Жарқайың аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/6 "Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 2 қарашадағы № 5С-11/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 қарашада № 3491 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 наурыздағы № 5С-16/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 04.03.2013. № 5С-16/3 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/6 Жарқайың аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-164 болып тіркелген, 2012 жылғы 6 сәуірде «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы»;
      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына бір рет 3,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.»
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       В.Виничук

      Аудандық мәслихат
      хатшысының м.а.                            В.Камышанский

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Жарқайың ауданының әкімі                   Т.Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады