Ақкөл ауданы бойынша 2012 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № А-5/187 қаулысы. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 8 мамырда № 1-3-181 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 3-8-1/И-1033 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 05.11.2014 № 3-8-1/И-1033 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 332 нұсқауының негізінде, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақкөл ауданы бойынша 2012 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері, қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Кривицкийге жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Р.Әкімов

Ақкөл ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 2 мамыр
№ А-5/187 қаулысына
қосымша

Ақкөл ауданы бойынша 2012 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

р/с

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері

1

Орташа кеш жаздық бидай

14 мамырдан 27 мамырға дейін

27 мамырға дейін қоса есептегенде

2

Орташа піскен жаздық бидай

16 мамырдан 29 мамырға дейін

29 мамырға дейін қоса есептегенде

3

Орташа ерте жаздық бидай

18 мамырдан 31 мамырға дейін

31 мамырға дейін қоса есептегенде

4

Жаздық арпа, сұлы

27 мамырдан 5 маусымға дейін

5 маусымға дейін қоса есептегенде

5

Асбұршақ

15 мамырдан 27 мамырға дейін

27 мамырға дейін қоса есептегенде

6

Жасымық

20 мамырдан 30 мамырға дейін

30 мамырға дейін қоса есептегенде

7

Қарақұмық

25 мамырдан 3 маусымға дейін

3 маусымға дейін қоса есептегенде

8

Күнбағыс

10 мамырдан 20 мамырға дейін

20 мамырға дейін қоса есептегенде

9

Бір жылдық шөптер

17 мамырдан 25 мамырға дейін

25 мамырға дейін қоса есептегенде

10

Сүрлемге жүгері

17 мамырдан 25 мамырға дейін

25 мамырға дейін қоса есептегенде

11

Көпжылдық дәнді және бұршақ шөптердің көктемгі егісі

10 мамырдан 17 мамырға дейін

17 мамырға дейін қоса есептегенде


Картоп

10 мамырдан 25 мамырға дейін

25 мамырға дейін қоса есептегенде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады