Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 21 ақпанда № 3-8-148 тіркелді. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 128 хатымен

       Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2013.01.16 № 128 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қаулысының 23 тармақтарына және жоғарыда бекітілген Ереженің 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мәртөк ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012.04.27 № 18 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі, кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 % -ы мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012.04.27 № 18 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                    Аудандық мәслихат
    сессиясының төрайымы                       хатшысы

        Н. Құрамысова                        А. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады