Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 "Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 5С-4/4 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 22 мамырда № 1-2-165 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 31 қазандағы № 5С-10/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012.10.31 № 5С-10/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 «Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-2-106 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпанда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген шешімімен бекітілген, Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
      1 тармақта:
      бірінші бөлімдегі екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
      "жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға";
      үшінші бөлім жаңа редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үй көмегі, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған абоненттік төлемақының өсуіне байланысты бөлігіндегі телефон үшін байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шектелген мөлшер және шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады»;
      төртінші бөлім жаңа редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 12 пайыз мөлшерінде белгіленеді»;
      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «5. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесінің немесе жалға алушының (қосымша жалға алушының) өтініші мен қоса берілген құжаттардың негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) тұрақты мекенжайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекенжайының анықтамасы немесе селолық және ауылдық әкімдердің анықтамасы);
      4) отбасы мүшелерінің табысын растайтын құжаттар;
      5) отбасы мүшелерінің қызметі туралы мәліметтер (мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі, оқу орнынан анықтама, еңбек шарты);
      6) өткен тоқсандағы коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 5 тармақта 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған мақсатты жарнаның мөлшерi туралы шот;
      2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалға алушылардың (қосымша жалға алушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектінің ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.
      Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының өсуіне байланысты бөлігінде байланыс қызметтерінің төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 5 тармақтағы 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсету шартының көшірмесі.
      Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 5 тармақтағы 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа жергілікті атқарушы орган ұсынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемінің мөлшері туралы шотты ұсынады.
      Құжаттардың көшірмесін салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасымен қоса ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
      Қайта өтініш берген кезде 5 тармақтың 1),2),3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар өзгеріс туындаған жағдайда ұсынылады»;
      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «6.Өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді шығарады.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінген кезде тікелей өзі баруы немесе пошталық хабарлама арқылы»;
      келесі мазмұндағы 6-1 тармағымен толықтырылсын:
      «6-1. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының осы мақсаттарға белгілеген 12 пайыз шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;
      9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «9. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері бойынша Агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептеледі».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы                          А.Агеев

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      Степногорск қаласының әкімі               А.Никишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады