Байланыс формасы

Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қарашада № 8057 тіркелді

      Прес-релиз

      «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53 Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 4-тармағын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. «Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы ережені бекіту туралы» (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің тіркеу тізілімінде № 3435 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасы Индустрия және
      жаңа технологиялар министрі                      Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары –    
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің 2012 жылғы     
28 қыркүйектегі № 350 бұйрығымен
бекітілді           

Салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердiң
электрондық есебi және оларды Мемлекеттiк ғылыми метрологиялық
орталыққа беру туралы қағидалар

      1. Осы салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердiң электрондық есебi және оларды Мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталыққа беру қағидалары «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53 Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын басқа құпияларды құрайтын жағдайларды қоспағанда салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердiң электрондық есебiн және оларды Мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталыққа (бұдан әрi - МҒМО) беру тәртібін анықтайды.
      2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына белгiленген тәртiпте аккредиттелген заңды тұлғалар (бұдан әрi - Салыстырып тексеретiн субъектілер) МҒМО-ға салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы мынадай мәліметтерді береді:
      1) салыстырып тексеру туралы сертификаттың нөмірі (жарамсыздығы туралы хабарлама) не (немесе) өзі жабысатын лейблдердің нөмірлеу коды;
      2) өлшем құралдарының (эталонның) атауы;
      3) типі, белгіленуі;
      4) зауыттық нөмірі (мәлімет болған жағдайда);
      5) өлшем шектері;
      6) дайындаушы (мәлімет болған жағдайда);
      7) дайындалған күні (мәлімет болған жағдайда);
      8) пайдаланушы (мәлімет болған жағдайда);
      9) салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжаттың атауы мен белгіленуі;
      10) салыстырып тексеру кезінде пайдаланылатын қосымша жабдықтар мен эталонның белгіленуі;
      11) класс немесе басқа дәлдік сипаттамалар;
      12) разряд;
      13) салыстырып тексеру күні;
      14) өзі жабысатын лейблдердің немесе сертификаттың жарамдылық мерзімі;
      15) бөлім (зертхана) басшысының тегі, аты-жөні, әкесінің аты;
      16) салыстырып тексерушінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты.
      3. Салыстырып тексеретін субъектілер мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын басқа құпияларды құрайтын жағдайларды қоспағанда салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректерді келесі есеп беретін айдың 15-ші күніне дейінгі мерзімге тоқсан сайын МҒМО-ға береді.
      4. Мәліметтерді МҒМО-ға беру салыстырып тексеруші субъектілерімен мынадай тәсілдердің бірімен:
      1) почтамен электрондық түрде;
      2) электрондық түрде қолма-қол;
      3) мәліметті жіберген салыстырып тексеретін субъектінің атауын көрсетіп, МҒМО электрондық почтасының негізгі және альтернативті мекенжайына электрондық почта арқылы жүзеге асырылады.
      5. Деректерді беру фактісі 3 (үш) күн ішінде МҒМО-мен расталады. Деректердi алғанын растау үшiн МҒМО осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша түбіртек бередi.
      6. Деректер почтамен немесе электрондық почтамен берiлген жағдайда, алғанын растау туралы түбіртек электрондық почтамен жiберiледi.
      Деректер қолма-қол тәсiлмен берiлген жағдайда, түбіртек деректердi алу фактiсі бойынша деректердi берген уәкiлеттi тұлғаға берiледi.
      7. Салыстырып тексеретін субъектілер ұсынған мәліметтерді МҒМО түскен күннен бастап 3 (үш) күн ішінде МҒМО-тың Интернет-ресурсында ескереді.

Салыстырып тексерілетін өлшем
құралдары туралы деректердің
электрондық есебі және оларды
Мемлекеттік ғылыми     
метрологиялық орталыққа беру
туралы қағидаларға     
қосымша          

Нысан

ТҮБІРТЕК

_____________________________________________________________________
              (салыстырып тексерушi субъектінің атауы)
салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердi
____.__________ 20___ ж. аралығына __________________________________
                                          (МҒМО) атауы
_____________________________________________________________________
                         (ақпарат түрi)

      салыстырып тексерiлген өлшем құралдары   _________;
      жарамсыздығы туралы хабарлама            _________;
      сертификаттар                            _________;
      пломбалар, лейблдар                      _________;

данада алғаны туралы берiлген.
Соңғы есептің өңделген күні: __/__/____
Түбіртек берілген күн: __/__/____

Тегі, Аты, Әкесінің аты,
Мәлімет алған тұлғаның қолы
_______________________
_______________________
      (күні)
        М.О.

Ескертпе: Егер түбіртектегі мәліметтер шынайы мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілген уақытқа қайта түбіртек туралы міндетті өтініммен бағдарламадан есептерді электрондық түрде қайта жіберу қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады