден 3-ке дейін өзгереді. Егер тасталатын шаң бөлшектерінің салмағын өлшемдері бойынша бөлу туралы мәліметтер болған жағдайда Ғ коэффициентінің шамасы нақтылануы мүмкін.

      Шығарындылардың құрамындағы зиянды заттар қатарының диспенсерлік құрам туралы қолдағы мәліметтерге тиісті атмосферада сейілуді есептеу кезінде электр- немесе газдәнекерлеу әдістерімен металдарды пісіру немесе кесу кезінде қатты бөлшектер, жылжымалы көлік құралдарының қозғалтқышы жұмыс істеп тұрғанда қорғасын пен оның қосылыстары, қазандықтардан - бенз(а)пирен мен күйе, жану үдерістерінде – диоксиндер (фурандар), ілеспе мұнай газын жаққанда – күйе үшін F = 1 параметр шамасын қабылдау ұсынылады.

      Бұнда шығарындыларды тазартуға және диспенсерлік құрамына тәуелсіз атмосфераға шыққаннан кейін (ылғалды тәсілмен глинозем өндіргенде) бірден оның қарқынды конденсациясы бақыланатындай құрамында су буының көлемі жыл бойында жеткілікті шығарындылар үшін параметр шамасы F = 3.

      21. Атмосфераның ластануын есептеу және шығарындыларын анықтау кезінде технологиялық үдерістер мен көлік құралдарының барлық түрлері үшін атмосфераға түсетін азот тотықтарының толық немесе жартылай өзгеруін есепке алу керек. Бұл үшін есеп бойынша немесе аспаптық өлшемдермен белгіленген азот тотықтарының (МNOх) шығарындыларының мөлшері NO2 қайта есептегенде келесі құрамдастырушыларға бөлінеді азот оксиді (NO) мен азот диоксиді. NOх өзгеру коэффициенттерді ең жоғарғы белгіленген өзгеру деңгейінде қабылданады, басқаша айтқанда 0,8 – NO2 үшін және 0,13 – NO үшін. Сонда жеке шығарындылар келесі формулалар бойынша анықталады:

      МNO2 сек. = 0,8 х МNOx сек., МNO2 жыл. = 0,8 х МNOx жыл., (1)

      МNO сек. = 0,13 х МNOх сек., МNO жыл. = 0,13 х МNOх жыл. (2)

      22. РЕШШ нормалау кезінде объектінің санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі - СҚА) көлемінің жеткіліктілігін бағалау жүзеге асырылады. СҚА режимін айқындау тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11124 болып тіркелген), "Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) белгіленеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын нормалау елді мекендердің атмосфералық ауа сапасының гигиеналық өлшемдерін сақтау қажеттілігіне негізделген.

      Бұл жағдайда төмендегі қатынасты орындау керек:

      С/РЕШШ < 1 (3)

      мұнда С - ауаның жер үсті қабатында зиянды заттың есептік шоғырлануы;

      Санитариялық қағидаларға сәйкес, "РЕШШ - елді мекендердің атмосфералық ауасында зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануы.

      Елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін гигиеналық нормативтер ретінде атмосфераға шығарындыларды нормалау мақсатында әлеуетті - қауіпті химиялық заттардың рұқсат етілген ең жоғарғы бір реттік шоғырлануының мәндері (РЕШШе.б.) егер болмаған жағдайда - әлеуетті - қауіпті химиялық заттардың бағдарлы қауіпсіз әсерлер деңгейлері (бұдан әрі - БҚӘД) нормативтерінің мәндері қабылданады.

      Егер зат үшін тек рұқсат етілетін орташа тәуліктік шоғырлануы (РЕШШо.т.) болса, онда ол үшін төмендегі қатынас қолданылады:

      0,1 С<РЕШШо.т (4)

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Атмосфералық ауада әрекеттері жинақталатын қасиеттері бар бірнеше (n) зиянды зат бірге болған жағдайда олардың шоғырлануының қосындысы келесі формуламен есептеу кезінде бірден аспау керек:

      С1/РЕШШ1 + С2/РЕШШ2 + … Сn/РЕШШn<1 (5)

      мұнда С1, С2,...... Сn – атмосфералық ауада заттардың іс жүзінде шоғырлануы;

      РЕШШ1, РЕШШ2,......РЕШШn - сол заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланулары.

      Көпкомпонентті қоспалардың құрамдастырылған әрекеті денсаулық сақтау саласының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес есептеулерде есепке алынады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. РЕШШ анықтау кезінде атмосфераны ластау көзі үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауадағы қаланың немесе басқа елді мекеннің басқа көздерінен (оның ішінде, автокөліктен) зиянды заттардың аялық шоғырлану шамалары Сф (мг/м3) есепке алынады. Бұл үшін (3) қатынаста С орнына С + Сф қабылданады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. РЕШШ белгілеген кезде атмосфераның ластануын есептеу белгіленген тәртіпте келісілген бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 221-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9585 болып тіркелген), кәсіпорындар шығарындыларынан болатын атмосфералық ауадағы зиянды заттардың концентрациясын есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Кәсіпорын басшысы (тапсырыс беруші) бекіткен шығарындылар нормативтерін белгілейтін құжаттама, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 49-бабына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға беріледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. РЕШШ нормативтері кемінде он жылда бір рет қайта қарастырылады.

      Кәсіпорын бастамасы бойынша қолданыс мерзімі біткенге дейін рұқсат етілетін шекті шығарындылардың ерте белгіленген нормативтерін қайта қарастырудың себебі:

      1) атмосфераны ластаудың жаңа көздерін немесе параметрлерінің өзгеруін ескеру қажеттігі;

      2) шығарындылар көздерінің санын қысқартуға немесе ұлғайтуға әкеп соғатын заңды тұлға - табиғат пайдаланушының қайта ресімделуі, егер кәсіпорынды қайта ұйымдастырған жағдайда РЕШШ белгілеу бойынша құжаттама құрамында шығарындылар көздері бойынша бөлгіш теңгерімді беру қажет.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Қолданыс мерзімі біткенге дейін РЕШШ нормативтерін қайта қарастыру (түзету) кезінде жаңа нормативтерді белгілеудің әрекеттері, РЕШШ қолданыстағы нормативтерін анықтаған кезде өткізілген түгендеу нәтижелеріне негізделе алады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Шығарындылар нормативтері белгіленген табиғатты пайдаланушылар өз техникалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын қадағалау үшін қажет көлемде әзірленген бағдарлама негізінде жол берілген шығарындылардың өндірістік экологиялық бақылануын жүргіледі.

      31. Азот оксидінің МNOх шығарындыларын бақылау кезінде (NO2 есептеген кезде) көзден азот диоксидінің (MNO2) және азот оксидінің (MNO) шығарындыларының көлемі газталдағыш аспабын тиісті баптауларын беру арқылы атмосферада оксидтердің өзгеруін немесе есептеуді ескеріп анықталады.

      32. Метеорологиялық жағдайлар қолайсыз болған кезде кәсіпорын халқының денсаулығы үшін қауіпті болатын атмосфераны ластаудың қысқа мерзімдік кезеңінде кәсіпорынның жұмысы жартылай немесе толық тоқтағанға дейін зиянды заттардың шығарындыларының төмендетілуін қамтамасыз етеді.

      33. Апат нәтижесінде жол берілген шығарындылар асқан кезде кәсіпорын қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органға дереу хабарлауға, кәсіпорынды тоқтатқанға дейін атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын азайту, атмосфераны ластаудың салдарын жою бойынша шаралар қолдануға, сондай-ақ апат пен қолданылған шаралар туралы ақпарат береді.

      34. Жалпы алғанда кәсіпорын үшін зиян заттардың шығарындыларын төмендету тиімділігі барлық техникалық ықтимал жағдайларда тікелей құрал-саймандық өлшемдер деректері бойынша анықталатын көздерде шығарындыларды төмендету бойынша бағаланады. Мұның өзінде шығарындыларды төмендетудің жылдық көлемін есепте осы өндіріс үшін әрекет ететін шығарындыларды есептеу әдістемесіне сәйкес орындалады.

      2. Ластаушы заттар төгінділерінің нормативтерін есептеу

      35. Жер үсті су объектілеріне, жергілікті жер бедеріне, сүзгілеу алаңдарына және сарқынды сулар жинақтауыштарына сарқынды сулармен ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті төгінділер (бұдан әрі - РЕШТ) нормативтері сарқынды сулардың әрбір шығарылуы үшін есептеледі. Жалпы кәсіпорын үшін РЕШТ нормативтері осы кәсіпорынның қолданыстағы, жобаланатын және реконструкцияланатын жеке ластаушы көздері үшін, РЕШТ мәндерінің жиынтығы бойынша белгілейді.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Қалалық кәріз желілеріне бұрылатын өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар үшін РЕШТ нормативтері белгіленбейді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Тек жылулық ластануы бар нормативтік (шартты) таза сарқынды суларды су объектілеріне төгу кезінде ластаушы заттардың РЕШТ нормативтері белгіленбейді.

      Нормативтік (шартты) таза сарқынды сулар дегеніміз - қосалқы операциялар мен үдерістерде технологиялық аппаратура мен қуаттық агрегаттарды салқындатқаннан түзілетін, ластанбаған, бірақ жоғары температурасы бар сулар.

      Бұл ретте төгілетін сулар құрамының су объектісінің су бұру ауданындағы (бір су объектісінде суды пайдалану шартымен) су құрамына сәйкестігі бөлігінде бақылау жүргізу қажет.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Жабдықты салқындатудың технологиялдық сұлбасында май жүйелері болған кезде мұнай өнімдері үшін РЕШТ нормативтері белгіленеді.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Шығарымдар тізбесі мен олардың сипаттамалары жобаланатын объектілер үшін жобалау ақпараты негізінде, қолданыстағы объектілер үшін – сынамаларды іріктеуді жүргізумен және аналитикалық зерттеулермен сүйемелденетін шығарымдарды түгендеу негізінде анықталады.

      40. Сарқынды сулардың шығарымдарын түгендеу нәтижелері осы Әдістеменің 6-қосымшасына сай нысан бойынша беріледі.

      Сарқынды суларды тазалау бойынша имараттар болған кезде тазалау имараттарының тиімділігі Әдістеменің 7-қосымшасына сай нысан бойынша беріледі.

      41. РЕШТ шамалары сарқынды сулардың бір сағаттағы ең жоғары шығынының q (м3/сағ) төгуге рұқсат етілген ластаушы заттардың шоғырлануына (СРЕШТ, г/м3) туындысы ретінде анықталады. Сарқынды сулар төгінділерінің шарттарын есептеу кезінде бастапқысында бақылау бекітпесінде судың нормативтік сапасын қамтамасыз ететін СРЕШТ мәні айқындалады, содан кейін РЕШТ (г/сағ) формулаға сәйкес айқындалады:

      РЕШТ = q х СРЕШТ, г/сағ, (6)

      мұнда q - сарқынды сулардың бір сағаттағы ең жоғары шығыны, м3/сағ;

      СРЕШТ - төгуге рұқсат етілген ластаушы заттың шоғырлануы, г/м3.

      Ең жоғары рұқсат етілген төгінділермен (г/с) қатар, әр шығарым мен жалпы алғанда кәсіпорын үшін жылмен тоннада рұқсат етілген төгінділердің жылдық мәндері (лимиттері) белгіленеді.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттардың тізбесі "Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10302 болып тіркелген).

      РЕШШ көлемін анықтау үшін есептеу шарттары (бастапқы деректер) өткен үш жылдың деректері немесе, егер олар кеңейтудің, реконструкциялаудың алдын ала келісілген жобалары бойынша шын мәнінде белгілі болса, перспективтік қолайлылығы аздау мәндер бойынша таңдалады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Әр су пайдаланушы үшін РЕШТ нормативтерін есептеуге қосылатын заттар тізбесі шаруашылық субъекттің суды пайдаланудың арнайы жағдайларына тәуелді болып, РЕШТ нормативтерін есептеу бойынша материалдар құрамында бекітіледі.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Егер жұмыс істейтін кәсіпорынның іс жүзіндегі төгінділері есептік РЕШТ кем болса, онда РЕШТ ретінде іс жүзіндегі төгінділер қабылданады.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Жобаланатын кәсіпорындардың РЕШТ шамалары жобалық құжаттаманың құрамында айқындалады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Су объектілеріне төгінділер нормативтері бақылау бекітпесінда су сапасы нормаларын қамтамасыз ету мақсатында уақыт бірлігінде су объектісінің аталмыш пунктінде белгіленген тәртіппен төгуге ең жоғарғы жол берілетін, сарқынды сулардағы заттардың массасы деп түсінілетін жол берілген төгінділердің есептік мәндері болып табылады.

      47. Төгінділер нормативтері орнатылған бақылау бекітпесінде ластаушы заттардың РЕШШ артуына жол бермеу жағдайларына сүйене отырып немесе шаруашылық-ауыз су, коммуналдық-тұрмыстық немесе барық шаруашылығы мақсаттар үшін оны мақсатты пайдалану үшін ескере отырып, су обьектісі бөлімінде белгіленеді.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Бақылау бекітпесі табиғи суларды ластау көзінен (сарқынды суларды төгу, пайдалы қазбаларды өндіру орындары, су объектісінде жұмыстар жүргізу және т.б.) 500 метр қашықтықта орнатылады.

      49. Су объектілеріне төгінділерді нормалау мақсатында шекті жол берілген шоғырланулар ретінде су объектісінің су пайдалану түріне сәйкес келетін шоғырланулар қабылданады.

      Су объектісін немесе оның учаскесін әртүрлі мақсаттарға бір уақытта пайдаланған жағдайда судың құрамы мен қасиеттеріне белгіленгендердің ішіндегі ең қатаңы нормалары қойылады.

      50. Егер су объектісінің аялық ластануы қандайда бір көрсеткіштер бойынша бақылау бекітпесінде судың нормативтік сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермесе, онда осы көрсеткіштер бойынша РЕШТ су объектілері суының құрамы мен қасиеттеріне қойылатын нормативтік талаптарды сарқынды сулардың өзіне жатқызуды негізге ала отырып белгіленеді.

      Егер, су объектісі сумен қамту және суды бұрудың объектісі бір мезгілде болса, онда ластаушы заттардың нақты төгіндісі г/с және т/жыл массасын есептеу кезінде суды пайдалану нәтижесінде су объектісіне келіп түсетін заттардың сол ғана саны ескеріледі (төгілетін суда болатын ластаушы заттардың жалпы саны сол су объектісінен алынған суда болатын осы заттар санына азаяды).

      Түгендеуде жоғарыда көрсетілген есептік көлемдерін г/с және т/жыл негіздеу үшін төгіндідегі шоғырлану сияқты, сол сияқты кезеңділікпен анықталған нормаланатын заттардың толық тізбесі бойынша, су бөгетінде барлық нормаланатын заттардың шоғырлануы бойынша деректерді көрсету қажет.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Бақыланатын қоспалардың аялық шоғырлануының кезеңдік (бір жолғы) өсуі жағдайында, аялықтың осы өзгеруімен туындаған РЕШТ артуы РЕШТ нормативтерінің бұзылуы болып табылады.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Егер су объектісінің аялық ластануы табиғи себептермен негізделген болса, онда РЕШТ судың қалыптасқан аялық сапасының бақылау тармағында сақтау шарттарына сүйене отырып, белгіленеді.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Егер қолданыстағы кәсіпорынмен сарқынды сулардың төгіндісі РЕШТ нормативтерінің артуымен жүзеге асырылатын болса, объективті сипаттағы себептер бойынша РЕШТ мәндеріне қазіргі таңда қол жеткізу мүмкін болмай отыр, бақылау бекітпесінде РЕШШ сақталуын қамтамасыз ететін мәндерге дейін ластаушы заттардың төгінділерінің кезең-кезеңмен төмендеуі қарастырылады.

      Бұл үшін РЕШТ ақырғы нормасының мәнімен қатар РЕШТ нормалау кезінде төгінлідердің тізбекті азайтылуын қамтамасыз ететін РЕШТ қол жеткізу бойынша іс-шараларды іске асыру кезеңінде ластаушы заттардың шығарындысын шектейтін эмиссиялардың жыл сайынғы (нормалаудың әр жылына) нормативтік көлемдері - төгінділер лимиттері (г/с, т/жыл), анықталады.

      СРЕШТ ретінде эмиссиялардың нормативтік көлемдерін - төгінділер лимиттерін есептеу үшін сарқынды суларды тазалаудың іске асырылатын технологиясын пайдаланған кезде қол жеткізілетін шоғырлану падаланылады, г/м3.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Белгіленген мерзімде РЕШТ жеткізуді негіздеу үшін кәсіпорын ластаушы заттардың төгінділерін төмендету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу тиіс. Жоспар ұсынылған іс-шараларды орындау бойынша кәсіпорынның экономикалық мүмкіндігінің растамасынан тұру тиіс.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Нормалау жылдары бойынша кәсіпорын бойынша ластаушы заттардың төгінділерінің нормативтері осы Әдістеменің 8-қосымшасына сай нысан бойынша келтіріледі.

      56. Табиғи, қалыпты аяға (алюминий, мыс, селен, теллур, фтор иондары және басқалар) өсімдер нормаланатын заттар үшін РЕШТ осы табиғи, қалыпты аяларға жол берілген өсімдерді ескере отырып белгіленуі тиіс.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57. Табиғи сулардың минералдануы жоғары аудандарда орналасқан кәсіпорындар үшін РЕШТ есептеу кезінде 1500 г/м3 шамасын жер үсті суларының шекті минералдану деңгейі ретінде қабылдауға жол беріледі. Теңіз сулары үшін минералдану бойынша РЕШТ белгіленбейді.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Су объектісінің гидрологиялық режимі мен судың аялық құрамы бойынша деректерді су пайдаланушылар су объектісінде бақылау болған жағдайда "Қазгидромет" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жергілікті органдарынан сұратады.

      Казгидромет бақылауы болмаған кезде суды пайдаланушының, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары мен бақылау органдарының бақылауларының деректері пайдаланыла алады.

      59. Жергілікті жер бедеріне немесе сүзгілеу алаңдарына сарқынды сулармен бұрылатын заттардың РЕШТ есептеулері кезінде осы заттың рұқсат етілетін шекті шоғырлануы (СРЕШТ) сүзілген сулардың жер асты суларының ағынында араласуын (n) ескере отырып, су ағу жиегінде ластаушы заттың аялық шоғырлануынан (Са) аспайтындай етіп алынады:

      СРЕШТ = n х Са (7)

      мұнда n – сүзілген сулардың жер асты суларымен араласу еселілігі;

      Са - ластаушы заттың суағу жиегінің аялық шоғырлануы. Са жайылу күмбезінің сыртында орналасқан бақылау ұңғымалары бойынша анықталады. Жаңадан жобаланатын нысандар үшін аялық ретінде мәдени-тұрмыстық пайдалану су объектілері үшін рұқсат етілген шекті шоғырланулары қабылданады (су пайдаланудың II санаты - тұрғындардың демалысы үшін, сондай-ақ елді мекендер шегіндегі су қоймалары) Са = РЕШШм.т.

      Араластыру еселігі келесі формула бойынша анықталады:



      мұнда Vа – сүзілген су шығынын есептеу көлемі,

      Vа = Vжыл + Vс – Vб, м3/жыл, (9)

      бұнда Vжыл – сүзу алаңына апарылатын сарқынды сулар көлемі, м3 жыл;

      Vс – сүзу алаңына түсетін орташа жылдың атмосфералық шөгінділердің саны, м3/жыл;

      Vб – осы бетте буланатын ылғалданатын көлемі, м3/жыл;

      L – сүзілетін сарқынды сулардың жерасты сулармен араласу кезінде су ағу жиегінің қуатын есептеудің өлшемсіз коэффициенті;

      m – су ағу жиегінің қуаты, м;

      р – су ағу жыныстарының кеуектілігі, өлшемсіз коэффициенті;

      S – сүзу алаңы ауданы, м2;

      Т – соңында сүзу алаңындағы жерасты суларында ластаушы заттардың шоғырлануы шекті рұқсат етілген мәннен аспайтын есептік уақыты, жылы:

      Т = tі + 5, (10)

      мұнда tі – жергілікті жер бедерінде төгіндінің жобалық (атап өтілетін) мерзімі;

      Х – бір жолға жерасты сулармен өтетін жол ұзындығы:

      Х = 365. К. Iе, (11)

      мұнда К – сүзу коэффициенті, м/тәулік;

      Iе – жерасты сулары табиғи ағыны еңісінің градиенті, өлшемсіз көлем. Жайылу күмбезінің радиусы мына формула бойынша анықталады:



      мұнда R - жайылу күмбезінің радиусы, м;

      К - сүзілу коэффициенті, м/тәулік;

      Н - топырақ суларының сүзгілеу алаңдарының түбінен орналасуының бастапқы тереңдігі, м;

      h - сүзгілеу алаңдарындағы судың тереңдігі, м;

      m – су ағу жиегінің қуаты, м;

      Р - сүзгілеу алаңының периметрі, м;

      G - сүзгілеу алаңдарына түсетін сарқынды сулардың шығыны, м3/тәулік.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Жинақтауыштарға сарқынды суларды төгу кезіндегі ластаушы заттардың жол берілетін шоғырлануларының есебі мына формула бойынша есептеледі:

      СРЕШТ = Са + (СРЕШШ – Са) х Ка, (13)

      мұнда СРЕШТ- жинақтауышта (бақылау бекітпесінде) судың нормативтік сапасын қамтамасыз ететін, сарқынды сулардағы ластаушы заттың есеппен анықталған шоғырлануы, мг/л;

      Са - ластаушы заттың жинақтауыштағы (бақылау бекітпесіндағы) аялық шоғырлануы, мг/л;

      СРЕШШ - ластаушы заттың сарқынды суларының ақырғы суқабылдағышының суындағы шекті рұқсат етілген шоғырлануы, мг/л;

      Ка - жинақтауыштың ассимиляциялық, булану, сүзгілеу қасиеттерін жиынтықты ескеретін коэффициент.

      Ка коэффициенті мына формула бойынша анықталады:



      мұнда qж - су тоғандарының ішкі үдерістеріне қатысатын, жинақтауыш суының үлесті көлемі, м3/жыл;

      qб - жинақтауыштың бетінен буланатын судың үлесті көлемі, м/жыл;

      qс - жинақтауыштан сүзілетін сарқынды сулардың көлемі, м3 /жыл;

      qп - пайдаланылатын судың көлемі (егер мұндай көлемдер болса), м3/жыл;

      qсар - жинақтауышқа бұрылатын сарқынды сулардың шығыны, м3 /жыл.

      qж qб және qс мәндері мына формулалар бойынша табылады:

      qж = Q / tп, (15)

      qб = Qб / tп, (16)



      мұнда Q - РЕШТ есептеу кезіндегі СС жинақтауышының нақты көлемі, м3:

      tп - жинақтауышты нақты пайдалану уақыты, жылдар;

      Qб - жинақтауыштың буландыру қабілеті, м3;

      K - жинақтауыш арнасының сүзгілеу коэффициенті, м/тәу;

      m - су ағу жиегінің қалыңдығы, м;

      Н - жинақтауыштағы сарқынды сулар бағанасының биіктігі, м;

      R - жинақтауыш ортасынан су ағу жиегінің қалыңдығының қоректену сұлбасына дейінгі қашықтық, м;

      Rж - жинақтауыштың радиусы, м;

      365 - бір жылдағы тәуліктің саны (тәуліктерді жылға аудару).

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. Жинақтауыш сарқындарының бір бөлігін өзендерге немесе суаруға бұрған жағдайда СРЕШШ ретінде сәйкесінше балық шаруашылығы су пайдаланудың рұқсат етілген шекті шоғырланулары (РЕШШбал) және суару суы сапасының нормалары (РЕШШсуғару) алынады.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      62. Егер сарқынды сулардың ақырғы су қабылдағышы ретінде жабық типті жинақтауыш болған жағдайда, яғни суаруға арналған ашық су алу болмағанда немесе жинақтауыш сарқындарының бір бөлігінің төгінділерін өзендерге немесе басқа табиғат объектілеріне тастау жүзеге асырылмағанда, рұқсат етілген шоғырлануының есебі мына формула бойынша жүргізіледі:

      СРЕШТ = Снақты

      мұнда Снақты - тазарту құрылғыларынан кейінгі ластаушы заттардың нақты төгіндісі, мг/л.

      Жинақтауыш мұндай жағдайда сарқынды сулардың жинақтауыш-буландырғышы ретінде пайдаланылады.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Жер үсті су объектілеріне сарқынды суларды төгу кезінде ластаушы заттардың жол берілген шоғырлануларының есебі мына формула бойынша шешіледі:

      СРЕШТ=n x (СРЕШШ - Са) + Са (19)

      мұнда СРЕШШ - ластаушы заттың су объектісі суындағы рұқсат етілген шекті шоғырлануы, г/м3;

      Са - ластаушы заттың сарқынды сулар шығаруынан 0,5 км жоғары су ағысындағы аялық шоғырлануы, г/м3;

      n - сарқынды сулардың су ағысындағы араласу еселілігі, келесі формуламен анықталады:

      n = (g+ Q) / g, (20)

      мұнда g - сарқынды сулардың шығыны, м3/с;

      Q - су ағысындағы судың есептік шығыны, м3/с;


- өзен шығынының қандай бөлігінің есепті өзен бекітпесіндегі ең ластанған ағыстың сарқынды суларымен араласуын көрсететін, араласу коэффициенті. Ірі су ағыстары үшін шамамен г = 0,6, орташалары үшін г = 0,8, кішілері үшін

= 1,0.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      64. Консервативтік емес заттар үшін СРЕШТ анықтау үшін есептік формула келесі түрде болады:

      СРЕШТ = n (СРЕШТ еkt - Cа) + Са (21)

      бұнда е = 2,72 - натурал логарифмнің негіздемесі;

      k - консервативтік емес коэффициент суды қорғау бойынша Бүкіл ресейлік ғылыми зерттеу институты және "Елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың кәрізі" жобалаушының анықтамалығы бойынша қабылданады;

      t - сарқынды суларды шығару орнынан бақылау бекітпесіне дейін жету уақыты, тәулік.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      65. Салынды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануының есебі мына формула бойынша жүргізіледі:

      СРЕШТ = А (1+

Q / g) + Са (22)

      мұнда А = 0,75 коммуналдық тұрмыстық су пайдалану су ағысы үшін және екінші санаттағы балық шаруашылығы су ағыстары үшін, А = 0,25 жоғары және бірінші санаттағы балық шаруашылығы су ағыстары үшін, сондай-ақ оларды шаруашылық-ауыз су мақсаттарда пайдаланған жағдайда.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66. Төгінділер нормативтері белгіленген табиғатты пайдаланушылар өз техникалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын қадағалау үшін қажет минималды көлемде әзірленген бағдарлама негізінде жол берілген төгінділердің өндірістік экологиялық бақылануын жүргізіледі.

      Жол берілген төгінділер нормативтерін сақтауды бақылау төгіндіден 500 м жоғары және төмен орналасқан сарқынды сулардың шығарымдары мен бақылау бекітпелерінде жүзеге асырылады.

      67. РЕШТ нормативтері қайта қарастырылады:

      қолданыс мерзімі өткен соң он жылда кемінде бір рет;

      кәсіпорынның жабдығын пайдаланудың техникалық жағдайлары өзгерген кезде.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қалдықтарды орналастыру нормативтерін есептеу

      69. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері (бұдан әрі - ҚОН) жүргізілетін өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша қалдықтарды орналастыру объектісінің СҚА шекарасында алынған, қоршаған ортаның құрамдас бөліктерінің (атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, топырақ жамылғысы) жай-күйі туралы деректерді ескере отырып есептеледі.

      70. Осы қалдықтар түрін орналастыру нормативі жыл сайын тонналарда мына формула бойынша анықталады:

      Мнорм = 1/3 · Мтұз · (Кс + Кт + Ка) · Кр, (23)

      мұнда Мнорм осы қалдықтар түрін орналастыру нормативі, тонна/жыл;

      Мтұз - осы қалдық түрінің түзілу көлемі, т/жыл;

      Кс, Кт, Ка, Кр - жер асты суларына, жақын жатқан аумақтардың топырағына ЛЗ көшу дәрежесін, эолдық таралуды, жерді қалпына келтіру ұтымдылығын есепке алудың төмендету, өлшемсіз коэффициенттері.

      71. Жерасты суларына қоймаланған қалдықтардан ластаушы заттардың көшуін ескеретін төмендеткіш коэффициенттер (Кс), жапсарласқан аумақтардың топырағына қоймаланған қалдықтардан ластаушы заттарды (бұдан әрі - ЛЗ) апару деңгейі (Кт) және шаң түрінде жинақтағыштан дисперсияны шығару арқылы атмосферада ЛЗ эолдық арақашықтығының деңгейі (Ка), келесі формулалар бойынша "мөлшер-тиімділік" тәуелділігінің экспоненциалдық сипатын ескере отырып, ескеріледі:



      мұнда dс, dт, dа - сәйкесінше жер асты суларының, топырақтың және атмосфералық ауаның қалдықтарда бар химиялық элементтермен және қосылыстармен ластану деңгейінің көрсеткіштері, олар мына формулалармен анықталады:



      мұнда

- і - ластаушы зат үшін изотиімділік коэффициенті;

      бірінші қауіптілік сыныбындағы ЛЗ үшін - 1,0;

      екінші қауіптілік сыныбындағы ЛЗ үшін - 0,5;

      үшінші қауіптілік сыныбындағы ЛЗ үшін - 0,3;

      төртінші қауіптілік сыныбындағы ЛЗ үшін - 0,25 тең.

      diс, d, dіa - қалдықтарды орналастыру объектісінің санитариялық қорғаныш аймағының шекарасында сәйкесінше жер асты суларды, топырақты және атмосфералық ауаны сынамалау бойынша есептелген і - ластаушы затпен ластану деңгейі;

      n - ластаушы заттардың саны (зерттелетін қалдықтарды орналастыру объектісі үшін белгіленген ластаушы заттардың қауымдығымен анықталады).

      Ортаның тиісті құрамдас бөлігінің ластану деңгейі мына формулалар бойынша анықталады:



      мұнда Cic, C, және Сіa - і - ЛЗ шоғырлануының сәйкесінше судағы (мг/дм3), топырақтағы (мг/кг) және атмосфералық ауадағы (мг/дм3) орташаланған мәні;

      РЕШШіс, РЕШШіт және РЕШШіа - і - ЛЗ сәйкесінше судағы (мг/дм3), топырақтағы (мг/кг) және атмосфералық ауадағы (мг/дм3) рұқсат етілген шекті шоғырлануы.

      ҚО тиісті компонентіндегі ЛЗ шоғырлануының орташаланған шамасы мына формулалармен есептеледі:



      мұнда m - сулардағы ЛЗ бар болуын анықтау үшін сынама алу нүктелерінің жалпы саны;

      k - топырақта ЛЗ бар болуына сынама алу нүктелерінің жалпы саны;

      r - ауада ЛЗ бар болуына сынама алу нүктелерінің жалпы саны;

      Cjic, Cjіт, Cjia, - сәйкесінше судағы (мг/дм3), топырақтағы (мг/кг) және атмосфералық ауадағы (мг/дм3) і-ші сынама алу нүктесіндегі і-ші ЛЗ шоғырлануы.

      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      72. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру объектісінің орналасу ауданындағы (СҚА шекарасында) қоршаған орта (атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының, топырақ жамылғысының) құрамдас бөліктерінің ахуалы туралы мәліметтер жүргізіліп жатқан өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша көрсетіледі.

      Қоршаған орта құрамдас бөліктерінің жиынтық ластану көрсеткіші (Лж) жеке ЛЗ шоғырлану коэффициенттерінің сомасы (Кші) ретінде келесі формула бойынша анықталады:



      мұнда Лж - қоршаған орта құрамдас бөліктерінің жиынтық ластану көрсеткіші;

      Кші - і-ші ластаушы заттың шоғырлану коэффициенті;

      і - ластаушы заттың реттік нөмірі;

      n - қоршаған ортаның құрамдас бөлігінде анықталатын ластаушы заттардың саны.

      Жеке ЛЗ шоғырлануының коэффициенті мына формула бойынша анықталады:

      Кші = Сі/РЕШШі (37)

      мұнда Сі - қоршаған ортаның құрамдас бөлігінде ЛЗ шоғырлануы, мг/дм3 (су үшін); мг/кг (топырақ үшін) және мг/м3 (атмосфералық ауа үшін);

      РЕШШі - қоршаған ортаның құрамдас бөлігіндегі ЛЗ шекті жол берілген шоғырлануы, мг/дм3; мг/кг; мг/м3.

      Параметрлерге қарай ҚО экологиялық күйі осы әдістеменің 9-қосымшасында келтірілген.

      ҚО жай-күйіне сәйкес осы орналастыру объектісіне ӨҚ сақтау мүмкіндігі туралы тиісті шешім қабылданады. Бұл жағдайда экожүйеге келесі салмақтарды жіктеу қарастырылады:

      1) жол берілген - экожүйенің құрылымы мен қызметі шамалы (қайтымды) өзгерістермен сақталатын техногенді жүктеме;

      2) қауіпті - құрылым әлі сақталатын, бірақ қайтымды өзгерістер санының артуымен қоса экожүйенің қызмет етуінің бұзылуы байқалатын жүктеме;

      3) сыни - экожүйенің ахуалы мен құрылымына елеулі кері өзгерістер тигізетін ҚО құрамдас бөліктеріндегі өзгерістердің елеулі жиналуы пайда болуда;

      4) апатты - экожүйенің жеке бөліктерінің түсуіне, тіпті олардың толық қирауына (бұзылуына) дейін әкеліп соқтыратын жүктеме.

      Егер қоршаған ортаның ахуалына түсетін жүктеме өте қиын немесе апатты болып анықталса, онда қалдықтарды орналастыруға болмайды.

      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      73. Топырақты қалпына келтіруді есепке алу коэффициенті нормаланатын жылдың алдындағы жылға жыныс үйіндісін іс жүзіндегі және жоспарлы топырақты қалпына келтіру аудандарының қатынасы ретінде мына формула бойынша табылады:



      мұнда Рж, Ріж - нормаланатын жылдың алдындағы жылға жоспарланған орналастыру орнын топырақты қалпына келтіру ауданы және іс жүзінде рекультивациялау жүргізілген аудан.

      74. Топырақты қалпына келтіруді есепке алу коэффициентінің (Кр) шамасы 0,5 - 1,0 аралығының шегінен тыс болса, онда Мнорм есептеу кезінде оларға көрсетілген аралықтың ең жақын шегінің мәні беріледі.

      75. Егер осы қалдықтар түрін орналастыру үшін жылдық квота белгіленсе, онда қалдықтарды орналастыру нормативтері квотаны сақтауды қамтамасыз ететін шектерде белгіленеді.

      76. Өндіру және тұтыну қалдықтарын орналастыру норматвитері осы әдістеменің 10-қосымшасына сай кестеге енгізіледі.

      4. Жол берілген физикалық әсерлер нормативтерін есептеу

      Ескерту. 4-бөлім алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 17.06.2016 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қоршаған ортаға эмиссиялар
нормативтерін айқындау
әдістемесіне 1-қосымша

      Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын
және олардың көздерін түгендеу өткізу жөніндегі әдіснамасы

      1. Түгендеуді өткізу тек стационарлық көздерге ғана жатады.

      Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының стационарлық көзіне атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының белгілі аумақта тұрақты немесе уақытша орналасқан немесе жұмыс істейтін кез-келген көзі жатады.

      2. Атмосфералық ауаға зиянды заттар шығарындыларын және олардың көздерін түгендеу (бұдан әрі - түгендеу) атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шекті жол берілген шығарындылары нормативтерінің жобасын әзірлеудің бірінші кезеңі болып табылады және оны тапсырыс беруші бекітеді.

      3. Шығарындыларды түгендеудің негізгі мақсаттары:

      жалпы кәсіпорын бойынша да, атмосфералық ауаны жеке ластау көздері бойынша да ластаушы заттар шығарындыларының атмосфералық ауаға әсерінің дәрежесін бағалау және атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шекті жол берілген шығарындыларының нормативтерін белгілеу үшін бастапқы деректер алу;

      ластаушы заттар шығарындыларының сандық сипаттамаларын айқындау;

      қаралатын объекті үшін мемлекеттік есепке алу мен нормалауға жататын зиянды (ластаушы) заттар тізбесін айқындау;

      шаң-газ тазарту жабдығы жұмысының тиімділігін бағалау болып табылады.

      4. Құрал-саймандық немесе есептік (есептік-аналитикалық) әдістерді қолданумен зиянды заттардың шығарындыларының көздерін түгендеу жүргізіледі.

      Құрал-саймандық әдістер атмосфераға ластаушы заттардың ұйымдастырылған шығарындысымен көздер үшін басым болып табылады. Ұйымдастырылған шығарындымен негізгі көздерге келесілер жатқызылады: түтік және желдетіс құбырлары, желдетіс шахталары, аэрациялық шамдар, дефлекторлар.

      ТЭО және ТЭС-нен, сондай-ақ қуаты 30 т/с асатын қазандықтардан күл мен күкірт диоксидінің шығарындыларының жылдық нормативтерін белгілеу үшін баланстық-есептік әдісті пайдалану қажет.

      Негізінен алғанда, ұйымдастырылмаған бөлінділердің (шығарындылардың) сипаттамаларын анықтау үшін, және ұйымдастырылған шығарындымен көздерде құрал-саймандық өлшемдерді жүргізу мүмкін болмаған жағдайларда немесе сандық химиялық талдаудың әзірленген және белгіленген тәртіпте келісілген әдістері болмаған кезде, сондай-ақ жобаланатын және қайта жаңғыртылатын объектілердің шығарындыларының параметрлері туралы деректерді алу үшін есептік әдіс қолданылады.

      Есептік (есептік-аналитикалық) әдістер үлестік технологиялық көрсеткіштерге, баланстық сұлбаларға, өндірістің физикалық-химиялық процестерінің ағу заңдылықтарына, сондай-ақ құрал-саймандық өлшемдер мен нақты көздердің параметрлерін ескеретін есептік формулалар үйлесіміне негізделеді.

      Құрал-саймандық өлшемдер кәсіпорынның зертханасымен немесе тысқары ұйыммен орындалады. Зертхананың аккредиттеу аттестаты болу тиіс.

      Көздерден зиянды заттардың шығарындыларының есептік көлемі үлестік шығындарға, жабдықтың жұмыс істеу уақытына, кәсіпорында метариалдардың наты шығынына және басқа факторларға қарау тиісті әдістемелер бойынша анықталады.

      Зиянды заттардың дүрсін шығарындылары автоматты газталдағыштар болмаған жағдайда есептеу арқылы бағаланады.

      5. Шығарындылардың жеке көзін жойған жағдайда оның нөмірі басқа көзге, сонымен қатар оны алмастыратын көзге берілмейді.

      6. Шығарындыларды түгендеуді өткізу бойынша жұмысқа келесі кезеңдер кіреді:

      1) дайындық;

      2) зиянды (ластаушы) заттардың шығарындыларын түгендеп зерттеуді өткізу;

      3) зерттеу нәтижелерін өңдеу және түгендеу материалдарын рәсімдеу.

      7. Жұмыстар орындаудың дайындық кезеңінде атмосфералық ауаны ластау көзі ретінде кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы, негізгі технологиялық процестердің схемасы мен сипаты дайындалады.

      8. Зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын түгендей байқап қарауды жүргізу кезеңінде атмосфералық ауаға бөліну және ластау көздерін байқап қарау жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша ластаушы заттар мен олардың шығарынды көздері айқындалулары тиіс, шаң-газ тазарту жабдығы жұмысының тиімділігі анықталады.

      Атмосфералық ауаға бөліну және ластау көздерінің, газ тазарту және шаң қармау қондырғыларының сипаттамалары туралы деректер түгендеу бланкісінде түгендеуді бастау күніндегі жай-күй бойынша жазылады, ал шығарылатын және қармаланатын зиянды заттар саны, газ тазартумен қамсыздану коэффициенті, газ тазартуға шығындар туралы деректер өткен жылға жазылады.

      9. Өткізілген шығарындыларды түгендеу нәтижелері бойынша Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарындыларын және олардың көздерін түгендеу бланктері толтырылады.

      Қоршаған ортаға эмиссиялар
нормативтерін айқындау әдістемесіне
2-қосымша

      Нысан

      БЕКІТЕМІН:

      Кәсіпорынның басшысы

      ________________ (тегі, аты, әкесі)

      ____________________________ (қолы)

      20 __ жылғы "______" ______________

      Мөр орны

      Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарындыларын және олардың көздерін түгендеу бланктері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Зиянды (ластаушы) заттарды бөліп шығаратын көздер

Өнеркәсіптің атауы, цехтың, бөлімнің нөмірі

Ластау көзінің нөмірі

Шығу көзінің нөмірі

Ластаушы заттарды шығару көзінің атауы

Шығарылатын өнімнің атауы

Ластаушы заттардың атауы

Зиянды заттардың коды (РЕШШ немесе БҚӘД)

Шығару көзінен кететін ластаушы заттың көлемі, т/жыл

Тәулігіне

Жылына

1

2

3

4

5

6

7

8

9


      Ескертпе:

      А бағанында бөліну көздері мен атмосфералық ауаға шығарындылар көздері (бұдан әрі - көздер) қандай өндіріске жатқызылатыны, цехтардың, бөлімдердің нақты атаулары (мысалға, дайындау, пішіндеу және т.б.) көрсетіледі. Өндіріс өзіне бір немесе бірнеше цехты, бөлімді және т.б. (мысалға, агломерациялық, жылу-қуаттық, вискоза өндірісі және басқалары) қамтиды, сондай-ақ олардың реттік нөмірлері көрсетіледі.

      1-бағанда атмосфералық ауаны ластау көздерінің кәсіпорында құрылуы және сақталуы тиіс орналасу схемасына сәйкес нөмірлері көрсетіледі. Көздерді нөмірлеу жылдан жылға ауыспауы тиіс. Атмосфералық ауаны жаңа ластау көзі пайда болған кезде оған бұрын пайдаланылмаған нөмір беріледі. Көзді жойған кезде оның нөмірі одан әрі пайдаланылмайды. Атмосфералық ауаны барлық ұйымдастырылған ластау көздеріне 0001 - 5999 шегіндегі нөмір беріледі, ал барлық ұйымдастырылмаған көздерге 6001 - 9999 шегіндегі нөмір беріледі.

      2-бағанда бөліну көздерінің кәсіпорында құрылатын орналасу схемасына сәйкес нөмірлері көрсетіледі. Жаңа бөліну көзі пайда болған кезде оған бұрын пайдаланылмаған нөмір беріледі. Көзді жойған кезде оның нөмірі одан әрі пайдаланылмайды.

      3-бағанда қондырғы мен агрегаттың атауы, типі, сондай-ақ зиянды (ластаушы) заттарды тікелей түзетін процестер (мысалға, бу қазандығында, домна пешінде отын жағу, түсіру алаңдарында сусымалы материалды түсіру немесе сусымалы материалдың бетінен бөлшектердің үрленуі) көрсетіледі.

      "Шығарылатын өнім атауы" деген 4-бағанда жалпы өнеркәсіптік өнім жіктегішіне сәйкес шығарылатын өнімнің атауы мен типі көрсетіледі.

      5 және 6-бағандарда жабдықтың тәуліктегі және түгендеу алдындағы жылдағы жұмыс сағаттарының орташа сомалық саны көрсетіледі.

      7-бағанда зиянды (ластаушы) заттардың атаулары жазылады.

      8-бағанда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен гигиеналық нормативтерге сәйкес зиянды (ластаушы) заттың коды жазылады.

      9-бағанда Бөліну көзінен тазарту құрылысымен жабдықталған немесе жабдықталмағанына бөлінетін зиянды (ластаушы) заттардың жалпы мөлшері (тонна жылына) келтіріледі.

      2. Атмосфералық ауаны ластау көздерінің сипаттамасы

Ластау көзінің нөмірі

Ластау көзінің параметрлері

Ластау көзінен шыға берісте газ ауа қоспасының параметрлері

Ластаушы заттың коды (РЕШШ немесе БҚӘД)

Атмосфераға тасталатын ластаушы заттардың саны

Биіктігі, м

Ауыздың қимасының өлшемінің диаметрі, м

Жылдамдық, м/с

Көлемдік шығын, м3

Температура, С0

Ең жоғарғы, г/с

Сомалық, т/жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9


      Ескертпе:

      1-бағанда атмосфералық ауаны ластау көзінің нөмірі көрсетіледі.

      2 және 3-бағандарда көздің жер деңгейінен биіктігі туралы сәйкесінше деректер немесе көздің ауыз қимасының диаметрі немесе өлшемдері келтіріледі.

      4, 5 және 6-бағандар үшін көздің типі бойынша ұйымдастырылмаған көздер толтырылады. 4-бағанда атмосфералық ауаны ластау көзінің ауызындағы шығарылатын газ-ауа қоспасының жылдамдығы, 5-бағанда - көлемді шығысы, 6-бағанда - температурасы көрсетіледі.

      7-бағанда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен гигиеналық нормативтерге сәйкес зиянды (ластаушы) заттың коды көрсетіледі.

      8-бағанда зиянды (ластаушы) заттың уақыт бірлігіндегі ең жоғары шығарындысы көрсетіледі, г/с.

      9-бағанда атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) зат шығарындысының жыл ішінде сомалық салмағы көрсетіледі, т/жыл.

      3. Шаң-газ тазалау (ШГТ) жабдығының жұмыс көрсеткіштері

Бөлу көзінің нөмірі

Шаң газ аулаушы жабдықтың атауы мен үлгісі

Аппараттардың ПӘК, %

Тазарту жүргізілетін ластаушы заттың коды

Жабдықталу коэффициенті, К(1), %

Жобалы

Іс жүзінде

1

2

3

4

5

6


      Ескертпе:

      Іс жүзіндегі ПӘК мына формула бойынша айқындалады:

      КПД = (1-(Сшығ х Vшығ) / (Сшығ х Vшығ)) х 100% (Қ.2.1)

      Скір және Сшығ - сәйкесінше тазартуға дейінгі және одан кейінгі ластаушы заттың шоғырлануы (г/м3), өлшеулер нәтижелері бойынша айқындалады;

      Vкір және Vшығ - сәйкесінше ШГЖ кірістегі және шығыстағы газ-ауа қоспасы көлемінің шығысы (м3/с).

      Ластаушы заттардың шоғырлануын өлшеулерді аттестатталған зертханалар орындайды.

      5-бағанда МемСТ 17.2.3.02-78 сәйкес қамтамасыз етілу (нормативтік) коэффициенті көрсетіледі.

      6-бағанда ластану көздерінің ШГЖ іс жүзіндегі қамтамасыз етілу коэффиценті пайызбен көрсетіледі, ол мына формула бойынша айқындалады:

      K(1) = Tг . 100 / Tт, (Қ.2.2)

      Тт - технологиялық жабдықтың жыл ішіндегі жұмыс уақыты, сағат;

      Тг - газ тазарту қондырғыларының (тазарту дәрежесіне қарамастан) жыл ішінде жұмыс уақыты, сағат.

      4. Атмосфераға зиянды (ластаушы) заттардың сомалық
шығарындылары, оларды тазарту және кәдеге асыру, т/жыл

Ластаушы заттың коды

Ластаушы заттың атауы

Шығу көздерінен шығатын ластаушы заттардың саны

Оның ішінде

Тазартуға түскендерден

Ауаға тасталғандардың барлығы

Тазартусыз тасталады

Тазартуға түскен

Атмосфераға тасталған

Ауланған және зарарсыздандырылған

Іс жүзіндегі

Оның ішінде кәдеге асырылған


1

2

3

4

5

6

7

8

9

Барлығы









Соның ішінде









Қаттылар, оның ішінде


















Газ тәріздестер, оның ішінде



















      Ескертпе:

      Аталған бөлімде 1 және 2 бөлімдерде келтірілген деректер бойынша барлық заттар жөніндегі мәліметтер келтірілген.

      1 және 2-бағандарда ластаушы заттың коды және атауы көрсетіледі.

      3-бағанға барлық стационарлық бөліну көздерінен бөлінетін, газ тазарту қондырғысына бағытталатынына немесе бағытталмайтынына қарамастан газ тазарту жүйелеріне жиналатын да (ұйымдастырылған шығарынды), тікелей атмосфераға түсетін де (ұйымдастырылмаған шығарынды) зиянды заттардың мөлшері (жеке заттар бойынша) қосылады. Зиянды заттардың осы мөлшеріне технологиялық газдардың және өндіріс үшін арнайы қармаланатын өнімнің құрамында бар заттар кірмейді.

      4-бағанда атмосфераға арнайы құрылғылар (құбырлар, желдету қондырғылары, аэрациялық фонарлар және т.б.) арқылы түсетін, бұл ретте тазартуға ұшырамаған зиянды заттардың, сондай-ақ оларды қармауға арналмаған газ тазарту және шаң қармау қондырғылары арқылы өткен қармалмаған зиянды заттардың мөлшері көрсетіледі.

      5-бағанда олардың қайсысы газ тазарту құрылғысында тазартудан өтетініне қарамастан тазарту құрылыстарына келіп түсетін барлық зиянды заттар енгізіледі. Бұл ретте 5-бағанның деректері 6 және 7-бағандар деректерінің сомасына тең болулары тиіс.

      6-бағанда тазарту жүйесінен өткеннен кейін атмосфераға түсетін зиянды заттардың мөлшері (жеке заттар бойынша) келтіріледі.

      7-бағанда өнім өндіру үшін қармалған заттардан басқа қармалған және залалсыздандырылған зиянды заттардың іс жүзіндегі мөлшері көрсетіледі.

      8-бағанда "соның ішінде кәдеге жаратылғаны" деген өндіріске қайтарылған немесе тауарлық өнім алу үшін пайдаланылған зиянды заттардың мөлшері көрсетіледі.

      9-бағанда "Атмосфераға шығарылғаны" деген тазартудан кейін атмосфераға түскен де, тазартусыз шығарылған да зиянды заттардың жалпы мөлшері (жеке заттар бойынша) көрсетіледі. Осы бағанның деректері 3 және 7-бағандар мәндерінің айырмасына тең, сондай-ақ 4 және 6-бағандар деректерінің сомасына тең болулары тиіс.

      Осы 9-бағанда көрсетілетін барлық көздер бойынша және жеке заттар бойынша зиянды заттар шығарындыларының сомалық "барлығы" II бөлімнің 13-бағанының деректерінен алынады.

      Кәсіпорында тазарту құрылыстары жоқ болған кезде 5, 6, 7, 8-бағандарға нөл жазылады. Онда 3, 4, 9-бағандардың деректері бір-бірімен тең болады.

      "Барлығы" деген жолда II бөлімнің 13-бағанында көрсетілген барлық жолдардың сомасы жазылады.

      "қаттылар" деген жолда II бөлімнің 13-бағанында қатты зиянды заттар бойынша көрсетілген барлық жолдар сомасы және әрбір қатты зат бойынша жеке жолдар сомасы есептеледі.

      "газ тәріздес" және "сұйықтар" деген жолдарда II бөлімнің 13-бағанында сұйық және газ тәріздес зиянды заттар бойынша көрсетілген барлық жолдар сомасы жазылады, сондай-ақ әрбір зиянды сұйық және газ тәріздес зат бойынша жеке жолдар сомасын есептеу жүргізіледі.

      "Барлығы" деген жолда II бөлімнің 8-бағанында көрсетілген барлық жолдар сомасы есептеледі.

      "қаттылар" деген жолда II бөлімнің 8-бағанында қатты заттар бойынша көрсетілген барлық жолдар сомасы және әрбір қатты зат бойынша жеке жолдар сомасы есептеледі.

      "газ тәріздес" және "сұйықтар" деген жолдарда II бөлімнің 8-бағанында сұйық және газ тәріздес ластаушы заттар бойынша көрсетілген барлық жолдар сомасы жазылады, сондай-ақ әрбір ластаушы сұйық және газ тәріздес зат бойынша жеке жолдар сомасын

      Қоршаған ортаға эмиссиялар
нормативтерін айқындау әдістемесіне
3-қосымша

      РЕШШ нормативін есептеу үшін атмосфераға зиянды
заттардың шығарындыларының параметрлері

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Өндіріс

Цех

Ластаушы заттарды шығаратын көз

Жылына жұмыс сағаттарының саны

Зиянды заттардың шығарындыларының көзінің атауы

Карта сұлбада шығарынды көзінің нөмірі

Шығарынды көзінің биіктігі, м

Құбыр ауызының диаметрі, м

Ең жоғарғы бір реттік жүктеме кезінде құбырдан шығарда газауа қоспасының параметрлері

Карта-сұлбада көздің координаталары, м

нүктелі көздің/желілік көздің 1-шетінің/аудандық көздің ортасының

желілік көздің 2-шетінің/аудандық көздің ұзындығы, енінің

атауы

саны, дана






Жылдамдығы, м/с

Қоспаның көлемі, м3/с

Қоспаның температурасы, оС

Х1

У1

Х2

У2

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16


Газтазарту қондырғыларының атауы, үлгісі және шығарындыларды қысқарту бойынша шаралар

Газ тазарту жүргізілетін зат

Газтазартумен қамтамасыз етілетін коэффициент

Тазартудың орташа пайдалану дәрежесі /тазартудың ең жоғарғы дәрежесі, %

Заттың коды

Заттың атауы

Ластаушы заттың шығарындысы

РЕШШ жету жылы




17

18

19

20

21

22

23

24

25

26


      Ескертпе:

      Кесте бастапқы мерзімге (түгендеу мәліметтері бойынша РЕШШ нормативтерінің жобаларын әзірлеу сәтіне іс жүзіндегі жағдай) және перспективаға толтырылады.

      Қоршаған ортаға эмиссиялар
нормативтерін айқындау әдістемесіне
4-қосымша

      РЕШШ (РЕШТ) нормативтеріне жету мақсатында ластаушы заттардың
шығарындыларын (төгінділерін) азайту жөніндегі шаралар жоспары

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Шаралардың атауы

Заттың атауы

Кәсіпорынның карта-сұлбасында шығарындының көзінің нөмірі

Шығарындының шамасы

Шараларды орындау мерзімі

Шараларды жүзеге асыруға шығындар

Шараны жүзеге асырғанға дейін

Шараны жүзеге асырғаннан кейін

басы

аяғы

Күрделі жұмсалым

Негізгі әрекет

г/с

т/жыл

г/с

т/жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













Барлық шаралардың нәтижесінде толықтай кәсіпорын бойынша










      Ескертпе:

      Шаралар Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 162-ө бұйрығымен бекітілген, қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар тізбесіне сәйкес болулары мүмкін, мысалы:

      1) технологиялық жабдықтан және аспирациялық жүйелерден кететін зиянды заттарды улауға, зарарсыздандыруға (кәдеге асыруға) арналған шаңгаз тазарту қондырғыларын пайдалануға енгізу, жөндеу және қайта құру;

      2) жылу жүйелерін ұтымды етумен, оның ішінде жылу энергиясын рекуперациялаумен, түтін газдарын оттыққа тастау арқылы рециркуляциялаумен, пайдалы әрекет коэффициенті жоғары және баламалы, экологиялық таза энергия көздерін пайдаланатын отандық энергетика жабдықтарын өндірумен байланысты монтаждау жұмыстары;

      3) апарылатын сулардың сапалық құрамын жақсартуды қамтамасыз ететін шараларды ұйымдастыру және тазарту құрылыстарын салу, жергілікті тазарту құрылыстарының құрамында (жинақтайтын ыдыстар, тұндырмалар, суды желдетуге арналған құрылыстар мен құрылғылар, пестицидтерді ұстап қалуға арналған экрандар) шағын резервтік ыдыстардың жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру.

      Қоршаған ортаға эмиссиялар
нормативтерін айқындау
әдістемесіне 5-қосымша

      Кәсіпорын бойынша ластаушы заттардың шығарындыларының нормативтері

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 17.06.2016 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Өндіріс, цех, бөлім

Шығарынды көзінің нөмірі

Ластаушы заттардың шығарындыларының нормативтері

РЕШШ жету жылы

Ластаушы заттың коды мен атауы

Іс жүзіндегі жағдай 20__ жыл

20__ жылға

………

20__ жылға

РЕШШ

г/с

т/жыл

г/с

т/жыл

г/с

т/жыл

г/с

т/жыл

г/с

т/жыл


1

2

3

4

5

6

….

14

15

16

17

18

Ұйымдастырылған көздер



























соның ішінде алау*



























Ұйымдастырылғандар бойынша барлығы













Ұйымдастырылмаған көздер



























Ұйымдастырылмағандар бойынша барлығы













Кәсіпорын бойынша барлығы














      * ұңғыма объектілерін, кен орнын сынамалық пайдалану, газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу (соның ішінде технологиялық жабдықты қосу-жөнге келтіру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде, сонымен қатар технологиялық жабдықтардың жұмыс кезіндегі технологиялық шалыстар, сәтсіздіктер мен ауытқулар кезінде) кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу

      Ескертпе. Кесте кодтарының өсуі бойынша орналасқан заттар бойынша құрастырылған.

      Қоршаған ортаға эмиссиялар
нормативтерін айқындау
әдістемесіне 6-қосымша

      Сарқынды сулардың шығарылымдарын түгендеу нәтижелері

Кәсіпорынның (учаскенің, цехтың) атауы

Сарқынды сулардың шығарылымының нөмірі

Шығарылым диаметрі, м

Төгілетін сарқынды сулардың санаты

Сарқынды суларды жеткізу режимі

Төгілетін сарқынды сулардың шығыны

Төгілу орны (сарқынды суларды қабылдағыш)

Ластайтын заттардың атауы

Ластайтын зөаттардың шоғырлануы

20.. жылға, мг/дм3

сағ/тәул.

тәул./жыл

м3/сағ

м3/жыл

ең жоғарғы

орташа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12










Өлш. заттар












Нитриттер












Нитраттар












басқалар



      Қоршаған ортаға эмиссиялар
нормативтерін айқындау
әдістемесіне 7-қосымша

      Тазарту құрылыстарының жұмыс тиімділігі

Тазарту құрылыстарының құрамы

Тазарту жүзеге асырылатын көрсеткіштердің атауы

Тазарту құрылыстарының қуаттылығы

Жұмыс тиімділігі

жобалық

іс жүзіндегі

Жобалық көрсеткіштер

Іс жүзіндегі көрсеткіштер

(20.. жылға орташа)

Шоғырлану, мг/дм3

Тазарту дәрежесі, %

Шоғырлану, мг/дм3

Тазарту дәрежесі, %

м3/сағ

м3/тәул

мың м3/жыл

м3/сағ

м3/тәул

мың м3/жыл

тазартуға

тазартуға

дейін

кейін

дейін

кейін

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


Өлш. заттар














Нитриттер














Нитраттар














басқалар













      Қоршаған ортаға эмиссиялар
нормативтерін айқындау
әдістемесіне 8-қосымша

      Кәсіпорын бойынша ластаушы заттардың төгінділерінің нормативтері

Шығарылым нөмірі

Көрсеткіш атауы

Іс жүзіндегі жағдай

20.. ж.

Перспективаға ластаушы заттардың төгінділері нормативтері, г/сағ, және төгінділер лимиттері, т/жыл,

Төгінділердің ШЖБ жету жылы

20.. жылға

...

20.. жылға

Сарқынды сулар шығыны

Шығарылымда шоғырлануы, мг/дм3

Төгінді

Сарқынды сулар шығыны

Шығары лымда шоғырла нуы, мг/дм3

Төгінді


Сарқынды сулар шығыны

Шығары лымда шоғырлануы, мг/дм3

Төгінді

м3/сағ

мың м3/жыл

г/сағ

т/жыл

м3/сағ

мың м3/жыл

г/сағ

т/жыл


м3/сағ

мың м3/жыл

г/сағ

т/жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19


Өлш. заттар


















Нитриттер


















Нитраттар


















басқалар


















...


















Барлығы:


















      Қоршаған ортаға эмиссиялар
нормативтерін айқындау әдістемесіне
9-қосымша

      Қоршаған ортаның экологиялық күйі

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Параметрлердің атауы

Рұқсат етілген (салыстырмалы қанағаттанарлық)

Қауіпті

Ауыспалы (төтенше)

Апаттық (зілзала)

1

2

3

4

5

I. Су ресурстары

1. РЕШШ артық болу, есе:





- 1-2 қауіптілік сыныбы ЛЗ үшін

1

1-5

5-10

10-артық

- 3-4 қауіптілік сыныбы ЛЗ үшін

1

1-50

50-100

100-артық

2. Сомалық ластану көрсеткіші:





- 1-2 қауіптілік сыныбы ЛЗ үшін

1

1-35

35-80

80-артық

- 3-4 қауіптілік сыныбы ЛЗ үшін

10

10-100

100-500

500-артық

3. Өңірлік минералдану деңгейінің артық болуы, есе

1

1-2

2-3

3-5

II. Топырақтар

1. Суда еритін тұздар құрамының артуы, 0-30 см қабатта г/100г топыраққа

0,1-дейін

0,1-0,4

0,4-0,8

0,8-артық

2. ЛЗ РЕШШ артық болуы





- 1 қауіптілік сыныбы

0,1-дейін

1-2

2-3

3-артық

- 2 қауіптілік сыныбы

0,1-дейін

1-5

5-10

10-артық

- 3-4 қауіптілік сыныбы

0,1-дейін

1-10

10-20

20-артық

3. Сомалық ластану көрсеткіші

16-кем

16-32

32-128

128-артық

III. Атмосфералық ауа

1. РЕШШ артық болуы, есе





- 1-2 қауіптілік сыныбы ЛЗ үшін

1-дейін

1-5

5-10

10-артық

- 3-4 қауіптілік сыныбы ЛЗ үшін

1-дейін

1-50

50-100

100-артық

      Қоршаған ортаға эмиссиялар
нормативтерін айқындау
әдістемесіне 10-қосымша

      Өндіріс және тұтыну қалдықтарын_____жылға орналастыру нормативтері

Қалдықтардың атауы

Түзілу, т/жыл

Пайдалану, залалсыздандыру, т/жыл

Размещение, т/жыл

мамандандырылған кәсіпорындарда

меншікті кәсіпорында

көму

өнеркәсіп алаңшасы аумсарқындыда сақтау

1

2

3

4

5

6

Барлығы






соның ішінде өндіріс қалдықтары






тұтыну қалдықтары






Янтарлы қауіптілік деңгейі

қалдықтар тізбесі






Жасыл қауіптілік деңгейі

қалдықтар тізбесі






Қызыл қауіптілік деңгейі

қалдықтар тізбесі







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады