Бадамша ауылының көшелері мен тұйықтарын атау және қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 маусымда № 3-6-140 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерді, атауына және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округінің әкімінің 06.11.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бадамша ауылының көшелері мен тұйықтарына төмендегі атаулар берілсін:
      Горняктар көшесі;
      Қазақстан көшесі;
      Ә. Молдағұлова көшесі;
      Г. Карюк көшесі;
      Әйтеке би көшесі;
      Әбілқайыр хан көшесі;
      А. Пушкин көшесі;
      А. Байтұрсынов көшесі;
      Еңбекшілер көшесі;
      Желтоқсан көшесі;
      Геологтар көшесі;
      М. Цибульчик көшесі;
      М. Әуезов көшесі;
      Ш. Уәлиханов көшесі;
      В. Пацаев көшесі;
      Есет батыр көшесі;
      Жамбыл көшесі;
      Қ. Сәтпаев көшесі;
      Д. Қонаев көшесі;
      Ә. Жангилдин көшесі;
      Абай тұйығы;
      А. Иманов тұйығы;
      Ш. Қалдаяков көшесі;
      С. Торайғыров көшесі.
      2. Бадамша ауылының келесі көшелері мен тұйықтары қайта аталсын:
      "Ф.Дзержинский" көшесін "Астана" көшесіне;
      "Клубный" тұйығын "М.Оспанов" атындағы тұйығына;
      "Заводской" тұйығын "Ы.Алтынсарин" атындағы тұйығына;
      "Молодежный" тұйығын "Жастар" тұйығына;
      "Квартальный" тұйығын "М.Жұмабаев" атындағы тұйығына;
      "25 лет Казахстана" тұйығын "Тәуелсіздікке 20 жыл" тұйығына;
      "Больничный" тұйығын "Т.Рысқұлов" атындағы тұйығына;
      "Первомайский" тұйығын "Ш.Құдайбердіұлы" атындағы тұйығына;
      "Северная" көшесін "С.Сейфуллин" атындағы көшесіне;
      "Урожайная" көшесін "А.Бөкейханов" атындағы көшесіне;
      "Совхозная" көшесін "Б.Момышұлы" атындағы көшесіне;
      "Целинная" көшесін "Тың" көшесіне;
      "Первомайская" көшесін "С.Мұқанов" атындағы көшесіне;
      "Строительная" көшесін "Ж.Аймаутов" атындағы көшесіне;
      "Железнодорожная" көшесін "Б.Майлин" атындағы көшесіне;
      "Победы" көшесін "Жеңіс" көшесіне;
      "Степная" көшесін "Ғ.Мүсірепов" атындағы көшесіне;
      Постышев көшесін "Егемендік" атындағы көшесіне;
      Жамбыл тұйығы "Достық" атындағы тұйығына;
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Бадамша ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Г.Саринаға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бадамша ауылдық
      округінің әкімі Ж. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады