Степногорск қаласы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № А-4/177 қаулысы. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 мамырда № 1-2-164 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 03-45ш/2838 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 05.11.2014 № 03-45ш/2838 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекiтiлген, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 341 қорытындысы негiзiнде Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Степногорск қаласы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары О.В.Робертке жүктелсiн.
      3. Қала әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет Департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Степногорск қаласының әкімі                А.Никишов

Степногорск қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 2 мамырдағы
№ А-4/177 қаулысына
қосымша

Степногорск қаласы бойынша 2012 жылға арналған
субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің
ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы
басым дақылдарының әрбір түрі бойынша
егіс жүргізудің оңтайлы мерзiмдерi


р/р

Субсидияланатын басым
ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлерi

Ауыл шаруашылығы
басым
дақылдарының
оңтайлы себу
мерзiмдерi

Субсидия
алушылардың
тізіміне
қосуға
өтiнiмдер
тапсыру
мерзiмi

1

Орташа кеш жаздық
бидай

15 мамырдан
27 мамырға дейiн

28 мамырға
дейiн

2

Орташа піскен жаздық
бидай

17 мамырдан
29 мамырға дейін

30 мамырға
дейін

3

Орташа ертерек жаздық бидай

20 мамырдан
31 мамырға дейiн

1 маусымға
дейiн

4

Жаздық арпа

27 мамырдан
3 маусымға дейiн

4 маусымға
дейiн

5

Сұлы

27 мамырдан
3 маусымға дейiн

4 маусымға
дейiн

6

Картоп

12 мамырдан
25 мамырға дейiн

26 мамырға
дейiн

7

Ашық топырақтағы
көкөнiстер

1 маусымнан
15 маусымға дейiн

16 маусымға
дейiн

8

Біржылдық шөптер

20 мамырдан
25 мамырға дейін

26 мамырға
дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады