Кемпірсай ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 8 тамызда № 3-6-147 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерді, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдықі" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылдық округі әкімінің 18.08.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындардың аупікірін ескере отырып, Кемпірсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылдық округі әкімінің 15.05.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

      1. Кемпірсай ауылдық округіне қарасты елді мекендер - Жосалы ауылы, Кемпірсай ауылы, Қарабұтақ ауылы көшелеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес атау берілсін.

      Ескерту. 1 тармаққа қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылдық округі әкімінің 15.05.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды ауылдық округ әкім аппаратының бас маманы А.Байкеноваға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кемпірсай ауылдық
      округінің әкімі М. Арыстанов

  Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 2 шешіміне қосымша

      Ескерту. Шешімнің қазақ тіліндегі қосымшасының мәтіні бойынша "селосы" сөзі "ауылы" сөзімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылдық округі әкімінің 15.05.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

Жосалы ауылы

      № 1 көшеге – Еңбекшілер атауы;

      № 2 көшеге - Тың жер атауы;

      № 3 көшеге - Самал атауы;

      № 4 көшеге - Жаңа қоныс атауы;

      № 5 көшеге - Жағалау атауы;

      № 6 көшеге - Жасыл атауы;

      № 7 көшеге - Бұлақ атауы;

      № 8 көшеге - Бауырластар атауы;

      № 9 көшеге - Мектеп атауы;

      № 10 көшеге - Тәуелсіздік атауы.

Кемпірсай ауылы

      № 1 көшеге - Орталық атауы.

Қарабұтақ ауылы

      № 1 көшеге - Амангелді Иманов атауы;

      № 2 көшеге - Ыбырай Алтынсарин атауы;

      № 3 көшеге - Жоныс Үкібаев атауы;

      № 4 көшеге - Юрий Гагарин атауы.

      Кемпірсай ауылдық
округінің әкімі
М. Арыстанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады