Пруденциалдық нормативтердi және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандарын және мерзiмдерiн бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 382 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8317 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 148 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.07.2017 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Пруденциалдық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттер және оларды есептеу әдістемесі, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандары және мерзiмдерi бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 382 қаулысымен
бекітілген

Пруденциалдық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы
мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттер және оларды есептеу
әдістемесі, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік
берудің нысандары және мерзiмдерi

      Осы Пруденциалдық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттер және оларды есептеу әдістемесі, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандары және мерзiмдерi (бұдан әрі - Пруденциалдық нормативтер) "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Пруденциалдық нормативтерді және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттерді және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандарын және мерзiмдерiн белгілейді.

      Заңға сәйкес Пруденциалдық нормативтердің және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердің құрамына:

      1) жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi;

      2) меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;

      3) меншікті капиталдың жеткiлiктiлiгi;

      4) бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;

      5) левередж коэффициенті кіреді.

1. Жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi

      1. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерi 30 000 000 (отыз миллион) теңгені құрайды.

2. Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері

      2. Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері 30 000 000 (отыз миллион) теңгені құрайды.

3. Меншікті капиталдың жеткiлiктiлiгi

      3. Микроқаржы ұйымының меншікті капиталының жеткіліктілігі k1 болып сипатталады және меншікті капиталдың баланс бойынша активтер сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

      k1 коэффициентінің мәні 0,1 құрайды.

      4. Микроқаржы ұйымының меншікті капиталы:

      микроқаржы ұйымының негiзгi қызмет мақсаты үшiн сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтерді;

      басқа заңды тұлғалардың капиталына салынған микроқаржы ұйымының инвестцияларын шегергенде;

      төленген жарғылық капиталы;

      қосымша капитал;

      өткен жылдардың бөлiнбеген таза пайдасы (шығыны) (оның iшiнде өткен жылдардың таза кiрiсi есебiнен қалыптасқан қорлар, резервтер);

      есепті кезеңде бөлiнбеген таза пайданың (шығынның) мөлшері;

      негізгі қаражатты қайта бағалау мөлшері сомасы ретінде есептеледі.

      5. Басқа заңды тұлғалардың капиталына салынған микроқаржы ұйымының инвестициялары кредиттік бюролардың, микроқаржы ұйымдарының, банкноталарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау қызметін көрсететін ұйымдардың және күзету қызметіне лицензиясы бар ұйымдардың акцияларына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесіне микроқаржы ұйымының салымдарын білдіреді.

4. Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері

      6. Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері:

      Лондондық қымбат металлдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткiзiлiм" ("London good delivery") стандарты ретiнде белгiленген тазартылған қымбат металлдары;

      Standard & Рооr's агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері түрінде қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде;

      микроқаржы ұйымының қарыз алушыға микрокредиттер және дебиторлық берешек түрінде қойылатын талаптар;

      микроқаржы ұйымының балансынан есептен шығарылған микроқаржы ұйымының қарыз алушыға қойылатын талаптар сомасы ретінде есептеледі.

      7. Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері k2 коэффициентімен сипатталады және микроқаржы ұйымының бір қарыз алушыға тәуекел мөлшерінің микроқаржы ұйымының меншікті капиталына оның міндеттемелері бойынша қатынасы ретінде есептеледі.

      k2 коэффициентінің мәні 0,25-тен аспайды.

      8. Микроқаржы ұйымының қарыз алушыға қоятын талаптарының олар пайда болған күнгi жалпы көлемi осы Пруденциалдық нормативтерде белгiленген шектеулер шегiнде болса, бiрақ соңынан соңғы үш ай iшiнде микроқаржы ұйымының меншiктi капиталының деңгейi бес пайыздан артық төмендеуiне байланысты аталған шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы үш ай iшiнде қарыз алушыға қойылатын талаптар он пайыз деп көрсетiлген теңгенiң шетел валютасымен орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан микроқаржы ұйымының қарыз алушыға қоятын талаптарының өсуiне байланысты бiр қарыз алушыға деген тәуекел нормативiнiң барынша жоғары мөлшерi орындалды деп есептеледi.

      Аталған жағдайларда микроқаржы ұйымы шектеулерден асып кету фактiсi туралы микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі – уәкілетті орган) жоғарыда көрсетілген асып кету пайда болған күннен кейінгі күн ішінде хабардар етедi және ағымдағы және одан кейiнгі айларда шектеуден асып кетуді жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кетуді микроқаржы ұйымы көрсетілген мерзiмде жоймаған жағдайда бiр қарыз алушының ең жоғары тәуекел мөлшерiнiң нормативi шегiнен асып кету осы аталған шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтiң бұзылуы деп қарастырылады.

5. Левередж коэффициенті

      9. Міндеттемелерге қатысты микроқаржы ұйымының капиталдандыруы k3 левередж коэффициентімен сипатталады және микроқаржы ұйымының жиынтық міндеттемелері сомасының оның меншікті капиталына қатысты сома ретінде есептеледі.

      K3 коэффициентінің мәні 10-нан аспайды.

      10. Микроқаржы ұйымының жиынтық міндеттемелерінен K3 коэффициентін есептеу мақсатында халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

      Осы Пруденциалдық нормативтердің мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:

      Азия даму банкі (the Asian Development Bank);

      Африка даму банкі (the African Development Bank);

      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);

      Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);

      Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);

      Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);

      Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);

      Халықаралық даму қауымдастығы;

      Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық валюта қоры;

      Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;

      Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).

6. Есеп беру нысаны және мерзімі

      11. Микроқаржы ұйымы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей Пруденциалдық нормативтердің қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз тасымалдағыштарда уәкілетті органға Пруденциалдық нормативтерді және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді орындау туралы есеп (бұдан әрі – Есеп) береді.

      12. Электрондық тасымалдағыштағы есеп деректердiң конфиденциалдылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзудiң тасымалдау жүйесін пайдалана отырып жіберіледі.

      13. Қағаз тасымалдағыштағы есептi күндегi жағдай бойынша есепке микроқаржы ұйымының бiрiншi басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам), бас бухгалтерi, орындаушысы қол қояды және мөрмен расталады да уәкiлеттi органға берiледi.

      Есептің көшірмесі микроқаржы ұйымында сақталады.

      14. Уәкiлеттi органның талабы бойынша микроқаржы ұйымы сұратуды алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей белгiленген күндегi жағдай бойынша Есепті қағаз тасымалдағышта бередi.

      15. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн микроқаржы ұйымының бiрiншi басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтерi қамтамасыз етедi.

      16. Есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

      17. Есепті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді. Коэффициенттер үтірден кейін үш белгімен беріледі.

      18. Есепте толық емес және (немесе) дәйексіз ақпаратты анықтаған жағдайда уәкілетті орган микроқаржы ұйымы берген Есепті түзетуді талап етеді. Уәкілетті орган тиісті Есепті түзету қажеттілігі туралы микроқаржы ұйымына жазбаша хабарлайды. Микроқаржы ұйымы хабарлама алған күннен бес жұмыс күнi ішінде Есепке түзету енгізеді немесе уәкілетті органның талаптарымен келіспеген жағдайда жазбаша түсініктеме береді, оны қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган микроқаржы ұйымы шешіммен белгіленген мерзімде орындауы міндетті Есепті түзету қажеттілігіне қатысты түпкілікті шешім қабылдайды.

      19. Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда микроқаржы ұйымы Есепті берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтініш береді.

  Пруденциалдық нормативтерге және
микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi
басқа да нормалар мен лимиттерге және
оларды есептеу әдістемесіне, сондай-ақ
олардың орындалуы туралы есептілік
берудің нысандарына және мерзiмдерiне
қосымша

      Нысан

      20__ жылғы __________ жағдай бойынша

      _______________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы)

пруденциалдық нормативтерді және сақталуы мiндеттi өзге де
нормалар мен лимиттерді орындау туралы есебі

      (мың теңгемен)

Баптардың атауы

Сомасы

1

2

3

1

Төленген жарғылық капитал


2

Қосымша капитал


3

Өткен жылдардың бөлiнбеген таза пайдасы (шығыны)


4

Өткен жылдардың таза кiрiсi есебiнен қалыптасқан қорлар, резервтер


5

Есепті кезеңде бөлiнбеген таза пайданың (шығынның) мөлшері


6

негізгі қаражатты қайта бағалау


7

Микроқаржы ұйымының негiзгi қызмет мақсаты үшiн сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтер


8

Кредиттік бюролардың, микроқаржы ұйымдарының, банкноталарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау қызметін көрсететін ұйымдардың және күзету қызметіне лицензиясы бар ұйымдардың акцияларына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесіне микроқаржы ұйымының инвестициялары


9

Микроқаржы ұйымының есептік меншікті капиталы


10

Микроқаржы ұйымының балансы бойынша активтер


11

k1 меншікті капитал жеткіліктілігі


12*

Бір қарыз алушының микроқаржы ұйымының алдындағы жиынтық берешегі (ұйымның балансы есептен шығарылғанды қоса алғанда)


13*

Лондондық қымбат металлдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткiзiлiм" ("London good delivery") стандарты ретiнде белгiленген тазартылған қымбат металлдары түрінде қарыз алушының қамтамасыз етуі


14*

Standard & Рооr's агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері түрінде қарыз алушының қамтамасыз етуі


15*

k2 бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері


16

Халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелерді қоспағанда, микроқаржы ұйымының жиынтық міндеттемелері


17

k3 жиынтық міндеттемелердің ең жоғары лимитінің коэффициенті


18

Микроқаржы ұйымының микрокредиттерінің жиынтық мөлшері



      Бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)

      ______________________________________________ _____________________

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      Бас бухгалтер ______________________________________ _______________

      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

      Орындаушы: ________________________ _______ ______________________

      (лауазымы, тегі және аты) (қолы) (телефон нөмірі)

      Есепке қол қойылған күн 20_____ жылғы "____" ______________________

      Мөрдің орны

      * 12, 13, 14 және 15-жолдар бойынша микроқаржы ұйымы алдындағы ең көп жиынтық берешегі бар қарыз алушы бойынша ақпарат беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады