Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 82/10-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 751 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 152/18-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2013 № 152/18-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Н. Мещеряков

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы 21 қарашадағы
№ 82/10-V шешіміне   
қосымша        

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай
Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
біржолғы әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек) Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
      2. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
      3. Әлеуметтік көмек «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) болып табылатын «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес және қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде ұсынылады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек төлеу тәртібі

      4. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай (1 желтоқсан) азық-түлік жиынтығы түрінде және ақшалай төлем түрінде ұсынылады.
      5. Әлеуметтік көмек 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және мемлекеттік жәрдемақы алушылар ішінен жиынтық табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) азық-түлік жиынтығы түрінде ұсынылады.
      6. Ереже шеңберінде азық-түлік жиынтығы:
      картоп - 50 килограмм;
      күріш - 25 килограмм;
      қант - 5 килограмм;
      күнбағыс майы - 5 литр құрайды.
      7. Азық-түлік жиынтығын сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік Сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына:
      20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      10 000 (он мың) теңге мөлшерінде - жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде алты ай тылда жұмыс істеген (қызмет атқарған) және бұрынғы КСР Одағының ерең еңбегі үшін ордендерімен және медальдерімен наградталмаған адамдарға;
      жергілікті әуе қорғанысының объектілерді өзін-өзі қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан адамдардың жесірлеріне, екінші рет некеге тұрмаған Ленинград қаласының госпитальдері мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердің жесірлеріне;
      қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне);
      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 9-бабы 1-тармағымен олардың мәртебесі белгіленген қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне;
      жалғыз ата-анасынан немесе ата-анасының екеуінен айырылған жетім балаларға;
      төрт және одан да көп 18 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы отбасыларға беріледі.
      9. Әлеуметтік көмектің сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Астана қаласының екінші деңгейдегі банктер бөлімшелері арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады