Қобда аудандық әкімдігінің және Қобда аудандық мәслихатының кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 174 шешімі және Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 284 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 4178 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқарлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Қобда аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қобда аудандық әкімдігінің және Қобда аудандық мәслихатының кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдеріне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

А.Жүсібалиев

      Аудандық мәслихат хатшысы

Л.Исмагамбетова

      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы

М.Шарипов


Қобда аудандық әкімдігінің
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 284 және Қобда аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
23 желтоқсандағы № 174
бірлескен шешіміне қосымша

Қобда аудандық әкімдігінің және Қобда аудандық мәслихатының кейбір бірлескен қаулылар мен шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1) Қобда аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 229 және Қобда аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 3 "Жарық, Жиренқопа, Исатай, Құрсай, Сарбұлақ және Сөгәлі ауылдық округтерінің жер телімдерінің шекарасын (шегін) және өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3-7-130 санымен тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешімінде:
      мемлекеттік тіліндегі атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Жарық, Жиренқопа, Исатай, Құрсай, Сарбұлақ және Сөгәлі ауылдық округтерінің жер телімдерінің шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы";
      1 тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Қобда ауданының Жарық, Жиренқопа, Исатай, Құрсай, Сарбұлақ және Сөгәлі ауылдық округтерінің жер телімдерінің шекарасы (шегі) өзгертілсін және белгіленсін";
      орыс тіліндегі атауы мен мәтінінде "Кобдинского", "Кобдинский", "аульных" сөздері "Хобдинского", "Хобдинский", "сельских" сөздерімен ауыстырылсын.
      2) Қобда аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 22 және Қобда аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 7 "Бегалы ауылдық округі Калиновка ауылының жер телімдерінің шекарасын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3-7-144 санымен тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешімінде:
      орыс тіліндегі атауы мен мәтінінде "Кобдинского", "Кобдинский", "аульного" сөздері "Хобдинского", "Хобдинский", "сельского" сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі атауы мен мәтіні өзгермейді.
      3) Қобда аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 21 және Қобда аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 5 "Бестау ауылдық округінің жер телімдерінің шекарасын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3-7-145 санымен тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда аудандық "Қобда" жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешімінде:
      орыс тіліндегі атауы мен мәтінінде "Кобдинского", "Кобдинский", "аульного" сөздері "Хобдинского", "Хобдинский", "сельского" сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі атауы мен мәтіні өзгермейді.
      4) Қобда аудандық мәслихатының № 20 және Қобда аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 6 "Өтек ауылдық округінің жер телімдерінің шекарасын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3-7-146 санымен тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешімінде:
      орыс тіліндегі атауы мен мәтінінде "Кобдинского", "Кобдинский", "аульного" сөздері "Хобдинского", "Хобдинский", "сельского" сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі атауы мен мәтіні өзгермейді.
      5) Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 32 және Қобда аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 8 "Жиренкопа ауыл округінің жер телімдерінің шекарасын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3-7-149 санымен тіркелген, 2012 жылғы 02 тамызда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешімінде:
      орыс тіліндегі атауы мен мәтінінде "Кобдинского", "Кобдинский", "аульного" сөздері "Хобдинского", "Хобдинский", "сельского" сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі атауы мен мәтіні өзгермейді;
      6. Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 және Қобда аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 9 "Жанаталап ауыл округінің жер телімдерінің шекарасын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3423 санымен тіркелген, 2012 жылғы 25 қазанда аудандық "Қобда" газетінде) бірлескен қаулысы мен шешімінде:
      орыс тіліндегі атауы мен мәтінінде "Кобдинского", "Кобдинский", "аульного" сөздері "Хобдинского", "Хобдинский", "сельского" сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі атауы мен мәтіні өзгермейді.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады