Бестау ауылдық округінің жер телімдерінің шекарасын өзгерту туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 21 шешімі және Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 5 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 мамырда № 3-7-145 тіркелді

     Ескерту. Бірлескен шешімінің және қаулысының орыс тілдегі атауында және бүкіл мәтін бойынша «Кобдинского», «Кобдинский», «аульного» деген сөздер тиісінше «Хобдинского», «Хобдинский», «сельского» деген сөздерімен ауыстырылды - бірлескен Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 174 шешімімен және Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 23.12.2014 № 284 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 631 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3 тармақшасына сәйкес және Бестау ауылдық округінің басқару органының пікірін ескере отырып, Қобда аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бестау ауылдық округінің жер телімдерінің шекаралары оның шегіне қордағы жерден 350 гектар жер учаскесін енгізу арқылы, қосымша жалғанған схемалық картаға сәйкес өзгертілсін.
      2. Осы әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі
      Аудандық мәслихаттың хатшысы
      Аудандық мәслихаттың сессия төрайымы

А. ЖҮСІБАЛИЕВ
Л. ИСМАҒАМБЕТОВА
 
Г. БАЛГАРИНА

     РҚАО ескерту. Кестені қағаз мәтінен қараңыз.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады