Зеренді ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 281 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 мамырда 1-14-182 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімі аппараты басшысының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 641 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімі аппараты басшысының 14.06.2013 № 641 хатымен).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 303 қорытындысының негізінде, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеренді ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әр бір түрі бойынша егудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Маржықпаев

Зеренді ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 2 мамырдағы 
№ 281 қаулысына     
қосымша         

Зеренді ауданы бойынша 2012 жылға арналған
субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі
және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының
әрбір түрі бойынша егудің оңтайлы мерзімдері


р/р

Субсидияланатын
ауыл шаруашылық басым
дақылдарының атаулары

Ауыл шаруашылық
дақылдарын егудің
оңтайлы
мерзімдері

Субсидия алушылар
тізіміне қосуға
төтінім ұсыну
мерзімдері

1

Жаздық бидай

11 мамырдан
27 мамырға дейін

28 мамырға дейін

2

Арпа

27 мамырдан
5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

3

Сұлы

27 мамырдан
5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

4

Қарақұмық

25 мамырдан
4 маусымға дейін

5 маусымға дейін

5

Дәнбұршақтылар

15 мамырдан
27 мамырға дейін

28 мамырға дейін

6

Майлылар

15 мамырдан
28 мамырға дейін

29 мамырға дейін

7

Картоп

11 мамырдан
29 мамырға дейін

30 мамырға дейін

8

Көкөністер

11 мамырдан
16 маусымға дейін

17 маусымға дейін

9

Азықтықтар
(бір жылдық шөптер,
ағымдағы жылдың
көпжылдық шөптері)

11 мамырдан
17 мамырға дейін

18 мамырға дейін

10

Азықтықтар
(шабындық және
жайылымдық жерлерді
шалғындандыру үшін
себілген, ағымдағы
жылдың көпжылдық
шөптері)

11 мамырдан
17 мамырға дейін

18 мамырға дейін

11

Сүрлемдік жүгері
және күнбағыс

17 мамырдан
25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

12

Жабық топырақ
көкөністері

11 маусымнан
15 маусымға дейін

16 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады